Әлемдік саяси ойдың даму тарихы жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті: «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы: «Менеджмент және басқару»

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

Орындаған: Оспанова Аружан

Тексерген: Іңкәрбаев Есенай Тұрғанбайұлы


Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды. Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне замандағы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер, үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер) жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар, олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар арасындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын діни идеологияға апарып таңып қойды. Көне Египетте халық биліктің қайнар көзі деп құдайлар мен фараондарды қабылдады. Сондықтан да Египеттегі биліктің өзі фараондар салдырған пирамидаға ұқсас болды. Пирамида басында құдайлар мен фараондар, яғни пирамиданың шыңы, ал пирамиданың табаны (негізі) - халық, ортасы - абыздар мен ақсүйектер деп түсінді. Ал осы тәртіпті бұзған жағдайда адамдар құдайдың қарғысына қалады, ақырзаман болады деп түсінді. Осыдан барып олар қоғамдағы қалыптасқан жағдайды, тәртіпті сақтап қалу үшін әр түрлі заңдар жинағын жариялады. Сондай заңдардың ең көнесі ретінде ежелгі вавилондағы Хамурапи (б. э. д. 1782-1750 жж. ) патшаның заңдарын айтуға болады. Заңның кіріспе бөлімінде «осы заң сендерге әділеттілік үшін жіберілген» деп көрсетіледі. Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен көне ескерткіштердің бірі - ертедегі арийлер туралы мәліметтер сақталған «Ригведа». Бұл құнды деректе олардың қоғамдық өмірі түгел сипатталады.

Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б. э. д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала - мемлекеттер - полистер ретінде пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағынан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды. Мемлекет басқару формасында қала полистер арасында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталастыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында) . Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ойшылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті. Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін саралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз. Алғашқы кезең - (б. э. д IX-VI ғғ. ) ол көне грек мемлекеттерінің қалыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең - (б. э. д. V-IV ғғ. ) грек философиясының өркендеуі мен саясиқұқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді. Үшінші кезең - эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.

Мұсылман-араб әлеміндегі құқықтық-саяси ілімдердің дамуы рулық-тайпалық қатынастардың әлсіреп, феодалдық қатынастардың қалыптаса бастаған VII-X ғасырлар аралығына тура келеді. Мұсылмандық саяси-құқықтың қалыптасуы мен дамуына қасиетті Құран (араб тілінен аударғанда - «есітіп оқу», «тақпақтата дауыстап оқу», «мәнерлеп оқу») және Сунна (араб тілінен аударғанда - әдет-ғұрып, үлгі-өнеге) ерекше әсер етті. Көп құдайлықтан бас тартқан арабтар исламды басты дін тұтып, бір ислам идеологиясы аясына топтасып, күшті мемлекет - халифат орнатты. Ислам халифатын орнатуда Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) мемлекет қайраткері, ірі саяси реформатор ретінде орны ерекше. Мұсылмандық құқықтық-саяси теориядағы басты мәселе - мұсылмандық билік пен басқарудың арнайы халифаттық түрі болды. Мұсылмандық Шығыстың саяси-құқықтық ойының басты тақырыптарының бірі - ізгілікті қала мен адаба (жетілген адам) мәселесі болып табылады. Ізгілікті қала мәселесінің негізі әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның саяси теорияларында қаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Әлемдік саяси ойдың дамуы
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы жөнінде
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Ертедегі грек тарихшылары
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Философияның даму тарихы
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Ежелгі Шығыс тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz