Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі


Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.
Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде Қазақстанның ғылыми дамуы едәуір өсті, дамыды. Ең алдымен дамуына көшіріліп әкелінген ірі ғылыми мекемелер мен білікті, білімді ғалымдардың республикада уақытша тұруымен байланысты болды. КСРО ғылым академиясы Қазфилиалының жеті жаңа институты құрылды. Соғыс жылдарында жоғары оқу орындарының 130 ға тарта оқытушысы ғылым кандидаты, ғылым докторы сынды ғылыми дәрежелер иеленді. Қазфилиал 350 ден астам экспедициялық топтар ұйымдастырды, олар Қазақстанның табиғи байлықтарын майдан мұқтаждықтарымен қамтамасыз ету үшін зерттеп, өз үлестерін қосты. Майдан қажетіне керекті сирек металдарды зерттеуге Қаныш Имантайұлы Сәтпаев көптеген еңбек сіңірді. 1942 жылы Жезқазған мыс кен орындарын зерттеуге қосқан еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық берілді. Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясының жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөнінде комиссияда»құрылды. Комиссияның құрамында В. Л. Комаров, В. К. Обручев және А. А. Байков сынды ғалымдар болды. Академик А. С. Орлов соғыс жылдарында орыс-қазақ тілінде сөздік құрастырып, «Батырлар жыры»атты еңбегін жазды. Алматыға майдан өңірінен 20 ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді.
Мәдениетте тоқтаусыз даму үстінде болды. Өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетіп, мыңнан астам майдан шебінде концерттер берілді.
Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
Қазақстан -лагерьлердің негізі өлкесі болды. 30 -жылдардың өзінде -ақ жазықсыз жазаланушылар мен саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналған. КСРО ХКК-ның 1930 жылдың мамыр айындағы «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру»туралы қаулысы қабылданды. Түзету лагерлерінің ішіндегі ең ірісі -Қарағанды лагерьлер жүйесі, қысқаша айтқанда Қарлаг болды.
Қарлаг- Қазақстанның Қарағанды облысындағы ГУЛАГ-тың ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі болды. 1931ші жылдың 19 шы желтоқсанында ұйымдастырылып, Қарағандыдан 45км жердегі Долинка ауылында орналастырылған. 1940 жылы оның аумағы:1 780 650 гектарды құрады. Бұл жерге 1931 жылдан бастап Пенза, Орлов т. б. облыстарында тұрған кедей шаруаларды тұтқынға ала бастады. Алғашқы тұтқындарын Ақмоладан(Қазіргі Нұр-Сұлтан) Қарағанды қаласына дейін жол салуға жіберілді. 1931 жылдың мамыр айында темір жол құрылысы аяқталды.
Қарлагтың жан-жағы 200-400 шақырым радиуста биік қоршаулармен оқшауланған. Көшпелі сот алқасы болған, әрі айыпты саналған адамдарды қазылған шұңқыр алдына қойып, атып тастап отырған. Атып тасталған адамдарды «Қайтыс болды»деген грифі бар тізімге енгізіп отырған. Бұл лагерьдің шаруашылығы өте тез қарқынмен өркендеп отырды. Өйткені, Қарлагтың тұтқындары әлемге танымал ғалымдар, саясат өкілдері, әскери қолбасшылар болған. Шамамен 1 миллионға жуық адам бұл лагерь азаптарын бастан кешірген. Қарлаг лагері 1959 жылдың 27 ші шілдесінде таратылды.
Алжир
Бір жастан үш жасқа дейінгі балалы әйелдердің алғашқы легі Ақмолаға 1938 жылдың 6 қаңтарында Алжир лагеріне келген.
Бұл лагерь -«Отанын сатқандардың Ақмола лагері»-яғни, «Отанын сатқандардың отбасы мүшелеріне арналған лагерь» деп аталған. Бұл жерде 20 мыңнан астам әйелдер этап бойынша өткен, ал 8мыңға жуық әйел «қоңыраудан-қоңырауға» дейінгі мерзімдерін өтеп шыққан. Негізінен олардың есімдері Одақ көлемінде кеңінен танымал:Әзиза Рысқұлова мен оның анасы Әрипа Есенғұлова, Рабиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова, Дәмеш Жүргенова, жазушы Галина Серебрякова т. б. сынды мемлекет, саясат және қоғамның қайраткерлерінің әйелі еді.
Лагерьде бала 3жасқа толды деген сөз, ана мен баланың соңғы бірге өткізген күндері саналатын. Лагерь қабырғасында дүниеге келген балалардың толық саны мен деректері жоқ. Алайда, шамамен 1507 бала дүниеге келген деп есептелінеді. 3 жасқа толған бойда оларды әрбір балалар үйіне жөнелтетін болған. Бұл анасы баласын, бала бауырын ата- тегін білмесін деген ішкі оймен жасалған қастандықтардың бірі болған. Лагерьдегі әйелдер санының көбеюі, жаңа барақтардың салынуына әкелді. Барақтар ішіне сәкілер орнатты. Ағаш тақтайдан жасалған сәкілерге матрац орнына шөптер төселді. Барақты жылыту үшін қамыс орып, отын орнына сол пайдаланылды. Жылуы жоқ қамыс, 6-8 градус көлемінде ғана жылытатын. Суық пен аяздан, ас су аздығынан лагерьде өлім өте көп тіркелді. Орталық Азия елдерінің түкпір-түкпірінен вагондарға толтыра тиеп әкелінген әйелдер саны 1500-ден асып жығылған. Солайша 1937 мен Сталин қайтыс болғаннан 1953 жылға дейін осы бір азап лагеріне 18 мыңнан аса әйел қамалған екен.
2007 жылы бұрынғы лагерь аумағында "АЛЖИР" мемориалдық музей кешені ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz