Орталық Азия ның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің мәдени мұрасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орталық Азия ның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің мәдени мұрасы.

1 . Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. б. з. б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы арқылы тауарлармен қатар ортағасырлық өнер: сәулет, мәдениет, әуен мен би өнері, көркем қойылымдар да жан-жаққа таралған.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») - Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ал оның Қазақстанды кесіп өтетін жері Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері ккөтерілді.

2 . Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т. с. с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады.

Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. Бұрын түрік қағандары елшілерді тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.

Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.

Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.

3 . Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі, еңбегі, қоғамдағы орны ерекше. Әлемнің «Екінші ұстазы» деп тегіннен-тегін аталмаған. Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген . Ғалымның қанша жыл өтсе де өз құнын жоймаған пікірі әлі де қоғамда маңызды рөл атқарады. Ол Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб деп атаған.

Осы уақытқа дейін мәдениет пен ғылымның белгілі тарихшылары әл-Фарабидің астрономия, музыка теориясы, әлеуметтану мен этика, математика, психология, таным философиясы мен құқыққа қызығушылықтарынан жазып қалдырған ойларын тамсана, ерекше тұлға екенін жарыса жазады.

Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады.

Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады. Ол адам өмірінің дұрыс жолға түсіп, сәттілікке айналуын, ақыл-парасаты арқылы білімдерін дұрыс пайдаланып, пайымдауының негізінде үлкен жетістікке жететіндігін дәлелдейді.

Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы - рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.

Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті.

4 . Қарахан мемлекеті IX ғасырдың екінші жартысынан XIII ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет . Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан . Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген.

Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ болады, ол өлгеннен кейін оның баласы Мұсаислам дінін қабылдайды. Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Археол. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтаған. Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді.

5 . Қарахан әулеті билік құрған түста мәдени өрлеу процесі орын алды. Бұл, әсіресе Ортағасырлық Қазақстанға ислам дінінің енуі мен араб- мұсылман мәдениетінің таралуымен байланысты болған.

Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан теңге шығара алды.

Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көш-пелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы орында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Алдыңғы Азия халықтарының материалдық мәдениеті мен отбасы этнографиясы
Көне түркілердің жазба мәдениеті
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түркілердің сенім негіздері
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz