Қазіргі таңдағы құқықтың түсінігі


1. Қазіргі таңдағы құқықтың түсінігі.
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ процесс болып табылады. Қоғамдық сананың түбегейлі өзгертілуі қажет. Ал мемлекеттік билік қоғамның қауіпсіздігін қатамасыз етуге, тұлғаның еркіндіктері мен құқықтарын қорғауға бет бұруы керек. Құқықтық мемлекет бүгінгі таңда жалпы адамдық құндылықтардың ең елеулілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет дегеніміз адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етудің тиімді әдістік институты, бюрократиямен, мемлекет озбырлығымен күрес, айқын халықтық билікті қамтамасыз ету құралы.
Мемлекет озбырлыққа айналмас үшін оның билігін құқықтармен шектеу шарт. Құқықтық мемлекет - адам құқықығын бірінші кезекке қоятын билік, ол өз әрекеттеріне саналы түрде шектеулер қояды. Осы себептен құқықтық мемлекет идеясы барлық демократиялық күштермен идеал ретінде мойындалған. Әділдіктің адамгершілдік идеясының шынайы құқығына және басқа да ізгілік құндылықтарына сай болуы тиіс заңдардың сапасы мен түрі құқықтық мемлекеттің маңызды сипаты болып табылады. Заңдардың осы сипаттарға сай болуын қамтамасыз ету - ол құқық мәнін іздеу процесі, ол тұрақты және тоқтаусыз процесс.
Қоғамның мемлекеттік-құқықтық ұйымының мақсаты - араласпай, күш басымдығын көрсетпей, азғындық қылыққа итермелемей адамға ешкімге зиянын тигізбей әрекет етуге белгілі бір еркіндік кеңістігін кепіл ету, қоғамда рухани бастамаларды асқақтатуға сыртқы жағдайларды жасау және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік-құқықтық ықпал көмегімен қоғамды адамгершілік тұрғыда «сауықтыруға» болады.
Айта келе, осы жазылғандарды қазіргі тақырыбыммен байланыстырсам, қазіргі қоғамда құқықтың орны ерекше. Сәби шыр етіп өмірге келгеннен бастап табиғи құқығы өмір сүруге құқықғы бар. Ал заң жағынан ол сәби 1 жасқа дейін үкіметтен арнайы ақшалай көмек алуға құқылы. Заң қазіргі кезеңімізде өте керек. Ол мемлекетіміздің тыныштығын, өзге елдермен татулығын, адамдардың өзара түсініспеушілігін шешуге, жеке мүлікке иелік етуге де арналған да түрлі заңдар бар. Расымен бұл заңдар осындай талас - тарпысқа толы заманда тыныштықты реттеп отыру үшін нағыз керек құрал деп айта аламын.
2. Қоғамда құқықтың өзге әлеуметтік нормалар мен өзара әрекеттесуі мәселелері.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп(басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және
мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар
деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан
оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады. Ғалымдар құқықты
зерттегенде бір(екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым
жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік деді,
орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо құқық қоғамдық билік
деп түсіндірді
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың
еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік
тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш
тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайы және
мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары
имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да
жоғары болады.
Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын
қалыптастырады, мінез- құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-
жақты әсер етеді, мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық
жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы
бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал, құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;
құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі
құрал. Құқық -қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның
қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның мәдени-
рухани сипатына байланысты. К. Маркс Гота программасына сын деген
еңбегінде; Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған
сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес-деді.
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір
бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік
факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман
болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі-бірінші пікірге
қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп
түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Нигилизм қоғамда
қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа
шығарып мойындамау. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен
дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,
қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші
негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді [1] .
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене
отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысал, азаматтардың еңбек ету бостандығы,
білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Екіншіден,
құқық деген - құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.
Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай
делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,
соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері болып
табылады. Үшіншіден, құқық термині оқу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz