Естірту, көңіл айту жырлары
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Естірту,көңіл айту жырлары
Орындаған: Анарбай Аружан
Тобы:1701-10
Қабылдаған:Әбдіғаппар Ақмарал
Қазекең әрдайым ұлық үрдісті дәріптеп, әрқайсысын өз орнымен орынды пайдалана білген. Кез келген нәрсенің байыбына барып, шешендігімен ерекшеленіп отырған. Халқымызда ертеден бүгінге жеткен салт-дәстүрлердің түрі өте көп. Қуаныштысы өз алдына, қайғылы оқиғалардың да өзіндік жоралғысы болған. Соның бірі - естірту деп аталады.
Ол қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ежелде қазақ ауыр қайғы, оқиғаны жанашырларына тіке айтпай, тұспалдап жеткізіп отырған. Бүгінгі күннің өзінде біреудің туысы өмірден өтсе немесе жақыны қайғылы оқиғаға душар болса, ең әуелі айналасындағы көрші-көлемге хабар береді. Ауыл ақсақалдары басқосып, сол үйге барып, әңгімені алыстан орағытып, астарлап отырып айтады.
Бұл дәстүрге қазақ берген мысал да жетерлік. Қатын өлді, қамшы сынды деп Қарашаш сұлудың қазасын Жиреншеге естірту, бертін келе естіртудің үздік үлгісі ретінде Үмбетей жыраудың: Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай?, бұл қалайдан сескеніп, сөзімді қойма тыңдамай деп басталатын атақты Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту жырын айтуға болады. Оған қоса Қазбасты шешеннің Байшуақ өлгенде баласы Байғараға: Алыстан арыстан құласа, жан беруші бар ма екен? Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен? деп сұраулай естіртуде өзіндік асқан шешендікпен жеткізудің белгісі. Сонымен қатар Абыл Тілеуұлы ақынның Сүйінқараның қазасын өлеңді толғау арқылы естіртуі де шеберлікпен өлеңмен жеткізілген. Мұнан бөлек бабаларымыз Келдібек Жандосұлы Шоқан өлімін Шыңғысқа: Ұлы өлмеген руда жоқ, қызы өлмеген пенде жоқ. Аққу ұшып көлге кетті, дуадақ ұшып шөлге кетті. Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді, оны иесі өзі әкетті. Шоқан деген балаңыз бәріміз баратын жерге кетті дейтін тамаша үлгімен айтқан.
Адам өлімі ауыр жағдай әрине. Тумақ болған соң, өлмек парыз демекші оны естіртудің өзі қазақ үшін ерекше салмақ. Оны кез келген адам жеңіл-желпі жеткізуге болмайдықтан, марқұмның жақындарына ауыр тимес үшін арнайылап, өзгеше естіртеді. Жоғарыда сөз еткендей оның өзін аузы дуалы, елге сыйлы жасы үлкен адамдар айтады. Үйге кірісімен өздерін салмақты ұстап, дауысын жай шығарып, амандық сұрасқаннан соң сөз басын бекем болыңыз деп бастап, болған мән-жайды баяндап береді.
Кей кездері ауыр жағдай орын алғаннан кейін шыдамсыздық танытып, ауылды басына көтеріп, шу шығаратындар табылады. Бірақ қазақ түсінігінде ауылға қарай шабуға рұқсат жоқ. Өйткені бұл жаман ырым болып саналады. Шын мәнісінде қаза туралы суық сөзді жеткізетін қара жаушы ғана шауып келеді. Байырғы шапқыншылық жиі болып тұратын кезеңде ер адам шайқаста қаза тапса, сарбаздар тобы ой бауырымдап шауып келіп, марқұмның киіз үйінің босағасын найзамен түйреп, қылышпен шапқан.
Ата-бабалар бұрындары қайғылы хабарды саз аспаптарымен де естірткен. Жошы баласы аңға шығып, ұзақ уақыт қайтпаған соң Жошы ханның көңілі күпті болып, бір жаман жағдайдың болғанын іші сезе бастайды. Осыдан соң хан Кімде-кім ұлымның қаза болғаны туралы қаралы хабарды жеткізсе, соның тамағына балқытылған қорғасын құямын деп жария етеді. Мұны естіген жұртшылық арасында ханның ұлын құлан тұяғымен теуіп өлтіргенін хабарлауға ешкімнің дәті жетпейді. Біршама уақыттан соң сарайға бір домбырашы келіп жағдайды ханға Ақсақ құлан күйімен жеткізеді. Соңына дейін тыңдаған Жошы барлығын түсініп, ашуға булығып, Ұлым қаза тапқан екен деп күңіренеді. Өзі айтқандай адам баласының тамағына қорғасын құя алмаған хан, мұны жеткізген домбыраға қорғасын құяды.
Байқасаңыз мұның өзі қазақтың аса көрегенділікпен шешім қабылдағаны. Естіртудің ебін тауып, қиын жағдайдан шығудың жолын білгені. Осыдан соң Ақсақ құлан күйі елге тарап, естіген жұрт ауыр жағдайдың болғанын сезіп отырған. Әйтсе де бертін келе бұл өткеннің еншісінде қалып, тарихтың тың беттеріне жазылды. Осы сынды бұрынғы уақытта қазаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz