Онтология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Онтология
Орындаған: Анарбай Аружан
Тобы:1701-10
Қабылдаған: Арынғазиева Баян
Онтология
Негізгі сұрақтар:
1. Болмыс түсінігі
2. Материя категориясы. Материяның атрибуттары мен модустары
3. Сана, оның құрылымы

1. Онтология - болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы дүниенің негізі не? деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі - "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория. Бар нәрселердің бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Бұдан ұғынатынымыз болмыс болмыссыздыққа ауысып жататындығы. Бабаларымыз дүниені жалған деп атауы, үнділердің Ұлы сағым - Мая, ал Гегельдің жоғала бастаған болмыс, немесе Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу - дегенінен ұғатынымыз, дүниенің өзгергіштігі, екінші жағынан қанша өзерісе де -өмір сүріп қала беретіндігі.
Болмыс ұғымына қарсы ұғым - болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ. бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін - ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені - түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс - адам жан дүниесі мен санасы;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі.
Болмыс категориясы-философиялық ойлаудың негізі. Онымен адам осы өмірдің, адамның орнын, заттар мен процестердің тіршілігін айқындап бере алады.
Болмыс-бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс-таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз-табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, яғни материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық дегеніміз-адамның, оның санасының, руханилығының психикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтология мәселелері
Болмыс формалары
Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Философия пәні
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
RDF моделінің синтаксисі
Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік
Əлеуметтік болмыс
Пәндер