Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттарына шолу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Описание: Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті: « Жоғары экономика және бизнес мектебі »

Мамандығы: Логистика К4

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттарына шолу

Орындаған: Сакенқызы Алуа

Тексерген:Кулиев И. У

Алматы, 2021ж

Экономикалық теорияда негізгі даму бағытының алатын орны ерекше. Өйткені бұл біз оқитын экономикалық теория пәнінің методологиялық кіріспесі болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, Бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және тағы да басқа маңызды мәселелер анықталады

Қазіргі замандағы адамдар, егер қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай да бір ғылым, білім болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының, әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Бұны толығымен экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.

Адамдар өмірі құбылмалы, қиын, жауапкершілігі мол, қарама-қайшылықтарға толы өмір. Бұл өмір экономикалық саясатты, мәдениетті және тағы да басқаны қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық даму туралы ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ежелгі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін; бағаның құны қандай, дүниені қалай молайтамыз, қалай байлық көбейеді деген сұрақтарды шешуге талаптанған.

Ксенофонт (Б. д. д. 430-354 ж. ж. ), Платон (Б. д. д. 427-347ж. ж. ), Аристотель (Б. д. д. 384-322 ж. ж. ) пайдалылық турлы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.

Көне Рим ойшыл-ғалымдары Сенека (4-65 д. д. ж. ж), Лукреций Кар (39-55д. д. ж. ж. ) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық құрылымының қалыптасуына ықпал еткен. Осы құрылымдар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. «Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін» деп, христиандық ойшылдар және уағызшылары жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған.

Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстары жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек XVI-XVII ғасырларды ғана қалыптаса бастады. Алғаш бұл теория «саяси экономия» деген атқа ие болды ( грекше «политейя»-қоғам, «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- заң) . Сонымен саяси экономия- қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVIIғасырдың басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі, адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі керек. Былайша айтқанда тұрмыс-тіршілікке, өмірге керекті азық-түлік, киім, тұрғын үй, отын, тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек. Осыған орай не өндіру, қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар адам баласының әрбір жасөспірім буындарының алдында тұрған маңызды көкейтесті міндеті болып саналды. Бұл міндеттен ешкімде де құтыла алмайды. Себебі өмір сүруі үшін өзіне керекті заттары. Тұтыну қалай тоқтатылмаса, өндіруда солай тоқтамауы қажет. Жеке өнім өндірушілер өздерінің қажетін өтеп қана қоймайды, сонымен қатар қоғам мүшелері үшін де қызмет атқарады.

Қоғамның өндірігіш күштері даму барысында алдымен адамдардың еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар-ақша немесе нарық қатынасы пайда болды. Бұл нарықтық, тауар ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгілі. Мысалы, экономика жөнінде алғашқы ғылыми мәліметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Біздің дәуірден бұрын 995-935 ж. ж. өмір сүрген Ксенофонт «Экономикс» (грек тілінде «шаруашылық туралы заң» деген ұғым береді ) атты еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Ойкономия»- «шаруашылық және басқару» сөзінен алынып, француз экономисті Антуан Монкретеньеннің «Политэкономия трактаты» деген еңбегң арқылы бекіді. Сонымен XVII ғасырдан қазіргі уақытқа шейін «политэкономия» деген ғылым қалыптасты.

Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы ролі ерекше. Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы мен оның даму кезеңдері тарихи бірнеше бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, меркантилизм, физиократия, классикалық саяси экономия, марксизм, маржинализм. Экономикалық ой- пікірлердің қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар: неоклассикалық, кейнстік, институционалды-социологиялық.

Меркантилизм - ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда) . Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантилистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантилистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т. Мен, А. Монкретьен, І Петр, И. И. Посошков.

Физиократизм - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф. Кенэ, А. Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм - (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, Г. В. Плеханов) . Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К. Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К. Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм - (К. Менгер, У. Джевонс, Л. Вальрос) . Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л. Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезенддері
Қазіргі кезде мектепте экономикалық білім беру
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Жалпы теорияның пәні және әдісі
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Мемлекеттің пайда болу себептері
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz