Кенесары – Алаштың соңғы ханы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары - соңғы ханы Алаштың
Қазақстанда бұрынғы империя шеңберінде екі түрлі қияққы, сыңаржақ процесс жүріп жатыр. Ол-ұлы державалық шовинизм, жергілікті ұлтшылдық әсіресе ЛДПР төрағасы В.Жириновский, тарихшы Никонов, әскери маман Федоровтың ашу шақырған сөздерінен кейін мемлекеттік дәрежеде дүмпуге айналды. Ал Қазақстан Республикасының ішінде асыра сілтеушілікке қазақ батырларын ру батырына жеке меншікке айналдыру арқылы, шындықты бұрмалау арқылы рушылдық кеңінен етек алып барады. Көркем сөздің шеберлері, кейбір тарихты ермекке айналдырушылар ғылымды таптап, халық санасын тәрбиелеуге нұқсан келтіретінін айтпауға болмайды.
Ұлттық тарихи сананы қалыптастыруда ұлт-азаттық қозғалысы тарихтан алар орны ерекше. XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарына талабы мен талантын, шабыты мен табысын бағыштаған тарихшы-ғалым ҚРҰА-ның мүшесі, профессор Ермұхан Бекмаханұлы екені баршаға аян. Жеке басқа табыну кезінде, Кеңестік тоталитарлық дәуірде ұлт-азаттық қозғалыстың зерттелуі мүмкін болмады, шындық бұрмаланды, шындықты айтпақ болған Ермұхандай ғалымға қылбұрау салынды. Сөйтіп 25 жылға сотталып, итжеккенге, Сібірге айдалды.
Бүгін еліміз егемендікке жетіп, тәуелсіздік алған сәтте шындықты ашып айтар күн туды. Жұртшылыққа мәлім, Алтын Орда ыдырап, Шыңғысхан іргесін қалаған империя құлаған кезде оған 300 жыл бойы бағынышты болған орыс мемлекеті есін жиды. Дәл осы кезде түрік тектес халықтардың да, Қырым, Қазан, Астрахань, Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Орыс мемлекеті бірте-бірте күшейіп, империяға айнала бастады. Ол алма-кезек Қырым, Қазан, Астрахань, Сібір хандықтарын жаулып, өзіне бодан етті. Сөйтіп, біздің сахараның шетінен бір-ақ шықты. Қазақ еліне Бұқар ата айтқандай:
Шашын күнде тарайды,
Күншығысқа қарайды, - дейтін орыс елінің өкіметі көзін тікті. Оны болашақта жаулап алу идея - сы сол XVI ғасырдан бастап, Ресей патшаларының бір сәт жатса түсінен, тұрса ойынан кетпейді. Бірінші Петр Азияның кілті мен құлпы саналатын қазақ сахарасы ертелі-кеш Ресейге қосылуы, бодан болуы осылай мемлекеттік саясат дәрежесінде қалыптасты.
Қазақ еліне іргелес қорғандар салына бастады. 1716 ж. Омбыны, 1718 ж. Семейді, 1719 ж. Өскеменді салды. Қазақ жеріне әскери экспедициялар жасақталды. Ақыр аяғында 1731 ж. Әбілқайыр Ресейге өз еркімен бодан болды дегенді бетке басады. Шын мәнінде бұл іс Ермак жорығынан бастап, ерте ме, кешке қазақ елі Ресейге қалайда қосылуы ақиқат болатын.
1822-1824 жылдары отаршылдықтың жаңа кезеңі басталды. Хандық билік жойылды, қазақ елі орыс мемлекетінің губернияларының құрамына енді. Қазақ елінің бір бөлігі - Бөкей ордасы Нарын құмына резервацияға айналды. Енді әскери отаршылдар қазақ елін жағалап емес, оның жүрегінен, қолқасынан алып, шұрайлы жерлерін тартып ала бастады, Астрахань, Сібір, Орал казактары қоныстанды. Қазақ елінің басына күн туды. Міне, осы сəтте тарих сахнасына Сырымдай, Исатайдай, Махамбеттей, Есеттей, Жанқожадай, Кенесары хандай ұлы перзенттері келді.
Біздің тарихнамада XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстағы кемшіліктеріміз қандай деген сұрақ туады?
1. Ұлт-азаттық қозғалыс империя тұрғысынан қаралып келді.
2. Азаттық үшін көтеріліс бір-бірінен бөлшектеніп жеке-жеке қаралды. Ал шын мәнінде 1784-1797 жылдар С.Датұлы бастаған көтеріліс, 1824-1836 жылдардағы Саржан сұлтан бастаған халық толқуы, 1836-38 жылдардағы Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс, 1837-47 жылдардағы Кенесары бастаған қозғалыс, 1856-57 жылдардағы Жанқожа бастаған көтеріліс, міне осылай тізбектеле кете береді. Сонау XVI ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін осындай 300-ге жуық көтерілістерді санауға болады.
3. XIX ғасырға үнілсек, Ресей отаршылдығына қарсы 25 жылға созылған наиб Шәмілдің қозғалысы, поляктардың көтерілісі, Әндіжандағы халық толқулары.
4. Ал әлем көлемінде бір кезеңде Үндістан сыпайлары ағылшын отаршылдарына, Абд-әл Кадар бастаған Алжир халқының француз отаршылдарына қарсы, Қытайда ұлт-азаттық қозғалыстары жүріп жатты.
Ресей тарихнамасында отырықшылық цивилизациясы яғни, өркениетті көшпенділер өркениетіне қарсы қойылып келді. Дала өркениеті отырықшылық өркениетінен бірнеше саты төмен қаралды. Шындығына келсек, көшпенділерсіз отырықшылар өркениеті жоқ. Олар болса Македонскийдің, Шыңғысханның қалың қолын тоқтатты. Ресейді, Еуропаны талай рет апаттан алып қалды. Көшпенділер өркениеті әлемге жоғары өнерімен, мәдениетімен, әдебиетімен, соғыс өнерімен танылды. Көшпенділер өркениетінің құдыретінің бірі - хандық билеу құрылымы.
Хандық билік XVII-XVIII ғасырлардағы даму барысында бірнеше кезеңнен өтті. Жау жағадан бөрі етектен алған заманда ханның қаһары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Алаштың ардағы-хан кене
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Өтеген батыр мен Кенесары ханның кесенелері – жаңа туристтік маршрут
Қазақ хандығы туралы мәлімет
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Дала дауылы Кенесары Қасымұлы
Қазақ хандығының жылнамасы
Пәндер