Алаш қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі туралы


ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: «Алаш» қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі
Мамандығы: Электротехника и энергетика/B062
Электроэнергетические системы/6B07119
Орындаған: Дүйсеке Санжар
Тобы: ЭЭСк21-1
Алматы, 2021
Кіріспе: Алаш атымен күреске барған ұлтшыл қазақтар ХХ ғасыр басында ортақ мүдде жолында ой біріктірді, тізе қосты, орта толтырды. Бұдан былай Алаш баласы бытырамай, бөлінбей қимыл көрсететіндігі дәлелденді. Істің басы, дәлелдің айқыны - «Қарқаралы құзырхаты» мен Оралдағы «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құруға арналған облыс өкілдерінің сиезі болды. Бұл - 1905 жыл болатын. Осы қос шарада басталған отаршылдыққа қарсылықты шаралар жылдан-жылға қарқындап, 1917 жылғы қос жалпықазақ сиезіне, «Алаш» партиясының, Алаш автономиясының құрылуына алып келді. Сондықтан да Алаш қозғалысының бастауы 1905 жыл дегенге бәтуаласуымыз керек. Оны кейбір ағайындардың 1907, 1913, 1917 деп межеулерін өткен шақтың сөзі деп бағалаған жөн. Алаш қозғалысы жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрген тұста, Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің басты мұралары жарық көрген шақта әлдебір ойлармен 1905 жылға табан тіремеу не білімсіздік, не ниетсіздік болып табылады. Сондықтан да 1905 жыл - 1456, 1721-1723, 1729, 1837-1846, 1920, 1936, 1986, 1991 жылдар сияқты ең атаулы тарихи жылдармен бірге еске алынуы тиіс. Әлбетте, біз білетін Алаш қозғалысының барша шаралары дәл 1905 жылдан бастап тарауланып, өрістеп кете қойды демейміз. Қозғалыстың жалпыұлттық сипатқа айналуына бір емес, бірнеше жылдардың қажет болары дамудың табиғи жолы. Сондықтан Алаш қозғалысының өрістеу, даму сипатына ой жүгірте отырып, оны бес кезеңге бөлуге болатын сияқты. Бірінші кезең - 1905-1909 жылдар, екінші кезең - 1910-1912 жылдар, үшінші кезең - 1913- 1916 жылдар, төртінші кезең - 1917-1919 жылдар, бесінші кезең - 1920-1929 жылдар. Алаш қозғалысының бірінші кезеңі - Ресейдің қазаққа істеген қысымын әбден сезінген оқыған ұлтшыл ұрпақтық халқының тағдырына жаны ашып, қызметке кірісе бастаған кезеңі болатын. Туған халқының бодан күндерін қайтсем жеңілдетем деген ізденіс кезеңі болды. Мұнда Ресейдің отаршыл үкіметіне шағымдану шаралары, әділетсіздікті көрсеткен публицистика, халқын қамшылаған өлең-жыр болды. «Қарқаралы құзырхаты», Орал сиезі, «Серке» газеті, қазақ қайраткерлерінің бірінші, екінші Думаға сайлануы - қазақ зиялыларының саясат жүзінде ұлттық мүддеге тартылғандығын айғақтады. Сондықтан да оны біз Алаш қозғалысының бастапқы кезеңі дей келіп, оны ұлт зиялыларының қалыптасу кезеңі деп атаймыз. Осы кезеңнің нағыз бастауы болған «Қарқаралы құзырхаты» 1905 жылдың жазында сол кездегі Семей облысы Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 12767 адамның қол қоюымен Ресейдің министрлер кеңесінің төрағасына жолданған тарихи құжат болғаны белгілі. Бұл құзырхатта отаршылдық тарапынан қазақтың саяси-әлеуметтік, экономикалық шаруашылық, мәдени-рухани жағынан көрген қысымы айтылды. Мәселен, құзырхаттағы: «Орыстандыру саясаты қазақ өлкесінің мәдени дамуына қаншама зиян болса, қазақтарды жерсіздендірудің қазіргі тәртібі де олардың тұрмыс халіне соншама зиянды…»; «1902 жылдан бастап Дала өлкесінде қазақ балалары үшін ауыл мектептері ашыла бастады. Бұл мектептерде сабақ қазақ тілінде жүргізіледі, қазақтар бұл мектептерде қазақша хат тану да жүргізілсе деп сұранған еді, бірақ бұл өтініш қабылданбады. Бұл мектептерде қазақ балаларына қазақ сөздерін жазуды қазақ фонетикасына сай келмейтін орыс әрпімен үйретеді…»; «Қазақ халқының ағымдағы қажеттіліктерін айқындау үшін қазақ тілінде газет шығару керек, ол үшін цензурасыз газет шығарудың және баспахана ашудың ешкімнің келісімінсіз шешетін тәртібін орнату талап етіледі…» /1, 488-491/ деген талаптардан бұл құжатты дайындаушылардың ең өзекті мәселелерді терең ойластырып, көтергендігін аңғаруға болады. Құзырхатта айтылған кейбір мәселелер содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де қазақ руханиятының қазіргі көкейтесті мәселелерімен де сабақтасып жатқандығы байқалады. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақбаев бастаған зиялы қауымның бұл тарихи құжаты - ұлт оқығандарының қауымдасып, халық мұраты мақсатында дәрмен қылуға бет алғандарын көрсетті. Ал осы құзырхаттың мазмұны ұлт зиялыларының халықтың тұрмысы мен тағдырын терең білетіндігін аңғартты. Құзырхаттың және бір тарихи мәнділігі - қазақ баласы өз мұқтажын айта алатындығын, өзінің теңдігі жолында күресе білетіндігін де айғақтап берді. Осы жылдың желтоқсан айында қазақ даласының тағы бір қиыры - Орал қаласында Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейхан бастаған зиялы топтың «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құруға шешім қабылдап, тоғыз баптан тұратын бағдарлама дайындауы және партия жарғысын әзірлеуі қозғалыстың жалпықазақтық сипат ала бастағандығына дәлел бола алады. Ұлт зиялыларының Бірінші, Екінші мемлекеттік Думаға депутат болуы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түсті. Думаға сайланған Ә. Бөкейхан, А. Бірімжанов, А. Қалменов
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz