Қазақстандағы саяси билік мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті
Қаржы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: эссе Қазақстандағы саяси билік мәселесі

Орындаған: Рзаева Салтанат
Тексерген: Инкарбаев Е. Т.

Алматы, 2021ж

Қазақстандағы саяси билік мәселесі
Жоспар:
Қазақ қоғамындағы саяси түсініктің қалыптасуы
Тәуелсіз Қазақстандағы саяси биліктің сипаты
Биліктің саяси мәселелер жолында атқарған қызметтері, жеткен жетістіктері
Жеке қазақ қоғамының саясат жайлы түсінігі мен қоғамдың-саяси ойының қалыптасу жолында үлкен әрі даңқты тарих жатыр. Қазақстанның бүгінгі қоғамдық-саяси ойларының идеялық қайнар көздері өткен ғасырлардағы ойшылдар мен ғұлама ғалымдардың саяси көзқарастарынан бастау алады. Осы тұрғыда, қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдардың бірі Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің саяси идеяларының алар орны ерекше. Әбу Насыр Әл-Фараби ілімі бойынша қоғамның құрылымы мен әлем құрылымы бір-бірімен сәйкес келеді. Оның саяси идеялары рахымды қала мен рахымсыз қаланы салыстыруымен сипатталады. Ол рақымды істер мен дұрыс саясаттың көмегімен адамдардың бақытқа жетуін түпкі мақсат деп есептеді. Әл-Фараби еңбегінде рахымды қалада билеуші мен оның тұрғындарының дүние мен бақыт жайында шынайы түсінігі бар және онда басқару заң күші мен игі тәжірибеге негізделеді. Ал, рахымсыз қалада рахат жоғары бағаланады және барлығы рахымды қалаға кері сипатта орын алады. Саясат, мемлекет, билік ұғымдарын синонимдес ретінде бағалаған ғұлама ғалымның осылайша саяси-әлеуметтік қарама-қайшылықтармен ушыққан қоғамның саяси және моральдық жағдайын қарапайым түсінікпен пайымдауға талпынысы - халықтың саяси санасын жетілдіруге игі әсерін тигізді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің көзқарасынан кейін түйетініміз: саясаттың негізі де, оның мәселесі де билік болып табылады.
Билік - бұл саясаттың саяси институттар мен барлық әлемнің мінін түсініп білуге көмек беретін теория. Субъектілердің арасындағы қатынастардан туып, яғни біреудің екіншілерге бұйрық беру арқылы әмірін жүргізіп, олардың қызметі мен іс-әрекетіне ықпал етуі билік деп аталады. Билік жүргізу алғаш құл иеленушілік құрылымында қоғамдағы теңсіздіктердің пайда болып, бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігінен туды. Мұндай құрылым сол кезеңдегі біраз мемлекеттің саяси билік жүйесінің болмысын айқындап берді. Ал, Ұлы дала елінің, яғни Қазақстанның бүгінгідей саяси билік түсінігі мен сипаты Ресей Федерациясының отарлауынан кейін қалыптасып, әлі күнге дейін өз шеңберінде қоғам мен заманның өзгерісіне қарай ығыса отырып, жалғасын тауып келеді.
1991 жылы еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке дербес, тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін, ауқымдылығы мен күрделілігі артқан саяси мәселелер міндетті түрде жалпы саяси проблемаларды тиімді шеше алатын билеушіні талап етті. Осылайша, жалпыхалықтық сайлау қорытындысы нәтижесінде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билік басына келді. Сол кезде мемлекеттегі заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңестің тәуелсіз ел пайдасына шешкен ең оңтайлы шешімдерінің бірі - Қазақстан мемлекетінің ресми атауларын өзгерту болды. Кеңестік және социолистік деген атаулардан бас тарта бастаған еліміз шешім бойынша ендігі Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасы емес, Қазақстан Республикасы деген жаңа атаумен аталды. Саяси биліктің негізі, заң шығару қызметін атқаратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы Парламент, оның жоғарғы палатасы Сенат, ал төменгі палатасы Мәжіліс атауларына ие болды. Және Президент, Премьер-Министр, Үкімет - атқарушы биліктің құрамын құрды. Бұдан әрі жаңа билік басындағылар Кеңес Социолистік Республикалар Одағы кезеңіндегі көптеген саяси стратегияларды аса өзгертпестен 1995 жылға дейін ұстанып келді. Бірақ бұл саяси стратегия жеке өз алдына республика болып бөлінген Қазақстанның экономикасынаның ілгері басуына емес, керісінше, құлдырауына әкеліп соқты. Бұлай айту себебім: Кеңес Социолистік Республикалар Одағы кезеңінде мемлекетке кіретін иеліктер мен мүліктердің барлығы сол қалпында мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Саясат тарихы туралы ақпарат
Қазақстандағы саяси биліктің легитимдігі
Қазақстандағы саяси билік
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
Саяси биліктің негізгі белгілері, билік субъектісі және объектісі
Пәндер