Дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis L. ) биологиялық ерекшелігі және оның пайдасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis L.) биологиялық ерекшелігі және оның пайдасы.
Астралылар (Asteraceae) - қос жарнақты өсімдіктердің класына жататын, гүлді өсімдіктердің ең үлкен тұқымдасы. Негізінен шөптесін, көпжылдық, өрмелегіш және суккулентті, кейбір түрі ағаш түрінде өсетін өсімдік түрі. Астыралылардың Жер жүзінде, Антарктика мен Арктика мұздықтарының таралу аймағында 1300 ге жуық туысы, 27 мыңға жуық түрі , ал Қазақстанның қоңыржай және тропиктік аймақтарында 140 туыс, 700 ге жуық түрі кездеседі. Ең көп кездесетін түрлеріне- түймедақ, жусан, дәрілік қырмызыгүл, одуванчик, пияз, хризантема, астера және тағы басқалары. Осының ішінде қарастырылатын гүлді өсімдік түрі- дәрілік қырмызыгүл.
Мақсаты: Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін қарастыру, оның адам өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтап зерттеу.
Дәрілік қырмызыгүл (лат. Calendula officinalis L.) - астралылар тұқымдасына жататын, емдік қасиеті бар, хош иісті және ащы дәмді, сарғыш түсті шөптесін өсімдік түрі. Бұл түрдің екінші атауы маригольдтар немесе ағылшын маригольдтары деп аталады. Қырмызыгүлдердің сабағы жуандау, ақшыл-жасыл түсті, жабысқақ түктерден тұрады, ал жапырақтары ұзынша қандауыр пішіндес, кезектесіп орналасқан, бір қатарлы бүтін жиекті жай жапырақ. Тұқымы таға пішіндес болып келетін біржылдық, тік сабақты биіктігі 50 см дейін жететін дәрілік өсімдік. Дәрілік қырмызыгүл орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын бірқатар қоздырғыштарға, әсіресе стафилококктар мен стрептококктарға қарсы бактериоцидтік қасиетке ие.

Дәрілік қырмызыгүл ( Calendula officinalis L.) өсімдігінің құрамында 3% каратиноидтар, 0,02 % эфир майы, 3,4% шайыр және 6-8% алма қышқылы, органикалық қышқылдар, С витамині және басқада қосылыстар бар. Өсімдіктің жерүсті бөлігінде - сапониндер, жерасты бөлігінде - фитонциттер, тамырында - инулин, ал тұқымдарында майлар мен алкалоидтер кездеседі.
Дәрілік қырмызыгүл ( Calendula officinalis L.) күн шуақты жерлерде, құнарлы, ылғалды жерлерде жақсы өседі. Ерте көктемде, мамырда немесе қыстың алдында тұрақты жерге тұқым себу арқылы өсіріледі. Маусым-шілде айларында 30-40 күнге дейін гүлдейді. Бұл біржылдық өсімдік болғандықтан жыл сайын тұқымнан көбейтіліп өсіріліп отырады. Календула гүлдері толық ашылған кезден бастап, яғни күздің басында жиналады.
Дәрілік қырмызыгүл ( Calendula officinalis L.) Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Дәрілік қырмызыгүл гүлінен жасалған календула сығындысы мен кремдер барлық дәріханаларда, сондай-ақ Өскемен қаласындағы бүкіл дәріханаларында кездеседі. Жабайы түрде дәрілік қырмызыгүл Оңтүстік Америкада, Қиыр Шығыста және Жерота теңізінде көп кездеседі. Сонымен қатар Франция, Армения және Ресей елдерінде де көп мөлшерде өсіріле бастаған.
Ғалымдар қырмызыгүлдің емдік қасиеттері туралы XII ғасырдан бастап зерттеп келген. Алғаш рет дәрілік қырмызыгүл ( Calendula officinalis L.) өсімдігін грек философы Диоскорид зерттеген. Ол ішкі аурулардың спазмдарын жою құралы ретінде бауыр ауруларына арналған календула инфузиясын ашқан. Кейіннен Абу Али Ибн Сина ( Авиценна) Медицина каноны аты еңбегінде дәрілік қырмызыгүлдің қасиеттерін анықтап жазған. XIX ғасырда Ресей ғалымдары А.Т. Болотов, О.В. Петровская, Н. И. Анненков және т.б өз мақалаларында календула гүлінің емдік қасиеттерін жазып қалдырған. Владимер Даль ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар
Гетерогенді биокомпозиттер негізінде эффективті таңғыш моделін жасау
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Дәрілік шалфей құнды дәрілік өсімдік
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Розмарин қышқылының фармакологиялық белсенділігі
Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Пәндер