Еңбек гигиенасы


Аудиторлық сабақ №9 Тақырып: « Еңбек гигиенасы»
Тақырып сұрақтары:
-Еңбек гигиенасы пәнінің міндеттері мен мақсаттары
-Өндірістік зияндылық түсінігі
-Кәсіптік аурулардың алдын алду шаралары
-Еңбек физиологиясының негіздері
-Жұмыс кезінде ағзада болатын физиологиялық өзгерістер
Еңбек гигиенасы - гигиена ғылымының бір саласы, адамның атқаратын еңбегіне байланысты жұмыстың зиянды өсерін, мамандыққа байланысты аурудың алдын алу, жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тәжірибелік шаралар дайындайды.
Еңбек - адамның қалыптасуының, дамуының және өзіне материалдық жағдай жасаудың негізі болып табылады.
Еңбек адам ағзасында биологиялық процестердің қалыпты жағдайда жүруі үшін және әлеуметтік қызмет атқару үшін қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек адамдардың физикалық, интеллектуалдық және рухани жағынан жақсы жетілуіне ықпал етеді.
Қоғамның дамуы, еңбек түрінің көбеюіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде өнеркәсіптерде, ауылшаруашылығыңда, көлікте және т. б. салаларда мамандық түрі өте көп.
Қандай да болмасын мамандық өзіне тән белгілі бір білімді және біліктілікті талап етеді.
Егер еңбек түрі немесе өндірістік жағдай адам денсаулығына немесе жүмыс қабілетіне теріс әсер ететін болса, ол өндірісте мамандыққа байланысты зияндылық бар екенін көрсетеді.
Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жүмысты үйымдастыру немесе жүмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану тудыратын, жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.
Адамның мамандыққа байланысты аурулары еңбек дүрыс үйымдастырылмаған жағдайда, жарақат алу қауіптілігі, жүмыс орнының жайсыздығы, физикалық - химиялық, биологиялық өндірістік ортаның факторларының әсерінен болады.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеті - жүмысты үйымдастыруда және жүмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.
Мамандыңңа байланысты ауру дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.
Мүндай аурулар екі топқа бөлінеді:
1. Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулар. Мысалы, токсикалық заттар, діріл және т. б.
2. Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес, сонымен қоса тұрмыстық, тұқым қуалаушылық немесе т. б. факторлар да болуы мүмкін.
Мысалы, ағзада жаңа өсіндінің пайда болуы. Мұндай ауруларды мамандыққа байланысты ауру дейді, егер оның дамуына нашар үйымдастырылған жұмыс жағдайы әсер етсе. Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі: жүрек - қантамыр, онкологиялық және жүйке - психикалық аурулардың алдын алу. Мамандыққа байланысты аурулардың алдын алу, аурулардың этиологиялық факторларын жан-жакты зерттеуге негізделген.
Ғылым мен техниканың күннен күнге жетіліп, күрделене түсуі еңбек гигиенасының алдына жаңа міндеттерді жүктейді.
Соңғы жылдары адам ағзасына әсер ететін діріл, ультрадыбыс, электр жөне магнитті өріс, иондаушы сәулелер, лазерлі сәулелер және жаңа химиялық заттар қазіргі кезде мүқият зерттеліп жатыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде қолданылатын заттар тек Денсаулық сақтау министрлігінің рүқсатымен гана қолданылады.
Ғылыми негізделген гигиеналық нормативтердің үлкен маңызы бар. Өндірісте адам ағзасына өсер ететін физикалық жөне химиялық факторларға шектеулі рұқсат етілген деңгей (ШРЕД) және шектеулі рұқсат етілген концентрация белгілену керек (ІПРЕК), ол мөлшер адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейді.
Жақсы жұмыс жағдайын, жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, қондырғылар мен құрал жабдықтарға, жүмыс орнына, басқару пультінің жұмысына, демалыстың мерзімді үзақтығы және жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізетін физиологиялық негізделген талаптардың қажеттілігі.
Мүндай жағдайда еңбек гигиенасы - еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру - ЕҒНҮ ( НОТ ) деп аталатын кешенді мәселелерді шешуге белсенді араласады.
Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі багыттары: гигиеналық, физиологиялық, психологиялық және эстетикалық.
Гигиеналық:
- жүмысшылардың денсаулығына және жүмыс қабілетіне әсер ететін өндірістік факторларды нормалау;
- өндірістің зиянды факторларын жою немесе оны азайту арқылы жүмыс жагдайын жақсарту.
Физиологиялық:
- жүмыс орнын, қүрал-жабдықтарды, машиналар мен қондырғыларды физиологиялық талаптарға сай орналастыру;
- физиологиялық негізделген жұмыс және демалыс режимін енгізу;
- физикалық ауыр дене еңбегін азайту, қимылдау белсенділігін физиологиялық жағынан жеткілікті жүмыспен қамтатамсыз ету (гиподинамияның алдын алу үшін) ;
- миға, анализаторларға және эмоцияға күш түсетін еңбек қауіптілігін азайту және бір сарынды жүмысты азайту.
Психологиялық:
- пульттердің, басқа да машиналардың, механизмдердің және жүйелердің жүмысын басқаратын заттар шығарған кезде психологиялық талаптарды ескеру (инженерлік психология) ;
- мамандықты таңдағанда әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- үжымда жақсы микроклимат болу үшін шаралар кешенін дайындау және оны енгізу, еңбекке деген жоғары қызыгушылық туындату және оның жақсы қортындыларына талпыну.
Эстетикалық:
- жұмыс орындарын өндірістік эстетика талаптарына сай безендіру, жақсы жарықтандыру, станоктардың, машиналардың құрал-жабдықтардың дұрыс орналасуы, түстерінің дұрыс тандалуы
- машиналарды, құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, пульттерді және басқа да заттарды жаңадан шығарған кезде техникалық эстетика талаптарының сақталуы.
Еңбек гигиенасы - кешенді ғылым, ол теориялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты.
Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатқа байланысты әр түрлі өдістер қолданылады. Өндірістік ортаны зерттеген кезде негізінен физикалық және химиялық әдістерге сүйенеді. Еңбек процесіне және адам ағзасына әсер ететін өндірістік ортаның әр түрлі факторларына баға беру үшін физиологиялық және биохимиялық әдістер қолданылады. Адам ағзасына жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының әсерін, нормативтерді негіздегенде эксперименталды әдіс кеңінен қолданылады.
Жүмысшылардың аурушаңдығының талдауы статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі. Клиникалық пәндерден еңбек гигиенасы мамандыққа байланысты патологиямен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz