Экономиканың өндірістік сферасын қарқынды дамыту факторы ретінде инвестициялар



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Инвестиция және оның мәні
1.1 Инвестиция түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 бөлім. Шетел инвестицияларын тарту
2.1 Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасындағы шетел инвестицияларының
рөлі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3 бөлім. Экономиканың өндірістік сферасындағы инвестициялар
3.1 Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын энергетикалық кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық
және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2 Шығыс Қазақстан обылысы өндірісіндегі инвестициялар ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе____________________________ ___________________________________ ______
_3
1 бөлім. Инвестиция және оның мәні
1.1 Инвестиция түсінігі және
түрлері____________________________ _________________5
1.2 Инвестицияның қызметі мен
операциялары_______________________ _____________9
2 бөлім. Шетел инвестицияларын тарту
2.1 Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасындағы шетел инвестицияларының
рөлі мен
маңызы_____________________________ _______________________________13
2.2 Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелері және оларды шешу
жолдары____________________________ ___________________________________ _____1
6
3 бөлім. Экономиканың өндірістік сферасындағы инвестициялар
3.1 Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын
энергетикалық кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының
инвестициялық
және өндiрiстiк әлеуетiн
пайдалану__________________________ ___________________22
3.2 Шығыс Қазақстан обылысы өндірісіндегі
инвестициялар______________________ __25
Қорытынды__________________________ ___________________________________ ___28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі_____________________________ __________________30

Кіріспе

Қазақстан экономикасындағы инвестиициялардың және қолайлы
инвестициялық климатын жасау мәселесі аса өткір және жаңға батқыштың біріне
айналды. Экономика салаларының көбісінде инвестициялық ресурстардың үлкен
мөлшеріне деген маңызды қажеттілігі болады. Олар тек экономикалық
белсенділігін жандануы мен экономикалық өсудің тұрақты траекториясына
шығуына ғана емес, сонымен бірге моральдық және физикалық түрде ескірген
экономиканың маңызды салаларының негізгі қорларын ауыстыруына да қажетті
болып келеді.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан тура шетел инвестициялардың көлемі
экономикасы ауыспалы басқа елдермен салыстырғанда мардымсыз болып келеді.
Бірақ та ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша халықтың бір
адам санына шаққанда озат орын алып отыр. Елдің үлкен табиғи байлықтары мен
жоғары білікті еңбек ресурстарының арқасында, 2000-2007 жж. Қазақстан
экономикасына түсетін жыл сайынғы тура шетел инвестициялардың ағымы
халықтың бір адам санына шаққанда 80 АҚШ долларын құрады.
Әрине, компаниялардың белгілі бір елде өздерінің қызметтерін жұзеге
асыру туралы қабылдап жатқан шешімдерінің себептері үлкен әр алуандылықпен
өзгешеленеді. Бірақ та оларды шартты түрде екі ірі топтарға бөлуге болады.
Бір оқиғада фирмалар негізінен басқа елдерде өндірілген тауарлар мен
қызметтерін сатумен айналысады, ал басқасында - өнімді жеткілікті нарықта
сату немесе басқа елдердің нарықтарына оны экспорттау мақсатымен тап осы
елде өндіріс қуаттылықтарын жасауына қаржыларын салады.
2006 жылғы Концепцияға сәйкес Елдің тұрақты дамуы - бұл қазіргі
ұрпақты қажеттіліктермен қамтамасыз ететін және келешек ұрпақтың өз
қажеттіліктерін қамтамасыз етиеу қаупіне төндірмейтін дамуы Қазақстан
Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып
табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі бір кезеңде
ғана жүргізуге болады. Экономикалық өсу тұтастай қоғамдық өндіріс
масштабында жылдық көлемдегі тауар мен қызмет көрсетудің ұлғаюымен
көрінеді.
Әр дамушы елде шетел инвестициясын тарту экономикалық өсуді жылдамдату
үшін үлкен рөл атқарады. Шетел инвестициясына сұраным олардың ұсынымын
жоғарылатады. Ұлттық экономика үшін шетел инвестициясын тарту мен қолдану
экономикалық дамудың базалық ұзақ мерзімді және қайтымсыз механизмдерін
анықтайды. Шетел инвестициясындағы қажеттілік мынамен түсіндіріледі:
- Тауар өндірушілер төменгі инвестициялық активтілік;
- Өндірістік техникалық және технологиялық модернизацияға қажеттілік;
- Қазіргі заманғы машина мен құрал – жабдық импорт көмегімен нарықтық
және қоғамдық инфрақұрылым модернизациясы;
- Шаруашылық өмірдің барлық саласында жаңа басқару әдістері,
менеджмент және маркетингті енгізу қажеттілігі.
Нарықтық қатынастарға негізделетін экономикалық реформалардың басты
бағыты
экономиканың қарқынды дамуын және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін
инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асыру болып табылады. Елдің
шектеулі ішкі
қаржы қоры жағдайында шетел капиталды тарту маңызды орын алады. ҚР-ның
экономикасына шетел инвестицияларды тарту немесе тиімді пайдалану мемлекет
аралық
жағымды экономикалық одақтасудың бағыты. Шетел инвестициялар көмегімен
Қазақстан
экономикасының бұрмаланған өндірістік құрылымын жақсартуға, жаңа жоғары
технологиялық өндіріс жасауға, негізгі қорларды жаңартып, көптеген
кәсіпорындарды
техникалық қайта құруға, мамандар мен жұмысшылар даярлауға, менеджмент,
маркетинг
пен ноу-хаудың жетістіктерін енгізуге, ішкі нарықты отандық өндірушілердің
сапалы
тауарларымен толықтырып, сол тауарларды сыртқа шығарудың экспорт көлемін
ұлғайтуға мүмкіншілік пайда болады.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларды тарту объективті қажет
үрдіс
болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетел капиталының
ағымы және оны пайдалануды мемлекеттік реттеу экономикаға жағымды әсер
етеді.
Шетел инвестицияларға салық салудың жеңілдіктері емес, олардың тұрақты,
болжанылатын және экономикалық жағынан мемлекетке де, инвесторларға да
тиімді
жағдайы маңызды. Сондықтан, шетел инвестицияларды тарту бойынша іс-
әрекеттердің
нақты бағдарламасын, тиімді жоспарын жасап, осы бағдарлама негізінде
басқару тетігін құру керек.

1 бөлім. Инвестиция және оның мәні

1.1 Инвестиция түсінігі және түрлері
Инвестиция (латынша іnvestіre – салу) – табыс алу, меншікті
капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы
қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер
салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни
таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі
ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын
және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет
және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият
әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп
отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге
мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,
басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа
салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға
жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына
қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін
өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни
олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын
дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан
артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші
субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек
материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және
әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің
құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне,
негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру
көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік
инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға
салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі
капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ,
материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат.
Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар
мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және
бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары,
жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция
Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің
79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым
құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді
(жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға
жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық
өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел
инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономикалық жүйені
жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік
алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік
инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде
экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі
қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде.
Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты
кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу),
қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға
ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында
шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес,
сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып
келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық
өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық
процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін
береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол
қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін
қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей,
портфельдік, аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының
бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол
қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен
салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық
жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады
да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға
пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі
бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады
Қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан
шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында
"байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не
болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік
серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға
бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас
бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді
фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың
аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары
тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын
жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және
басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы,
яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің
ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай
тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем
батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек
болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі.
Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға
үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және
кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп,
құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп
есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде
асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді.
Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің
шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта
даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек.
Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ
мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып
кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ
нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған
орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі
үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың
кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып,
жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары
үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім
шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан
өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске
қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан
жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын
көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да
іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт
осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл
инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді.
Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның
технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар,
пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы
өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні
белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі
болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың
мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина
жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор
арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да
білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр
түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы
болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы
толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта
ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет
болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа
саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне
қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын
әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да,
инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі
қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз
қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш -
қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді ауыстырудың
(сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді
болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің
рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда,
артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен
ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының
өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы)
сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін
орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,
мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.

2 бөлім. Шетел инвестицияларын тарту
  2.1 Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары
   Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан
отандық компанияларға сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздестіру керек. Мұндай
жолдардың бірі шетел мемлекеттеріне инвестиция құю болып табылады. Кейбір
кәсіпорындар нақтылы жобаларды іске асырмай, тек қана қор қор биржаларында
жанама түрде өздерінің бос ақша қаражаттарын жұмсаулары мүмкін. Бұл да
инвестициялардың бір жолы болып табылады. Ал, біздің біздің елімізде
күнделікті инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзінше жағымды және
жағымсыз әсері бар.
Инвестицияны тарту мәселелерінің өзектілігі еліміз өз инвестициялық
саясатын тиімді жүргізіп оны экономикада іске асыра білсе, онда еліміз
алдағы уақытта эконономиканың шикізат бағытынан қол үзіп, дамудың
индустриялы үдемелі жолына түсер еді.
Қазіргі таңда тікелей шетел инвестицияларын мұнай саласына тартуда.
Біздің республикамыздың мұнай-газ әлеуеті әліде игеруді қажет етеді. Ол
үшін ірі капитал салымдарын талап ететін кеңейтілген ізденіс жұмыстары
қажет.
Негізгі бағыт әрине дайын өнім өндірісі саласына шетел
инвестицияларын тарту. Бүгінгі таңда Қазазқстан руда, минералды шикізат,
жылу энергетикалық ресурстардың үлкен қорына,бағалы металдың үлкен қорына
ие. Машина жасау базасының, жоғары тауарлық дайындыққа ие өнімді шығару
өндірісінің жоқтығы. Республикада ғылымды қажет ететін, техникалық күрделі
өнімді өндіретін сала дамымаған, химиялық өнеркәсіп әлеуеті, ауыл
шаруашылық өнімнің қайта өндеу әлеуеті жеткілікті түрде қолданылмайды.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру,
мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді
болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және
құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы
жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту переференциялық режим құруды
талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық
жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел
инвестицияларын тарту мен қолдану үдерісін тежеуші бюрократиялық
процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларың құқықтарын қорғау
бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының
бірі – сыртқы несиелер. сыртқы несиелер. Несиелік келісім- шарттарға қол
қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда,
дефолттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар
туу мүмкін.
Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы
жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады.
Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға
бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек
өнімділігін жоғарылатуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру есебінен
әлеуметтік іс-шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресурстарды
қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Қазақстан экономикасына әлемдік инвестицияларды ынталандырудың
маңызды фокторы – саяси, әлеуметтік–экономикалық және коммерциялық
тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы
инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін
бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Шетел инвесторларының
маңызды құқықтық кепілдемесі – республика заңнамаларына толықтырулар мен
өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың
нормативтік–құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім–шартқа өзгерістер
енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында да әлі
де шешілмеген мәселелер баршылық..
Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен сақтандыру компанияларын құруға
жол ашатын және Казахинстрах монополиясын шектейтін заңнамалық актілер
қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік
компания Казахинстрах Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын
жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру
компаниясын таңдауға тиым салынған.
Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел капиталын тартуды
ынталандыру үшін қаржылық–несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес
әдістер қолдану керек. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы
қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару
қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің
дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да
эмитенттерін құру қажет.
Шетел капиталын тартуда ұйымдатырушылық шаралар қатарына келесілер
қажет:
1. Инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау туралы келісім–шарттар
жасауға қызығушылық танытқан мемлекеттермен байланыстарды жалғастыру;
2. Заң жобаларын шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік
нысандарды қолдану механизиі бойынша ұсыныстарды қарастырып құру;
3. ҚР мен оның аймақтарында инвестициялық ахуал моноиторингі жүйесін
қалыптастыру;
Шетел капиталын тарту саясаты Қазақстан дамуының жалпы экономикалық
стратегиясынан бет алады. Бұл стратегияда ұзақ мерзімді перспективадағы
құрылымдық қайта құрудың басым жақтары айқындалған. Шетел капиталы
экономиканың басым салаларында жеке секторлардың дамуында маңызды орынға ие
болуы қажет, болашақта жағымсыз үдерістердің болуына жол бермеуі тиіс.
Қорыта келгенде инвестицияларды көтермелеу үшін мемлекет сыбайлас
жемқорлықты тыйып тиімді, үнемді, адал, әділ және есеп беретін қоғамдық
басқарудың жеке –дара мүмкіндіктерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.Мемлекет
бағалардың тұрақтылығын, салық салудың тиімді жүйелерін және жеке меншік
кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Себебі мемлекетке
инвестициялық салымдардың тартылуы ел ішіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке
тығыз байланысты.

2.2 Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасындағы шетел инвестицияларының
рөлі мен маңызы
Қазақстан шетел инвестициялар үшін әлеуметтік, қаржы-экономикалық, құқықтық
режим және мүдделеріне сай келетін инвестициялық климат жасауға тырысады.
Еліміздің экономистері мен саясаткерлерінің пікірі бойынша шетелдік капитал
көмегімен келесі міндеттерді шешуге болады:
- экспорттық мүмкіншіліктердің тиімділігін арттыру;
- аяқталған технологиялық циклдарды қалыптастыру;
- ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру;
- кадрларды даярлау және білім беру арқылы жаңа өндірістік және
басқару
тәжірибені қолдану
- Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне жету.
Инфляцияға және сыртқы қарызға әсер ету жағынан Қазақстан экономикасы
үшін тікелей шетел инвестицияларды тарту тиімді болып табылады, өйткені
қарыз алушылардың өзіндік кепілдіктері арқылы тартылған тікелей шетел
инвестициялар экономиканы қайта
құру бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерін төмендетеді. Қазақстан
экономикасының инфраструктураның дамуы төмен болуы, нарықтық жүйенің
көптеген элементерінің жетпеуі, яғни инвестицияландыру үшін қажет климаттың
болмауына қарамастан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1993)
Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялар ретінде 1,2млрд.долл.
салынды. Ал қазіргі таңда Қазақстан 20 инвестицияға тартымды мемлекеттердің
бірі болып табылады. Қазақстанға шетел инвестициялардың ағымы бірлескен
кәсіпорындар ұйымдастыру, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру, ірі өндірістік кәсіпорындарды шетел
фирмаларға басқаруға беру және банктік секторға инвестиция салу арқылы
жүзеге асырылады.
Мемлекеттің инвестциялық саясаттың негізгі міндеті болып, нормативі-
заңдылық
базаны реттеу мен тиімді инвестициялық жобаларды қолдау негізінде
капиталдық
салымдардың қаржы көздерін кеңейту үшін және отандық пен шетел
инвестицияларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция-жедел экономикалық даму факторы ретінде
2013-2015 жылдардағы ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткішіне сипаттама
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк, кәсіпкерлік капитал
Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму проблемалары
Экономикалық өсу жайлы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар
Пәндер