ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖӘНЕ СЫНЫПТА ОҚУЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН САЛЫСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖӘНЕ СЫНЫПТА ОҚУЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН САЛЫСТЫРУ
А. Мусинова1, Г. К. Атанбаева2
1 биофизика және биомедицина, нейроғылымдар кафедрасының магистранты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

2 Аға оқытушы, б.ғ.к. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

1е-mail: ainura_99_99@inbox.ru
2е-mail: gulshat.atanbaeva.76@mail.ru

Аннотация
Әлемдік пандемия біздің елді де айналып өткен жоқ.Нәтижесінде Қазақстанның білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды.Бұрындары үнемі жаңашылдыққа ұмтылған және тың ақпаратты игергісі келетін білімпаз жан кітапханалардың,білім ордаларының табалдырығын тоздырып,том-том кітаптардан ізденетін.Ал қазір инновация заманында дербес компьютер бен ғаламтор болса жеткілікті.Инновация заманының бір тиімділігі 2020 жылы кеңеттен келген қашықтықтан оқу әдісіне оңтайлы болды.Осы мақаламда қашықтықтан оқу мен дәстүрлі оқуды салыстырып,қай әдіс тиімді болғанын бөлісетін боламын.
Кілт сөздер: aқпaрaттық технология, қашықтықтан оқыту,пандемия,оқыту әдістері,онлайн,оффлайн,
COVID-19.

СРАВНЕНИЕ ПОКАЗАТЕЛЕЙ КАЧЕСТВА ЗНАНИЙ ПО ДИСТАНЦИОННОМУ И КЛАССНОМУ ОБУЧЕНИЮ ПОДРОСТКОВ
А. Мусинова1, Г. К. Атанбаева2
1магистрант кафедры биофизики и биомедицины, нейронных наук, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы

2Старший преподаватель, к. б.н. Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

1е-mail: ainura_99_99@inbox.ru
2е-mail: gulshat.atanbaeva.76@mail.ru

Аннотация
Мировая пандемия не обошла и нашу страну.В результате произошли значительные изменения в системе образования Республики Казахстана.Раньше каждый человек,постоянно стремящаяся к инновациям и стремящаяся к освоению новой информации,переступала порог библиотек, учебных заведений, искала информации в книгах .А сейчас, в эпоху инноваций, достаточно иметь компьютер и интернет.Одна из наиболее эффективных в 2020 году технологий инноваций была оптимальна для дистанционных методов обучения.В этой статье я сравню дистанционное обучение и традиционное обучение и поделюсь, какой метод был наиболее эффективным.
Ключевые слова: информационные технологии, дистанционное обучение, эпидемия, методы обучения, онлайн, оффлайн,COVID-19.

COMPARISON OF INDICATORS OF THE QUALITY OF EDUCATION FOR DISTANCE AND CLASSROOM LEARNING OF ADOLESCENTS.
A.Musinova1,G.K.Atanbayeva2
1 Master's student of the Department of Biophysics and Biomedicine, Neural Sciences, Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan, Almaty

2 Senior Lecturer, Candidate of Biological Sciences Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

1е-mail: ainura_99_99@inbox.ru
2е-mail: gulshat.atanbaeva.76@mail.ru

Annotation
The global pandemic has not bypassed our country either.As a result, there have been significant changes in the education system of Republic Kazakhstan.Previously, every person, constantly striving for innovation and striving to master new information, crossed the threshold of libraries, educational institutions, searched for information in books.And now, in the era of innovation, it is enough to have a computer and the Internet.One of the most effective innovation technologies in 2020 was optimal for distance learning methods.In this article, I will compare distance learning and traditional learning and share which method was the most effective.
Keywords:information technology, distance learning, epidemic, teaching methods, online, offline,
COVID-19.

Кіріспе
Мақаланың мақсаты: қашықтықтан оқыту жүйесін дәстүрлі оқыту жүйесімен салыстыра отыра,мектеп оқушыларының білім көрсеткішінің өзгерісін анықтау.
Міндеттері:
1.Қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
2.Мектеп оқушыларының білім көрсеткіші туралы мағлұмат алып,салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
1.Алынған нәтижелер оқушыларға тиімді болған оқу әдісін анықтайды.

Бүгінгі тaңдa aқпaрaттық технология мен телекоммуникaция құрaлдaрының жедел түрде дaмып,әлемде aқпaрaттың жыл сайын еселеніп өсуі сaлдaрынан білім және технологияның жaңa сaлaлaры қaрқынды дaми бaстaды.Қaзaқстaн Республикaсы Президенті өзінің хaлыққа Жолдaуындa зaмaн тaлaбына сaй цифрлaндыру,aқпaрaттық технологияны жедел дaмыту керектігін,білім беру саласында оқытудың да озық әдістерін меңгеруді міндеттеген еді[1].Оның үстіне елде аса қауіпті індет коронавирус ауруы тарап,төтенше жағдай жариялануына байланысты карантин енгізілуі амалсыздан қашықтықтан білім беру форматын енгізуге тура келді. Сондықтан да қашықтықтан білім беру технологиясын жақсы меңгеру керектігін қазіргі таңда өмір талап етіп отыр[5].
Негізінен,қашықтықтан оқыту дегеніміз-мұғалім мен оқушы бір бірінен белгілі бір себептермен алшақ болған жағдайда қолданылатын оқыту әдісі болып табылады.Қазіргі таңда қашықтықтан оқытуды іске асыру үшін бейнежазба,аудиожазба,веб-курстар секілді көптеген жаңа технологиялар қолданылып келе жатыр.Бірақ,танымалдылығына қарамастан онлайн білім беру қарамастан онлайн білім беру кедергісіз болмады.Қашықтықтан оқытуға деген үлкен сұранысқа қарамастан,оның ерекшелігі,артықшылығы мен кемшіліктерін білген жөн[3]. Қашықтан оқытудың өзіндік тиімді жақтары орын алуда. Оның тиімді жақтары-жүктелген материалдарды оқушылардың кез- келген уақытта қарап, игере алуы. Әр оқушы оқу материалдарын өз қарқынына қарай игеріп, жүктелген дәрістерді, видео-дәріс материалдарын бірнеше рет қарап, күрделі сұрақтарды терең меңгеруге мүмкіндік алады. Қашықтықтан білім алудың тағы бір артықшылығы, қашықтықтан білім алу арқылы оқушы жоғары баға алу мүмкіндігіне ие[5]. Ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қашықтықтан оқыту нәтижелерінен алған бағалар, дәстүрлі білім беруде алған бағалардан жоғары екендігін көрсетуде. Оқу материалдарын оқушылар өздігімен оқитын болғандықтан тақырыптарды есте сақтау, түсіну қабілеті артады. Қашықтықтан оқу барысында оқушы жаңа технологияларды, программалық бағдарламалармен танысуға мүмкіндік алады. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс әртүрлі әдістермен онлайн және офлайн арқылы жүзеге асады. Электронды пошта арқылы кеңес беру,оқушылар жіберген материалдарды қарап, сұрақ- жауап жазу қазіргі жағдайда өте тиімді болуда. Қашықтықтан оқыту арқылы оқушылар үшін оқулық пен әдістемелік кешеннің жетіспеушілігі сияқты мәселелер орын алмайды[2].
Артықшылықтарын айта кетсек:
Эпидемия кезінде немесе ауа-райының қиын жағдайларында сабақтар өткізу мүмкіндігі;
Өздігінен оқу, қосымша білім алу мүмкіндігі;
Қол жетімділігі қиын аудандарда, мүгедектер үшін сабақтарды ұйымдастыру мүмкіндігі;
Оқытудың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі және жауапкершілігі;
Әр оқушыны оқытуда жеке тіл табысу;
Оқыту уақытына адал көзқарас.
Кемшіліктері:
Эмоционалды шығармашылық атмосфераны құру қиындығы.
Оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды орындағанына сенімді болу мүмкін емес.
Тұрақты бақылау қадағалаудың болмауы оқушыны ынталандырудың болмауына әкеледі.
Оқушылар арасында компьютерлік сауаттылықтың болмауы интернет ресурстарын пайдалануды шектейді.
Қашықтықтан оқыту сабақтары мен тапсырмаларын әзірлеудің өте жоғары күрделілігі.
Мұғалім білім беру үрдісінде оқушылардың эмоциясын, эмоционалды жағдайын көре алмайды.

Дәстүрлі оқу форматында мұғалім сабақты талдап,тақырып мазмұнын сыныпта отырған оқушыларға түсіндіреді және белгілі бір уақыт межесінде оқушылардан тек қана бақылау емес белсенділік талап етіледі.Осындай оқу әдісі оқушылардың өзара мәлімет алмасуларына септігін тигізеді.Дегенмен де дәстүрлі оқыту форматының өзіндік кемшіліктері бар.Атап айтатын болсақ:
1.оқушы мен оқытушының бір аудиторияда болуы талап етіледі;
2.мәлімет жүйесіз жеткізілуі мүмкін;
3.оқушының қаржылық шығындануы;
4.икемділік жоқ,яғни кез келген уақытта кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Оқыту үрдісіндегі ұжымдық, топтық оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Пандемияның бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсерін теориялық зерттеу
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Пәндер