Аударушылардың кәсіби этикасы


Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Көптілді білім беру факультеті,
Аударма және аударматану - 101/3 топ
Қожағали Медина Қуанышқызы
Аударушылардың кәсіби этикасы
(Эссе)
Атырау, 2021
Аудармашы мамандығы журналисттердің мамандығы секілді. Бірақ оған қарамастан, әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Журналисттердің басты міндеті әлемде болып жатырған жағдайды халыққа қысқаша, нақты, толықтай түсіндіру.
... жалғасыАудармашының басты мақсаты, мәтіннің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандай да бір қол қимылы, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ. Ал бұндай жағдай болса, оған мәтіннің мағынасы себеп болады.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз болуы керек. Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағида бар, аудармашылар - екі жағаны қосып тұрған көпір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек. Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кетелік, аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, аудармашы оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғы бар.
Тілді оқығанда, сол ұлттың арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеп, олардың мәнерлерін келтіруге тырысу керек.
Ал аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің баламаларын жаттау керек, мысалы: «мен сізбен кейін хабарласам», «менімен хабарласып отыр», «кім ақырғы?» . . . Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.
Әрине, аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға өз тіліне аударғанша, шетел тіліне аударған оңайырақ түседі.
Тағы бір маңызды мәселе - жалпы және арнайы білім, жан-жақтылық. Осының арқасында аудармашының аудармашы машинадан айырмашылығы.
Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымды, батыс жақтың білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам - ол аудармашы.
Енді бірнеше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:
Аударып тұрған адамның көңілін бөлмеген жөн. Әрине, тәжірибеде өз-өзін тыңдағанды ұнататын адам кездесуі мүмкін, мұндай жағдайда оны тоқтатуға мәжбүр боласыз, бірақ тыңдаушылардың сізге деген көзқарасы дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп тұрған адамға көзіңізбен немесе қол қимылы арқылы тоқтау керек екенін ескеріңіз, ол жанында сіз тұрғаныңызды ұмытпау керек.
Егер сізде сұрақ болса, сіз оны сұрауға міндеттісіз - осындай жағдайда синхронды аударма қолайлы, бірақ тек маңызды деген жерлерді ғана сұраңыз, қайта-қайта адамды мазалаған әдепсіздік.
Егер сіз аудармаға ертерек дайындалып, көрермендер алдында тез, әрі дұрыс аударсаңыз, ол аудиторияға жақсы әсер етеді. Аударуды бастар алдында, тыңдаушылармен байланыс орнатқан дұрыс болады, мысалы: өзіңізді таныстырыңыз немесе сіздің дауысыңызды анық естіледі ме деп сұраңыз. Сонда аудитория сіздің дауысыңызға өз құлақтарын үйрете бастайды.
Ауызша аудармашының мамандығында, ен маңыздысы - дауыс. Сіздің дауысыңыз қатты, анық, бәріне естілетіндей болу керек. Егер сіздің дауысыңыз тым қатты немесе тым ақырын болса, дауысыңызды алдын-ала үйреткен жөн.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz