М. Горбачевтің қайта құруы (1985-1991): кезеңдері, реформалары және әлеуметтік-экономикалық салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қайт құру кезеңі

1985 жылғы наурызда Н. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М. С. Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, Қазақстанда Д. А. Қонаев, Әзірбайджанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Қайта құру бағыты 3 кезеңге бөлінген болатын:

  • Қайта құру бірінші кезеңі- 1985 жылдың наурыз айы - 1987 жыл қаңтар айы.

Бұл кезеңде жеделдету бағыты жүргізілген болатын. Жоғарыда, яғни басшылықта отырған адамдардың пікірінше халықты шыңырау шұңқыр ішінен алып шығу үшін маскүнемдік пен алькоголизмге шек қою керек болды. Және осы іс шаралар уақыт өте өз нәтижесін беріп, еңбек өнімділігі артып, қоғамның дамуы жоғарылай түсті.

  • Қайта құру екінші кезеңі- 1987 жылы қаңтар - 1989 жыл маусым

1987 жылы қаңтарда ЦК КОКП пленумында «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» қабылданған болатын. Соның нәтижесінде кооперативтер ашылып, шет елдермен бірігіп жұмыс жасайтын кәсіпорындар қатары жылдам көбейе түсті. Дәл осы кезде, жалпы дүниежүзі халықтарының Совет Одағына деген көзқарастары өзгеріп жатты. Осы процесстің негізінде қоғам өмірінде «жариялық» саясаты орын алды.

Сонымен қатар, осы екінші кезең тұсында экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмыстық өмірі біршама төмендеп кетті. Ұлтаралық наразылықтар бола бастады. Мысалы, Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан айында студенттермен болған жағдай.

  • Қайта құру үшінші кезең- 1989 жылы маусым - 1991 жыл

Дәл осы үшінші қайта құру кезеңі өте қиын болды. Яғни, ел арасында қайта құру идеялары толықтай қанат жая алмады. Оның бір себебі - осы кезде саяси жағдай қатты тұрақсызданып, мемлекетте әртүрлі саяси топ өкілдері пайда бола бастаған еді. Тіптен, осы кезде КСРО жерінде жерге нан, киерге киім таппай кедейшіліктің тауқыметін тартып жүрген адамдар өте көп болған еді. Көптеген мемлекеттік мекемелер әртүрлі себептермен жабылып қалып жатты, соның кесірінен халық арасында жұмыссыздық көбейе бастады. Осы процесстердің нәтижесінде - Коммунистік партиясның жойылып, КСРОның ыдырауына әкеліп соқты.

  1. XXVII съезд.
  • Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XXVII -ші съезі Брежнев, Ю. В. Андропов және К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейінгі болған съезд. Бұл кезде Михаил Горбачев партияның Орталық Комитетінің бас хатшысы болды. 1986 жылы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Мәскеуде өткізілген болатын. Съезге 4993 делегат қатысты. Съезде М. Горбачев КОКП Орталық Комитетінің баяндамасын және партиялық бағдарлама туралы баяндамасын оқыды. Ол алда болатын өзгерістерді жариялады: өндірістің, ең алдымен машина жасаудың қарқынының артуы және оның техникалық жаңғыртылуы («жеделдету»), кәсіпорындардың тәуелсіздігі мен нарықтық қатынастарды нығайту, елдегі жағдай туралы халықты хабардар ету, азаматтарды саяси өмірге қатысуға тарту, бір партиялық билікті сақтай отырып, капиталистік елдермен қарым-қатынасты теңдік пен ашықтық негізінде жақсарту

Съезд шешімдері:

  • Съезде КОКП Орталық Комитетіне : 307 мүше,
  • КОКП ОК мүшелігіне 170 кандидат
  • Орталық тексеру комиссиясы: 83 мүше сайланды.

Съездде қабылданған құжаттар:

  • КОКП ОК Саяси баяндамасы туралы қаулы.
  • 1986-1990 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары.
  • КОКП бағдарламасы (жаңа басылым) .
  • КОКП Жарғысы.
  • КОКП Орталық тексеру комиссиясы туралы ереже.
  • КОКП XXVII съезіне жолданған хаттар мен өтініштер бойынша қаулы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1985-1991 жылдардағы қайта құру кезеңі: Қазақстандағы саяси, әлеуметтік және экономикалық салдары
Қайта құру саясатының Қазақстандағы жүзеге асуы мен әлеуметтік-экономикалық салдары (1985-1991)
1985-1991 жылдардағы қайта құру: КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дағдарысы, Қазақстандағы реакциялар және ыдырауы
Қайта құру дәуіріндегі Қазақстан (1985-1991): әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер
Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991): саяси-экономикалық дағдарыс және қоғамдық-саяси қозғалыстар
1991-2001 жылдардағы тәуелсіз Қазақстанның экономикалық реформалары мен олардың әлеуметтік-экономикалық салдары
1985-1991 жылдардағы қайта құру: Қазақстандағы саяси-әлеуметтік дағдарыстар және тәуелсіздікке өту
Қазақстандағы қайта құру (1985-1991 жж.) және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1985-1991 жылдардағы Қазақстан: қайта құру мен жеделдету - саяси-экономикалық реформалар және тарихи білімнің трансформациясы
1985-1991 жж. қайта құру кезеңі: Оңтүстік Қазақстандағы саяси, экономикалық және демократиялық өзгерістер (архив құжаттары негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz