Шура-и-ислам және Шуро-и-Улема ұйымдарының құрылуы мен қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Шура-и-ислам және Шуро-и-Улема ұйымдарының құрылуы мен қызметі
Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.
Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады.
Анық бола бастағанындай, өлкенің жағдайында жергілікті прогресшілдердің бағдарламалық ережелерін іс жүзінде іске асыруы орыс ұлыдержавашылдарының тарапынан ғана емес, және де жергілікті халықтың бірқатар консервативтік, дәстүршіл топтарының қарсылығына ұшырады. Әйтсе де, 1917 жылдың жазында өлкеде саяси күштердің орналасуы тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың қарқынына, дәрежесіне және сипатына қатысты; әйелдердің эмансипациясы; соғысқа қатысты; Ресейдің және Түркістанның болашақ мемлекеттік-саяси құрылымына; Уақытша үкіметке және оның жүргізіп жатқан ұлттық саясатына және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлердің түйіспеуінен туындаған табиғи алшақтау процесі тоқталмады.
Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік Шуро-и-Улеманың басшысы Серәлі Лапин болды.
Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің Шура-и-ислам өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.
Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында Шура-и-ислам ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.
Көрсете кету ләзім, Шуро-и-Улема ұйымының идеялық нұсқаулары, сол Шура-и-ислам сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.
Шуро-и-Улема өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.
Мәселен, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен жазылған Шуро-и-Улеманың бағдарламалық құжаттарының бірінде айтылды, Түркістанда ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет... өлкеде жер пайдалану туралы мәселе Шариғат бойынша жері аз мұсылмандарға мемлекеттік және қоғамдық жерлерді пайдалануға көлемді мүмкіншілік берілуі, бірақ, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын сақтау отырып, реттелуі тиіс болды. Түркістан автономиялық федерациясының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөніндегі көрсетілген ережелер бойынша жұмыс еңбегін мөлшерлейтін және жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған арнайы заң ережесі Шариғат нұсқаулары бойынша шығарылуы тиіс болды....
Ақпаннан кейін Түркістанның саяси өмірі, мәлім болғандай, ұлттық қозғалыста екі ағымның күресімен шектелмеді.
Өлкенің орыс қоғамының саясаттандырылған жіктері, әлбетте, болып жатқан оқиғалардан шеткері қала алмады.
Олар социалист-революционерлердің, конституциялық демократтардың, радикал демократтардың, социалист-демократтардың және басқа бірқатар жалпыресейлік партиялардың бөлімшелерінің айналасына біртіндеп шоғырланды.
Әлбетте, барлық бұл ұйымдар халықтың қалың бұқарасы тарапынан қолдау және тілектестікке кепілденуге үміттенді және әлеуметтік қорған табу үшін айтарлықтай күш салды.
Ұлттық қозғалыстың басшылары: Убайдулла Хожаев, Нәзір Төреқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев және басқалар бірінші өлкелік съездің және бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдеріне сәйкес халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кірісті. Оның барысында көпшілік лекциялар пайдаланылды, жиналыстар және митингтер ұйымдастырылып, Ұлы Түркістан, Шура-и-ислам және басқа газеттерде прокламациялар, мақалалар жарияланды. Сонымен бірге, алдағы сайлаудың техникасын және де ұлттық-саяси ұйымдардың бағдарламалық ережелерін түсінікті тілмен халыққа таныстыру мақсат етіп қойылды. Халық мүдделерін қорғауға жарарлық қабілетті адамдардың қалалық думаларға ұсынылуы, жергілікті халықтың тағдыры үшін маңыздылығына назар аударылды. Мұның бәрі жергілікті халықтардың саяси және ұлттық өзіндік санасының дамуына ықпал етті және революциядан кейінгі күрделі жағдайда оларға белгілі дәрежеде бағдар алуға көмектесті.
Прогресшілдер, дәстүршілдердің қарсылығына қарамастан, мұсылман әйелдерінің сайлауға қатысуын қолдады, сонымен бірге Думаны (орыс қауымдарының өкілдері ұсынған) мұсылмандық және орыс бөлімдеріне бөлуге қарсы болды. Өлкенің орыс тілді газеттері осы көкейтесті тақырыпқа арналған аналитикалық шолулар және мағлұматтарға толы болды; онда авторлар оқырмандарға бұл күрестің бұлай бітуі себебін түсіндіруге, көптеген жалпыресейлік партиялардың жеңілісінің европалық халықтар тағдыры үшін салдарын білуге әрекеттенеді.
Мұсылман халқы сайлау учаскелеріне, күткендегідей едәуір көп келді. Дума құрамы көпшілігінде мұсылмандық болады... Осы себепті тоғышарлар түрлі пікірлер айтуда, еске сала кететіні, олардың бәрі бір ғана мәселеге жинақталады. Қаланың орыстық бөлігіне және де жалпы орыс мәдениетіне залал тигізілмес пе екен?
Мұндай күдіктенуді, әлбетте, әлі ертерек деп есептеу керек, өйткені аса мәдениетті азшылық, төмен мәдениетті көпшілікке жетекшілік етуі мүмкін, ал бұл бірлескен еңбек оңды нәтижелер бере алады, бірақ әйтсе-дағы, Улема ұйымынан 64 мұсылман өкілінің өтуі - жайсыз факт....
Сайлау кезіндегі жалпыресейлік ұйымдарға кез болған сәтсіздіктер, аймақтағы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің арасында елеулі айтыс-тартыстың болғандығын, жергілікті халық өкілдерінің көпшілігінің аталған партиялардың бағдарламалық ережелеріне сенімсіздігін көрсетті.
Мұндай жағдай бәрінен бұрын Ұлы державалық рухпен суарылған бұл ережелерден Ресейдің және өлкенің болашақ ұлттық мемлекеттік құрылымы айқын көрінбеуінен туындады. Нақ осы мәселе өзгерістерге талпынған жергілікті халықтық назарын аударды.
Әйтсе де, ұлттық ұйымдардың айқын басымдылықпен жеңуіне қарамастан, түземдік те және орыс баспасөзінде де жаңа қалалық Думаның қабілетсіздігі туралы күдігі көбіне расталды.
Думаның әрбір отырысында дерлік Шуро-и-Улема тобы және Шура-и-ислам өкілдері жиі қолдау көрсеткен жалпыресейлік демократиялық ұйымдардың өкілдері арасында қызу айтыс-тартыс болды.
Өлкедегі өте ауыр әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға қарамастан, әрбір мәселені шешуге мейлі азық-түлік, дәрігерлік-санитарлық, тұрғынжай немесе ұйымдастырушылық болсын, қыруар қымбат уақыт пайдасыз босқа кетті. Тіпті күтпеген жерден 6 тамызда жаңа Думаның бірінші жедел шақырылған отырысы өтті. Думаның асығыс шақырылуына ташкенттік Думадан екі өкілді москвалық мемлекеттік кеңеске жіберу ұсынысымен, қарсаңында алынған жеделхат себеп болды. Социалист-революционерлер фракциясы атынан М.Сосновский екі өкілдің біреуін - орыс қаласынан, біреуін - түземдіктен сайлауды ұсынды.
Ұзаққа созылған жарыссөзден кейін, социалист-революционерлерден Я.Миллер, Улемадан молда С.Мухиддинов, біріккен мұсылман ұйымдарынан Т.Нарботабеков және радикал-демократиялық партиясынан И.Иванов (кейін өз кандидатурасын алды) кандидат ретінде қойылды.
Олар прогресшілдерді өмірлік тәжірибесі аз, европалық мәдениетке батыстық құндылықтарға тым еліктегіш, өзінің түбірінен қол үзген адамдар, сондықтан да мұсылмандық ортада ықпалы мен беделін пайдалана алмайды деп есептеді.
Белгілі өлшемде бұл ескертпелердің, сірә, негізі де болды, өйткені шынында Шура-и-ислам өзінің қатарына көбіне Түркістанның жергілікті халқының элиталық бөлігін біріктірді. Алайда, жоғарыда көрсетілгендей, 1917 жылғы ақпаннан кейінгі оқиғалардан туындаған қарқынды процестер ұлттық ұйымдардың, соның ішінде Шура-и-исламның да саяси бағдарына және бағдарламалық ережелеріне қызығушылығын арттыра отырып, халықтың саясаттануына себепші болмай қоймады. Түркістандық ұлттық ұйымдарға, сол бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде сайланған Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі көмек көрсетуін тоқтатпады. Кеңеске Ресейдің мұсылмандық аймақтарынан 30 өкіл кірді, олар өз кезегінде өзінің құрамынан 12 адамдық Атқару комитетін (Петроградта тұратын) сайлады. Оның мүшелері танымал қоғамдық-саяси қайраткерлер болды: А.Цаликов, Д.Мухамедов, Ш.Мухамедьяров, И.Лемаков, З.Шамиль, А.З.Уәлиди, У.Хожаев, В.Танашев, К.Тоғысов және басқалар.
Жер-жерлерде әртүрлі мұсылмандық баспаханалар құру үшін де едәуір күш жұмсалды. Ол үшін түріктік, мысырлық, қазандық әріптер жаздырып алынды; қаржы жинау науқаны жүргізілді; дәріптеушілік іс-әрекеттері жүргізілді және т.б. Бұл жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, Ташкентте Ұлы Түркістан газетіне қызмет көрсету талап етілген мұсылмандық баспахана алу қоғамының алғашқы акционерлері (М.Яушев, М.Тюменов) пайда болды.
Сол күндері Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің Атқарушы комитетінің атынан Ресейдің барлық мұсылмандарына үнделген, ондаған прокламациялар мен ұрандар басылып шықты. Олардың негізгі мақсаты халықтардан ұлттық өзін-өзі анықтау және тәуелсіздік идеясының аясында біріктіру болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқарушы комитеті, саяси шындықты зерделей отырып, жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесімен жүйелі диалог және байланыс орнатуға әрекеттенді. Ол үшін жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің Бүкілресейлік съезінің Төралқасына олардың орталық және аймақтық органдарына оның өкілдерін қабылдау туралы өтініш білдірді. Бірақ, бұл үндеулер, шамасы, күштердің теңдігі мұсылмандардың пайдасына өзгеруінен қауіптену салдарынан көбінесе назардан тыс қалып отырды.
1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.
Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.
Өзінің тұжырымдарында баяндамашы Ақпан революциясынан кейін де табиғи байлықтарды тонаушылықтың тоқтамағандығын, ал Уақытша үкімет өкілдерінің және жаңадан пайда болған жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің жергілікті түркістандықтарға қарым-қатынасының татымды өзгермегендігін көрсетті.
Ашық, әсерлі және нақты дәлелдерге негізделген У.Хожаевтың сөзі жанды жеріне тиді, оның үстіне айтылғанның көбі съезге келген делегаттардың көпшілігіне жақын және түсінікті болды.
Қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша делегаттар съезд шешімдерімен келісті, алайда, атап өтілгендей, олардың басым бөлігі іске асырылмады.
Үлкен үміт артылған Құрылтай жиналысына сайлау мерзімі жақындауына байланысты, сайлауалды науқаны кезеңі тактикасын әзірлеу ерекше маңызды көрінді.
Осыған байланысты белгіленді:
1. Мұсылмандар, Құрылтай жиналысына сайлауға бір тізім құрады;
2. басқа социалистік партиялармен блок құруға (қажетті жағдайда) мүмкіндік беріледі;
3. кандидаттардың тізімін құру губерниялық ұлттық Кеңестерге немесе оларды алмастыратын басқа ұлттық ұйымдарға беріледі;
4. кандидаттардың тізімдердегі реті дауыс беру жолымен анықталады.
Әйелдер фракциясының ұсынысы бойынша, бұл ережелерге толықтырулар қабылданды, онда айтылды, Құрылтай жиналысына сайлауға әйелдер еркектермен бірлесіп әрекет етуі тиіс, сондықтан да барлық сайлау алдындағы ұйымдарда әйелдер үшін орын берілуі тиіс.
Көкейтесті мәселелердің бірі, әскери-ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты болды. Делегаттар бірауыздан дерлік Бүкілресейлік орталық мұсылмандық әскери кеңес (Харби Шуро) құру идеясын қолдады және мұсылмандардың әскери съезі даярлаған (1917 жылы 17-24 шілдеде Қазанда өткен) ұсыныстардың тұтас пакетін бекітті
Бүкілресейлік мұсылмандық Әскери Кеңес жеке мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру істерінде Ресейдің барлық халықтарының орталық ұйымдарымен қарым-қатынас жасауға және, егер керек етсе, олармен блок құруға құқығы бар деп көрсетілді.
Жеке Мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру жөніндегі мәселені талдай отырып, делегаттар егер тұрақты әскер сақталған жағдайда және халық милициясымен алмастырылмаса, онда ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылуы тиіс деген тұжырымға келді. Еске сала кететіні, осы мәселені шешу үшін Петроградқа жедел делегация жіберуге, егер жөнсіз жауап берілсе, шақыру тәртібімен мұсылмандық бөлімдерді құруға кірісу ұсынылды.
Құрылтай жиналысына мұсылман-әскерлердің сайлау алдындағы тактикасы туралы арнайы шешім қабылданды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары туралы қысқаша түсініктеме
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері
Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мәліметтер
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Пәндер