Бақыттың өзі игілік немесе мақсат екеніне талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бақыттың өзі игілік немесе мақсат екеніне талдау

Есенова Гүлден
Туризм, Жоғары Гуманитарлық Мектеп
Философия: жаһандану және тұлға I
Тлебалдиева М.Д.
15.10.2021

Бақыттың өзі игілік немесе мақсат екеніне талдау
Бақытты көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес. Алайда, соған қарамастан, бақыт адам өміріндегі маңызды және басты орын алатын ұғымдардың бірі. Әр адам бақытты әртүрлі түсінеді: бірі пайдалы іс жасап, айналасын қуанышқа бөлеу десе, енді бірі алға қойған мақсатына жетіп, соның жемісін көру дейді. Мен үшін бақыт деген ізгілік пе әлде мақсат па? Бақыт тек эмоцияларымызды көрсету, қуану дегенді білдірмейді. Бақытты болу үшін адам үнемі қозғалыста, даму үстінде болуы тиіс және нәтижесінде жан дүниенің шаттығына оралады. Менің ойымша, бақыт дегеніміз мақсат емес, игілік, себебі, адами құндылықтарын ізгі істер арқылы дәлелдеген адам өзін де, қоршаған ортаны да дұрыс жолға бағыттап, парасатты адамдардың санын толықтыра түседі. Адамның айтқан сөзі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы оның бойындағы адамгершілік қасиеттерінің дәрежесін көрсетеді. Кез-келген айтылған сөз, жасалған іс-әрекеттің қайтарымы, адамға әкелетін белгілі бір үлесі бар. Өмірде барлығы алма-кезек принципі бойынша жүретіндіктен, бүгін жасалған жақсылық, ертең екі есе қайтып келеді. Мен бақыт ұғымын игілікті істер мен оның тармақтарынан тұратын моншаққа теңеймін және кез-келген адам оның бастамасы бола алады.
Джон Стюарт Милльдің утилитаристік қағидаларына сүйене отырып, мен үшін бақыт - игілік моншағының бастамасы болу деген шешімге келдім. Милльдің пайымдауынша (1863), адам утилитаризм түсінігінде, көп адамға үлкен бақыт сыйлау принципі бойынша өмір сүреді және әрбір жасаған іс-әрекетінің қоғамға әкелетін пайдасы мен зияны туралы ойлауы қажет (бет.41). Адам аузынан шыққан әрбір сөз бен жасаған іс-әрекеттеріне сараптама жасап, оның болашақтағы нәтижесіне жауапкершілік алып отыруы тиісті, себебі оның салдары қандай болатыны адамның өзіне байланысты. Көп адамға үлкен бақыт сыйлау ұғымын қарапайым мысалмен жеткізетін болсам, біреуге қол ұшын созып жіберу, жол көрсетіп жіберу тәрізді іс-әрекеттер қоғамдағы парасатты адамдардың санының көбеюі мен ішкі жан дүниенің рахаттауына әкеледі. Ізгілік моншағының басы болған адам адамгершілік қасиеттерін пайдалы бағытта жұмсай отыра, айналасындағы адамдарды жағымды іс-әрекеттер жасауға итермелеп, қоғамның ойының өзгеруіне әкеледі. Себебі, қоғам қандай жағдай болса да, көпшілікпен бірдей бағытта болуға талпынады. Егер бір адам ондаған адамның бақытты болуына себепкер болса, адам саны артқан сайын, қоғам көпшіліктің таңдауымен жүретін болады. Көпшіліктің бақытты болуы бір ғана адамның жасаған әрекетінен басталуы мүмкін, сондықтан, бізге берілген мүмкіндікті жіберіп алмай, әрбір істі ойланып, салдарының қандай болатынын болжамдап, өз-өзімізге, қимылдарымызға баға беріп отыруымыз керек.
Әрине, қоғамды өзгерту де , қоршаған ортаны бақытты ету де әр адамның өз еркінде. Бұл жөнінде неміс философы Иммануил Кант Мораль метафизикасының негізі еңбегінде қозғап өткен болатын. Канттың (1785) пікірі бойынша, біздің жасаған әрекеттеріміз белгілі бір моральдық тұрғыға байланысты орындалатын болса, оның нәтижесінде әсерін беретін қарама-қайшылықтары туындайды. (бет.10). Ерік бостандығын басшылыққа алып, табиғаттың заңдылықтарына қарсы шығу қате таңдаулардың бірі, себебі, нәтижесінде ол қоғамға зиянын әкеліп, заңға бағынбаушылық әрекеттері орындалып, тәртіпсіздік орын алуы мүмкін. Әрбір парасатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Философиялық трактаттар
Әл-Фарабидың Бақытқа жол сілтеу еңбегі бойынша бақыт түсінігі
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені. .
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Пәндер