Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері

Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі

Мамандығы: мемлекеттік және жергілікті басқару

Жазған: Абдулла Аяулым Бакытқызы

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың кезеңдері ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т. б. маңызды мәселелер анықталады. Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген. Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т. б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т. б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б. д. д. 430-354 жж. ), Платон (б. д. д. 427-347 жж. ), Аристотель (б. д. д. 384-322 жж. ) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б. д. д. жж. ), Лукреций Кар (39~55 б. д. д. жж. ) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. «Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін» деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория «саяси экономия» деген атқа ие болды (грекше: «политейя»- қоғам, «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос» - заң) . Сонымен. Саяси экономия - қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. Басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б. д. д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар - ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді. Меркантилизм - Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда) . Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т. Мен, А. Монкретьен, І Петр, И. И. Посошков. Физиократизм - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф. Кенэ, А. Тюрго, Дюпон де Немур. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. А) Марксизм - (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, Г. В. Плеханов) . Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К. Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К. Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты. Б) Маржинализм - (К. Менгер, У. Джевонс, Л. Вальрос) . Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л. Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау. Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д. Кларк, А. Маршалл, А. Пигу) . Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді. Кейнсиандық мектеп - ХХ ғасыр (Дж. Кейнс) . Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады. Институционализм - ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т. Веблен, У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт және т. б. ) . Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол - экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы. Экономика ғылымының негізгі зерттеу саясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория - оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың біздің ғ. д. негізгі мақсаты - тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды. «Хремасстика» термині - сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты. А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады. Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген. Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт. Экономикалық ғылым - білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру. Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас. Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді. Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы. Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:Біріншіден - экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді. Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді. Э теория пәнінің анықтамасынан шығатын әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді. Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі - үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т. б. қарастырылады. Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және функциялары. Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады. Экономика дегеніміз не?Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн - ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады - үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым - экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн. Адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас. Бұл: Әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады. Бұл:Қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән. Мысалы:Нарықтық, әкімшіліктік-әміршілдік экономика және т. б. Мысалы:Қазақстан экономикасы, дүниежүзілік экономика Мысалы:Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық экономикасы және т. б. Нақты экономикалық ғылымдар. Салалық экономикалық ғылымдар Функциональдық экономикалық ғылымдар Экономикалық ғылымның басқа ғылымдармен байланысы- өнеркәсіп экономикасы- құрылыс экономикасы- ауылшаруаш ылық- экономикасы және т. б. - бухгалтерлік есеп- статистика- қаржы-қаражат - географиямен- тарихпен- демографиямен және т. б. Осы үш негізгі мағыналарға байланысты экономиканың ортақ анықтамасын толықтыруға болады. Экономика - бұл адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты, олардың кез- келген қызметі, іс-әрекетінің негізі. Экономикалық теория - қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады. Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды - материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды. Экономикалық теорияның негізгі қызметтері. Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады (1. 3 - сурет) . Мұның ішіндегі ең біріншісі - танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін ТЕОРЕТИКАЛЫҚ түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі - әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді. Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған. Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған. Экономикалық теорияның зерттеу әдістер . Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет. Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады. Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар:Бақылау, Модельдеу, Ғылыми абстракция, Анализ және синтез, Индукция және дедукция. Бақылау, модельдеу біріншісіне көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты, экономикалық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды, яғни экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бақылау әдісі арқылы, тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады. Модельдеу әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған «диагноз» қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады. Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері - В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім - математик, физик және кибернетик - Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез-құлық» деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «Жаттығу теориясы» тұрғысынан зерттелген. Ғылыми абстракция әдісі Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. Б. белгілейді. Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теория туралы ақпарат
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Экономикалық теория жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теорияның турлері
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасуы
Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар
Экономикалық теория туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz