Тиімді тәжірибе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тиімді тәжірибе

Мен сындарлы оқыту теориясының оқушының пәнді терең түсіну қабілетінің дамуы мен алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана алу мүмкіндігі екендігін түсінемін және өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған теория екенін негіздей аламын. Мен сыныптағы оқу үдерісіне қатысты сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру жолында, өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді жаңашыл идеялармен дамыта отырып өз ұстанымымды негіздеймін.

Бірлескен және топтық жұмыс, топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі туралы көп ақпарат алдым. Топта сенімді қарым-қатынасты қалай дұрыс орнату керектігін түсіндім. Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс әлеуметтік, танымдық және эмоционалдық мақсаттарда жүзеге асатындығын негіздей аламын. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түсетіндігін, олардың түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болатындығын түсіндім.

Өзімнің сабақ жоспарыма оралып сабақта тақырыпты өз бетінше түсіну үшін сабақ жоспарыма бірқатар өзгерістер енгіземін.

Мұғалімдерге қажетті білімге сәйкес көптеген теорияларды білдім. Нақтырақ айтар болсам, мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты ой толғау жасауға міндетті екендігін түсіндім. Әріптестеріммен өзім сабақ беретін пән бойынша немесе мазмұндас пән бойынша, тәлімгерлік қарым-қатынасты нығайтатын басқа да ынтымақтастық ортасын орната білу қажеттігін ұғындым. Осы тақырыпта мен өз білімім мен қабілетімді пайдалана отырып, алдағы уақытты көзі ашық, саналы оқушылар тәрбиелеу үшін өзгеру керектігін түсіндім.

Сыныпқа бақылау жүргізу әдістемесінің маңыздылығы оның ойлаумен тығыз байланыстылығында. Сыныпқа бақылау жүргізу әдістемесі кезінде бақылаушы жалпы ақпаратты, фактілерді, қасиеттерді, құбылыстар мен белгілерді нақты талдай білуі қажет. Бақылаушы көрген, білгендерін толықтай әрі нақты негіздей білуі қажеттігін түсіндім.

Оқу-тәрбие процесінде өз ойын анық жеткізе алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан сонымен қатар жауапкершілік, өз ісіне тиянақтылық, салмақтылық т. с. с қасиеттері бойынан табылатын оқушымен жұмыс жасау барысында мұғалім өз мақсатына оңай жете алатындығы белгілі. Дегенменде осал тұстары, әлсіз қырлары бар оқушыларды да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Мен ұсынылған теориялар мен тәжірибелерге сәйкес сабақты жоспарлауда оқушылардың сыни ойлау мүмкіндіктеріне, жас ерекшеліктеріне олардың қабілеттеріне қарай сабақ жоспарымды өзгертемін.

Қазіргі оқытудағы мұғалімнің рөлі орасан зор. Білім мен тәрбиені оқушыға бағыттайтын маңызды тұлға болғандықтан үнемі сабақ сапасын көтеріп, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеп, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыруды дамытамын.

Құзыретті мұғалімнің сипаттамасы туралы оқушы үнін қолдандым және олардың пікірі бойынша сабақ жоспарыма бірқатар өзгерістерді енгіздім. «Оқушы үнінің» оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуда маңыздылығы зор. Сабақты сан түрлі жолдармен дамытуға болатындығын, соның ішінде «Оқушы үні» арқылы дамытудың маңыздылығына көз жеткіздім. Курс барысында осы алған теориялық білімімді шыңдап, практикалық түрде жүзеге асыру барысында осы «Оқушы үнін» өз сабағымда қолдандым. Сабақ барысында оқушыларға не қызық екенін, алдағы уақытта менің сабақтарымнан тағы қандай әдіс-тәсілдер көргілері келетіндерін, жалпы ұстаз ретінде менің сабақ беру методикамның ұнайтын, ұнамайтындығына көз жеткіздім. Оқушылар өз ойларын ашық жеткізуі үшін жасырын түрде жазып қалдыруларын өтіндім. Екінші түрі- оқушыларға ойларын ашық түрде айтуларын сұрадым, осылай оқушылардың ойларын, ұсыныстарын диктофонға жазып алдым. Алдағы уақытта сабақ сапасын көтеру үшін үнемі қолданып, оқушылардың ой-пікірінің маңыздылығынан бөлек, өзіме таптырмас көмек боларын ұғындым.

Оқу процесіндегі кедергілерді анықтай келе мен өзара әрекеттесу арқылы оқытудың маңыздылығын түсіндім. Оқытудағы кедергілерді жеңуге осы курс барысында алған теориялық ақпараттарымды саралап, ой елегінен өткізіп, одан әрі өз практикамда қолданып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану керектігімді негізге аламын.

Осы вебинарда маған құнды болған ақпараттардың бірі- көрнекті психолог Лев Выготскийдің «Жақынарадағы даму аймағы» деген теориялық ұғымы. Жақын арадағы даму аймағы дегеніміз оқушылардың қабілеті жоғары сыныптастарымен бірігіп оқудағы қиындықтарды шешуі. Яғни, оқушының өз бетінше қол жеткізе алмаған нәтежиесіне оқу деңгейі анағұрлым жоғары, қабілетті, ересек немесе сыныптастарының көмегімен белгілі бір нәтежиеге қол жеткізуі. Сонымен қатар, «Көпіршелер» ұғымын да қоса айтқым келеді. Бұл дегеніміз тапсырманы орындауда оң нәтижеге қол жеткізу үшін оқушыға көмек ретінде берілетін мүмкіндіктер. Жақсы нәтижеге жетуіне ықпал ететін көпіршелер мұғалім тарапынан жауапкершілікпен, нақты дәлелдемелермен берілуі керек. Қорыта келе, мен өз ұстанымдарымды өзгертіп, өз тәжірибемде ЖАДА-ны қолдануды негізге аламын. Тізбектелген сабақ жоспарыма енгізіп, алғашқы көмек туралы сабақта ЖАДА әдісін пайдалануды жоспарладым. Яғни, тапсырманың күрделілігіне қарай «әлсіз» оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар оқылым тапсырмасын бірге орындап, мәтіндегі негізгі ойды анықтаулары қажет. Осылайша, барлық оқушылардың сабақ барысында берілген ақпараттарды толық меңгеретіндігіне сенімдімін.

Әлеуметтік өзара әрекеттесу оқу процесінде маңызды рөл атқаратынын түсіндім. Сыныпта немесе сабақ барысында әлеуметтік өзара іс-қимыл ортасын құратын тұлға- мұғалім болып табылатындықтан, оқу үдерісі кезінде «мұғалім-оқушы» жүйесінің жақсы құрылуына мән беретін боламын.

Өзара қарым-қатынас кезінде оқушы тапсырманы алдыңғы алған білімдері мен тәжірибесін байланыстыра отырып оны орындауға мүмкіндік алады.

Интербелсенді оқыту деп-сабақ барысында барлық оқушылар үшін қолайлы эмоционалды жағдайдағы орта қалыптастыруды айтамыз. Топта жұмыс жасау дағыларын дамыту, өз пікірін, ойын еркін жеткізе алу, оқуға деген қызығушылығын арттыру екендігін түсіндім. Оқушыны оқуға үйрететін маңызды әдістердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, оқыту процесі барысында инклюзивті түрде білім беру әлеуметтік өзара іс-қимыл ортасын қалыптастыру арқылы жүргізілетіндігіне көз жеткіздім. Инклюзивті білім беру- ерекше қажеттіліктері бар, ерекше назарды талап ететін оқушылардың өзге оқушылармен тең дәрежеде білім алуын қамтамасыз үрдіс. Оқушыларды бір-бірінен бөлмей, мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алуына, саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндеті тұрғанын түсінемін.

Оқушының меңгерген білімін, ақпарттарын есте сақтап, жан-жақты іздене отырып, жаңа білімді сыныптастарымен бірге игеру үрдісі. Оқушының өзін-өзі реттеу үдерісі. Яғни, өз қатесі мен жұмыс жасап, білуге деген құштарлығының артуы болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін де назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Осы тақырыпта мен «метатану» ұғымын игердім. Метатану оқушының берілген тапсырманы жоғары деңгейде түсінгендігі, өзі ойлап, тұжырым жасай алу құзыреттілігі. Мұғалім ретінде оқушының жеке дара қабілеттерін дамытуда әр түрлі жолдарды таба білу керектігімді ұғындым. Алдағы уақытта жоғарыда аталған ұғымдарды өз тәжірибемде кеңінен қолдануды негіздеймін.

Диалогтік оқытуды сабақ барысында тиімді қолдану арқылы оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектесетін ең тиімді әдіс. Мерсер сипаттағандай диалог барысында оқушылар бірге белгілі бір нәтижеге жетуге мүмкіндік алады. Сыни ойлай алатын, алған білімін өмірде пайдалана алатын шығармашыл, кұзіретті тұлға қалыптастыруда диалогтік оқытудың маңыздылығы зор. Өзімнің сабақ жоспарыма оралып сыныптағы әңгімелесудің үш түрін көбірек қолдануды негізге аламын. Оның ішінде Мерсер ұсынған әңгімелесудің зерттеушілік түрін көбірек қолдануды көздеймін. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Ортақ мәселе арқылы оқушыларда бірлескен түсінік қалыптасып, өзара идеялармен алмасып, баға беріп, талқылай алады.

Сын тұрғысынан ойлау әдісін оқыту процесінде ең дамыған технологиялардың бірі деп санаймын. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, өзге баламалы шешімдерін табуға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қолдануды негіздейді. Сын тұрғысынан ойлауды, білім беру саласында жоғары сыныптардың оқушылармен байланыстырамын. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған тәсілдерін қарастырдық. Ең оңтайлы тәсіл ретінде мен өз тәжірибемде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытқым келеді. Тізбектелген 4 сабақ жоспарымда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмаларды беріп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Озат педагогикалық тәжірибе
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Педагогикалық тәжірибе және инновация
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz