МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚАЙТСЕ ҒЫЛЫМ ТІЛІ БОЛАДЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚАЙТСЕ ҒЫЛЫМ ТІЛІ БОЛАДЫ?!

Карашина Томирис,
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
Алматы энергетика және
байланыс университеті,
ЭЭк-19-1 тобының студенті

Ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі атты Жолдауында Ғылымды дамыту - біздің аса маңызды басымдығымыз, - деп атап көрсетті. Сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесі туралы білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда екенін, жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңеюін, Ата заң бойынша, Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл - қазақ тілі екенін қадағалап айтты.
Ендеше мемлекеттік тіліміз Абай атамыз айтқан дүниеде өзі, мал да өзі болатын ғылым тіліне айналу үшін оның мәртебесін асырып, дамыту қажет. Оның шарты ретінде қолданылу тетіктерін нақты белгілеп, барлық салада кедергісіз қолданылуына жете мән беріліп, жұмыла күш салыну керек. Төр кімдікі болса, билік соныкі дегендей, жоспарланып қолға алынған істердің мән-жайын бақылап, керек болса талап қойып тексеретін тілдер туралы заңнан бөлек әрбір тәуелсіз елде бар жеке заң - қазақ тілі туралы заң қабылданса, бойында қаны қазақ боп аққан, жүрегі елім деп соққан әрбір ұлтжанды азаматтың армандарының бірі орындалары хақ.
Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат, - деген жүрекжарды даналық сөздің философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидан қалған қағида екенін қазіргі билік басында отырған игі жақсы аға-апаларымыз да хабардар шығар. Бұдан түйетін ойымыз - біздің тіліміз тек белгілі бір салада, белгілі бір тақырып аясында ғана білім-ғылыммен айналысатын ат төбеліндей аз ғана топ адамның мүддесі болып қалмауы тиіс.
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек, - деп М. Әуезов айтқандай, мемлекеттік тіл барлық салада, соның ішінде ғылым тіліне айналу үшін, алдымен, жоғарыдан, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат пен Мəжіліс депутаттарынан бастау керек. Олардың арасында қай ұлттың өкілі болса да жалғыз мемлекеттік тілді жетік білуді жəне сол тілде жұмыстарын атқаруды талап ету қажет. Басқаша болуы мүмкін емес!
Қазақстанның болашағы - жалындаған жігерлі қазақтың ұл-қыздарының қолында десек, тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтқан мемлекеттік тілімізді ғылым тілінде сайрату да осы жастардың қолында. Бұл мәселе жөнінде айтпақ болсақ, ғылым жолына түсетін жас маман, ең алдымен, жоғары оқу орындарынан шығатыны белгілі. Сондықтан олардың қазынасы - білім беретін оқулықтар мен оқу құралдарының сапасына да айырықша мән берілгені жөн. Бұл, әсіресе, техникалық ЖОО-ларға қатысты мәселе. Өйткені бірнеше жыл бойы білім беру негізі орыс тілінде болғандықтан, барлық түпнұсқадағы оқыту құралдары сол тілде шыққаны анық. Кейінгі жылдары мемлекеттік тілде білім алатын студенттер санының артуы себепті әртүрлі ғылым саласы бойынша орыс тілінен аударылған оқулықтар көптеп жарыққа шыға бастады. Бұл бір қуантарлық жай болғанмен, олардың мазмұндық жағына да баса назар аударылу керек сияқты. Өйткені қазіргі кейбір орашолақ аударылған шала-жансар техникалық оқулықтар мен оқу құралдарының олқылықтары оқығанда көзге ұрып тұрады. Яғни сапасы сын көтермейді десе де болады. Кейбір кітаптың мәтінін студент түгілі, сол саланың маманы да түсіне алмас еді. Ал сапасыз оқулықты оқыған, сапасыз білім алған студенттен қандай сауатты маман шықсын! Одан ары ғылым жолын жалғастырмақ болған жас маманнан не күтуге болады? Сондықтан бұл қазіргі ЖОО-лардың кезек күттірмейтін мәселесі болуы тиіс. Ал сапаны көтеру үшін не істеу керек? Әрине, бар мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Орта арнаулы оқу орны болсын, жоғары оқу орны болсын, ана тілімізде жетіспей жатқан оқулықты мінсіз аудару үшін, яғни, басып шығару үшін сол саланың маманынан өзге қазақ, орыс тілінің сауатты тілші ғалымдарын тартып, тиісті мөлшерде қаржы бөлініп, ынталандырылуы тиіс. Елімізде тәуелсіздігімізбен қатар ЖОО-да отыз жыл оқытушылықпен қатар көз майын тауысып ғылыми жұмыспен айналысып жүріп кітап жазатын ғалымдардың үш ұйықтаса түсіне кірмейтін қаржыны құны шамалы мәдени іс-шараларға, оның ішінде әншілер мен әртістер байқауына, ұлттық футбол, хоккей құрамаларының сырттан келген келімсек ойыншыларының кейбіреулеріне бірнеше миллиондап бөлгеннен гөрі, іргемізді бекітетін іргелі ғылыми жұмыстарға көптеп аударып, қолдау білдірсе, әлдеқайда табысты болар едік. Сонымен бірге кейбір ЖОО-ларда қазақ тобы деп аталғанмен дәрістерді студенттерге орысша оқу әлі де жалғасып келе жатқан үрдіс бар. Бұл - мемлекеттік тілді менсінбеу, мойындамау деп түсінуге болады. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында барлық оқу орындарында мемлекеттік тілге байланысты да бірыңғай талаптар енгізілгені жөн.
ЖОО-ның оқу-әдістемелік кешеніндегі ғылыми терминдердің де бір ізге жүйелі түсуін бақылау керек сияқты. Өйткені әртүрлі баспадан немесе әртүрлі оқу орындарындағы әртүрлі авторлардың дайындауымен шығарылған оқу құралдарындағы техникалық мамандық студенттеріне арналған терминдердің кейбіреулері қазақ тілінде әртүрлі аталып жүрген жайы бар. Егер сөздіктердің қандай да бір түрін шығармас бұрын әбден талқылаудан өткізіп, терминком бекіткен сөздіктердің ізімен шығарылса, ешқандай түсініспестік туындамасы шарт.
Қазақстанда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласына сәйкес қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы іске асырылып жатыр. Осы игі дәстүр техникалық ғылымдар бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Қазақ тілі сабағында тест әдісін қолданудың мақсаттары мен міндеттері
Мәшһүр жүсіп Көпейұлының оқу білім шығармалары
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Мұхтар Шаханов
Мәшһүр Жүсіптің көтерген мәселелері
Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі адам мінезқұлқының этнолингвистикалық сипаты
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж), Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев
Пәндер