Абайдың философиясындағы адам мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Эссе тақырыбы:Абайдың философиясындағы адам мәселесі
Орындаған:Жапсарбай Абзал
Тексерген:Баярисов Режеп Уразбаевич

Қазақ халқы егемендікке ие болып, қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге ұшырауына байланысты, еліміз тарихи дамудың жаңа серпінді сатысына көтерілді. Осыған орай бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруда, ұлттық дүниетанымда, ұлттық санада елеулі идеялардың жаңғыруымен, халықтың табиғи болмыстық ерекшеліктерін толықтай танып-түсінуге бетбұрыс жасалына бастады.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев -- қазақ халқының данышпан ойшылы, ақын, философы. Ол қазақ мәдениетінің өсіп дамуына, қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген ұлы ғұлама. Абай өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болған ойшыл. Өз заманының озық ойлы, орақ тілді, қоғамның рухани өмірінде өзгеріс жасауға ынта қойған ағартушы, қазақ қоғамында мәртбесі өте жоғары тұлға.
Қазақ халқы ежелден тамырын тереңге жайған, қилы замандарда өз салт-санасын, дәстүрін, тілін, дінін сақтап келе жатқан ұлт. Ежелден қазақ халқы жастардың тәрбиесіне ден қойған. Ұлттық тәрбиенің қай кезеңде болмасын алға қойған мақсат -- өз топырағында Табиғат Анамен тылсым бірлікте өмір сүре отырып, одан өзіне таусылмас күш, нәр алып, біртұтастық гармонияда бола білу арқылы қоғамда үйлесімді дамуда елінің өткені мен болашағын жасау қадамдарын басқалармен сыйласымда, адамгершіліктен аттамай өмір сүру өнегесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ұлы тұлғалардың өнегесі арқылы ұрпақты тәрбиелеу қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев: Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ғылым таппай мақтанба деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз, -- деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды [1]. Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді әкелді, оны даму принципімен байланыстырды. Халқының надандықтан құтылып, әлемдік мәдениет қазынасын да игере білгенін қалады. Зердені дәріптей отырып, ол жаңа құндылықтық бағдарларды, өмір мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді қалыптасырды.
Абай өсиеті, ақыл-ойы қазақтың алға дамуының сарқылмас қайнар көзі. Жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, олардың бойында ар, ұят, адамгершілік және басқа да қасиеттердің қалыптасуына Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің қайсысын алсаңда жастардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпалы зор. Абай қоғам шындығын, қоғамдық ойды көркем бейнелеп, адамның өнегелік қасиеттері туралы ілімді кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Абай адамды философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыда әр қырынан қарастырған. Себебі адам мәселесі оның дүниетанымының өзегі болды. Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған, оның рухани және материалдық болмысының түрлі қырларын ой елегінен өткізбеген ойшылдар, философты, тұтас философиялық ағымдар мен мектептерді табу өте қиын. Адамзаттың дүниені, айнала ортаны танып-білуінің түп қазығы адам екенін тарих дәлелдеп келеді. Көне қытай философы Лао Цзы: Басқаларды білетін адам -- ақылды, өзін танып-білген адам-данышпан, -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Алланы танушы ойшыл
Философия тарихындағы адам мәселесі
Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық
Абай философиясындағы адам мәселесі
Қара сөз
Адам мәселесі
Пәндер