Қарахан кезеңіндегі мәдениет


1. Қарахан кезеңіндегі мәдениет.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Мемлекеттік дін ретінде - Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды . Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери - үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі - жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі - коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты.
XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
2. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері.
ҚАРАХАН ӘУЛЕТІ ЗАМАНЫНЫҢ ӨНЕРІ - қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері. 10 - 12 ғ-да Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т. б. ) тас көпір салу ісі өркендеді. Архит. құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиц. типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды. Орта Азия мен Қазақстанның арх. үрдісіндегі ішкі бірлік жалпы ислам дүниесіне ортақ қалалық өркениеттің белгілерімен көзге түседі. 10 ғ-дың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. исламды мемл. дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қ-ның жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 - 13 ғ-ларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төм. Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімш. биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңт. Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археолог. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады. Сәндік қолданбалы өнер Қ. ә. з. ө. көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т. б. ) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты, оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды.
3. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі.
Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) - ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz