Мазмұн және пішін



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

ӨСӨЖ №2

Тақырыбы: Мазмұн және пішін

Орындаған: Айдашева Дания
Тексерген: Мұхан Ақтоты

Мазмұн мен пішін - күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін - тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз - бір нәрсенің пішіні басқа; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол - мазмұн.
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз - бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол - пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен-ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір-біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріліп көрелік.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не?
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі - өмір, предметі - адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана - шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны - сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні - осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес. Мәселен, Ботакөз романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық - Қазан социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні - Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Қүзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осынау әр алуан кейіпкерлердің шытырман өмірі - өзара қарым-қатынасы, іс әрекеті, бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімдері арқылы біз Қазан алдындағы қазақ аулының хал-күйін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мақсат-мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалайша келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққандарын, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай жеткенін аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер суреттеген қазақ даласындағы дәуірлік шындық - ұлан ғасыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл (1912 - 1920) ішінде қазақ халқының басынан кешкен аса мәнді һәм күрделі әлеуметтік-саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткенін көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр. Шығарманың көлемі де дәл осы тереңіне сай; кейіпкерлер саны да оқиға мөлшеріне лайық; олардың мінез-бітімдері мен қимыл-харакеттері де тарихи шындыққа сай нанымды, ұтымды, романда суреттелген дәуірдің қоғамдық заңдылықтарын айқын ашып, автордың асыл мұратына мүлтіксіз мегзеп тұр. Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім дегеніміз де, міне, дәл осы еді. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің осы бірлігінде жатыр. Лев Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: а) мазмұн сонылығана, ә) пішініне немесе өзіміз әдетте көп айтатын, талантқа, б) автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықыласына қарап бағалаған. Бұл тегін емес-ті. Шынында да мазмұнға қажет қасиет - сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпты тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін: шығарманың сюжеті мен композициясындағы шеберлік. Мұның өзі тарлан талант қана көтере алар ауыр жүк екені де рас. Ақыр аяғында, жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жинақтап, даралап отырған адам бейнелеріне мығым байсалдылығы, қалтқысыз ауған ыстық ықыласы. Міне, бұл үш сипат түгел тұрғанда нағыз өнер туындысы да тадапқа сай болары сөзсіз.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе - бір мазмұнның бірнеше пішіні болатыны. Өмірде де, өнерде де солай. Өмірдегі көрінісін алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз: мәселен, стачка - жеке стачка ма немесе жаппай стачка ма, бәрі бір - тап күресі болып табылады. Бойкот, саботаж да, күмән жоқ, тап күресі болып табылады. Манифестация, демонстрация, өкілдік орындарға және сондайларға қатынасу - мұның өзі жалпы парламенттер ме немесе жергілікті өзіндік басқармалар ма, бәрібір, - бұлар да тап күресі болып табылады. Осылардың бәрі де тап күресінің өзінің әр алуан пішіндері болып табылады... Енді өнердегі көрінісін бажайлап байқасақ, мысалы, совет халқының Ұлы Отан соғысының ғылым мен әдебиеттегі пішіндердің әр алуандығын өз алдына қойғанда, бір ғана сөз өнерінің өзінде, айталық, Қасым Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңызы мен Хамит Ерғалиевтің Әке сырындағы, яки поэзиясындағы пішіні бір бөлек. Бауыржан Момышұлының Москва үшін шайқасы мен Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндеріндегі, яки прозадағы пішіні бір бөлек болса, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің Намыс гвардиясындағы, яки драматургиядағы пішіні өз алдына бір бөлек. Осының өзі тағы да, жоғарыда айтқанымыздай, пішіннен мазмұнның басымдығын аңғарса керек.
Алайда пішін әдейі мазмұнға тәуелді, бейтарап нәрсе деуге болмайды. Пішіннің атқарар ролі - белсенді роль. Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты. Анығырақ айтқанда, пішіннің әсемдігі - суреткер шеберлігі. Әрбір ірі суреткер өз шығармасының пішініне айрықша зер салатыны тектен-тек емес. Л.Толстой Ревизордың пішіні жайлы былай деген: Гоголь өзінің комедиясын дөрекі, осал жазсыншы, оны қазіргі оқырмандардың миллионнан бірі де оқымаған болар еді. Бұл - шындық.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін екінші бір нәрсе - мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айтплық, махаббат. Бұл - өмірде тұрақты щындық, өнерде мәңгәләк тақырып. Абай әдемі айтқан:
Махаббатсыз - дүние дос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Бірақ өмірдің осы шындығының қнерде көркем жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі - Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттемесе, осы дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отыратыны хақ.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін үшінші бір нәрсе - мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні
Мазмұн мен пішін
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ мәселелері.Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы туралы ақпарат
Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы
Көркем шығарма
Пәндер