Қазақ халқының үй жиһаздары мен материалдық мәдениеті
XV-XVII ғасырларда Қазақстанның мәдениеті өткен кезеңдегі мәдениеттің өткен кезеңдегі мәдениеттің барлық ерекшеліктерін бойына сіңірді.Солай бола тұра, ұлттық өзіндік болмыс жасалып, материалдық және рухани мәдениеттің белгілірі орныға бастады. XV-XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінің аумағы Орта Азияның отырықшы аудандарын қамтығанымен, оның мәдениетінің ерекшелігі бәрінен бұрын көшпелі өмір салтымен анықталады. Үй-жай,киім үлгісі, қоршаған табиғат туралы түсініктері, халық ауыз әдебиеті мен өнерінде көрініс тапты. Қазақ халқының тұрғын үйі материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Үй мен оның ішкі жабдығы қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен үйлесім тапты. Киіз үй ағаш пен киізден құрастырылады. Ол кереге ,шаңырақ, уықтардан тұрады.Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болады. Он екі қанатты киіз үйдің аумағы 100-120 шаршы метрге жетті.XV-XVII ғасырларда Қазақстанға сондай-ақ жартылай отырықшы және отырықшы тұрақты үйлер де тән. Мұндай үйлердің .(жер үй, шошала. қақыра)көпшілігі Қазақстанның оңтүстігінен табылған. Қазақтардың өмірінде олардың басты қыстақ тұрақтары орналасқан Сырдария, Талас және Шу өзендерінің аңғарлары мен Торғай, Есіл және Ертіс өзендерінің маңызы зор болды. Қазақтардың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдаиларына байланысты ежелгі дәстүрлер көрініс тапты. Киім шұға, жүн және жібек маталардың, киіз бен теріден дайндалды. Қазақтарда қасқырдың, түлкінің, жолбарыстың және құндыздың, бұлғынның, күзеннің терілері аса қымбат бағаланды. Терілерден сәнді тондар тігілді. Бағалы аңдардың терісінен тігілген тондар ішкі деп аталды. Қазақтардың қару-жарағы да әр түрлі болды. Ерекше балқытылған болаттан қайқы қылыштар, селебе, семсер жасалған. Сапы, қанжар, жеке ауыз - ұзын пышақтар кеңінен қолданылады. Садақ пен жебе, найза мен қылыш неғұрлым кең тараған қару болды.
XVII ғасырдың аяғынан бастап кейде Орта Азия қалаларынан сатып алынған, ішінара қазақтардың өздері жасаған мылтық та пайдаланыл а бастады.Мылтықтың бірнеше түрі болады: білтесі бар және күміс серіппелі немесе серіппесіз қысқа ауызды мылтықтар.Жалпы шиті мылтық деп аталғанымен от қару түрлерінің бірнеше атаулары белгілі. Солардың ішінде оқпаны сегіз қырлы және жезбен нақышталған мылтықтар, Хиуа ұсталары жасаған ұзын оқпанды мылтықтар , тағы басқалары бар. Қысқа ауызды алысқа ататын мылтықтар қозы көш деп аталды. Оқ-дәріні қазақтар өздері даярлады, кейде көршілерінен сатып алды. Осылайша қазақтардың материалдық мәдениеті өзіндік төлтумалылығымен ерекшеленді, Халықтың шаруашылық өмірінің ерекшеліктерінің бейнеледі, дала малшылары бабаларынаң мәдени дәстүрлеріне сүйенді. Қазақтардың шаруашылық-экономикалық өмір салты, олардың тағамы, киімі өздері өмір сүрген клматтық жағдайларға неғұрлым ыңғайлы келеді. Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII -- ғ. екінші жартысынан) пайда болған.
Киіз үй; Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау -- тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған, -- деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын таңдау бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV -- III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.
Ыдыс-аяқ. Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш, -- деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған.
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.
Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.
Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені -- саба.
Саба -- молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы, Есенейдеген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны тай жүзген деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан.
Тегене -- үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10 -- 15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі -- ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ - саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады.
Зерен - қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады.
Шара - қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.
Қазан - басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны қара қазан деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жер шұқылап, мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Жалпы мәдениетті шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз. Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі және үлкен бір жетістігі - киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін керагу деген сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің керегу атауы кейінгі қазақтарда да сақталған.
Қазақ халқының негізгі баспанасы - киіз үй. Ол ағаш пен киізден жасалып, шаңырақ, уық, керегеден тұрады. Киіз үй көлемі кереге қанаттарының санына байланысты болды. Алты, сегіз, он, тіпті отыз қанатты киіз үйлер болған. Киіз үйлер бірнеше түрге бөлінді: салтанатты киіз үйлер, қарапайым баспана түріндегі киіз үйлер, шаруашылық мақсатта пайдаланылған киіз үйлер және жорық киіз үйлері. Киіз үйдің ортасында ошақ, кіреберіске қарсы құрметті орын төр орналасты. Киіз үй жиһазы ағаш пен тері, киізден жасалған бұйымдардан тұрды.
Моңғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда қабылдаған. XVIII-XIХ ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған. Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады.
Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады. Кереге киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын бірнеше жиналмалы бөліктен тұрады. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық - шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иіннің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі қызметі бар. Бірі - шаңырақты керіп тұру, екіншісі - шаңырақтың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу. Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық - үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Әдетте туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрыш шағын киізді түндік (түңлік) дейді. Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұрады. Оны түнде түсіріп, күндіз шиыршықтап маңдайшаға жинап қояды. Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, әртүрлі таңғыштар, бау-басқұрлар жатады. Олар тоқылып жасалады, әдемі геометриялық өрнектермен безендіріледі.
Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен. Киіз үйдің іші оң жақ, сол жақ болып бөлінеді. Киіз үйдің оң-солы төрден есікке қарап отырған адамның оң-солымен есептеледі. Киіз үйдің сол жақ жоғары бөлігінде үй иесінің төсек-орны болады, одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz