Саяси жүйе құрылымы
Тақырып №6.
Қоғамның саяси жүйесі.
1.Саяси жүйе туралы ұғым.
2.Саяси жүйенің құрылымы.
3.Саяси жүйенің жіктелуі.
1. Саяси жүйе туралы ұғым.
Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған - Т.Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Итсон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. Кірістің 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. М ұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді. Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады. Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әртүрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды.сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілекталаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару дап түсінеді. Шығыс - саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауп деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп кіріс пен шығыс әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор. Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс болмаса және кіріс пен шығыстың әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады. Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. ХХ ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтікэкономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген қызметтерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті. Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдар талданғанда ол 2 деңгейді - институционалдық және бағдарлық - баса айтты. Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екінші саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д.Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсінді. Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық) белгілерді эәне т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуіне бесіншісін - ішкі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz