Тұрғын территорияларды жоспарлау және салу әдістері


Дәріс-4. Тұрғын территорияларды жоспарлау және салу әдістері.
1. Тұрғын зоналардағы құрылыстардың құрамы
2. Тұрғын зоналар құрылымы
Елдімекендердің жоспарлық құрылымында тұрғын үй, қоғамдық немесе аралас, өндірістік-іскерлік құрылыстарды салудың төмендегідей құрылымдық-жоспарлық элементтерін көрсету керек:
- квартал (кварталдар тобы) ;
- мөлтек аудан (мөлтек аудандар тобы) ;
- аудан() ;
- сәулет ансамбльдері мен қала құрылысы кешендері.
Ландшафты-рекреациялық территориялар құрамында 8 бөлімде көрсетілгенталаптарға сәйкес жоспарлау элементтерін көрсету қажет. Тиімді пайдаланусипатын, құрылымдық-жоспарлық элементтер санын, олардыңшекаралары мен өлшемдері жобалау тапсырмаларында анықталуы тиіс.
Қала құрылысын және басқа да елдімекендерді жоспарлау мен салуда олардың функционалдық мақсаттағы басымдықтарын, жопарлы өлшемдерін және басқа да жоспарлы тыйымдарды көрсете отырып территорияны қоршау қажет. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға сәйкесқала құрылысын жүргізудің функционалдық аймақтары белгіленеді:
- тұрғын үй аймақтары;
- қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;
- рекреациялық аймақтар;
- инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдық аймақтар;
- өндірістік (өнеркәсіптік) аймақтар;
- ауылшаруашылығы мақсатындағы аймақтар;
- арнаулы мақсаттағы аймақтар;
- режимді территориялар аймағы;
- қала маңы аймағы;
- санитарлық-қорғау аймақтары;
- резервтегі территориялар (қала құрылысы ресурстары) ;
- арнайы қала құрылысын реттеу аймақтары.
Қала құрылысының функционалды аймақтарының шекарасы елдімекендердің құрылысын жоспарлау мен салуда мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
-территориялардың функционалды пайдаланылуы мен қалыптасқан жоспарлары;
-елдімекеннің бас жоспарында көрсетілген қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының өлшемдері, олардың жоспарға сәйкес дамуы;
- бір аймақ шеңберінде әртүрлі жоспарлы территориялардың бірлесіп пайдаланылу мүмкіндігі;
-әртүрлі категориядағы жерлер шекараларының өзгерістерін негізінде территориялардың дамуына арналған құжаттарға сәйкес жоспарлануы қажет.
Қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының шекарасы төмендегідей мәселелерге байланысты бекітіледі:
- инженерлік коммуникациялардың, көшелер мен өткелдердің қаама-қарсы бағыттағы транспорттардың легін бөлетін магистральды сызықтары;
- қызыл сызықтар;
- жер телімдерінің шекарасы;
- әкімшілік-территориялық бөлініс шеңберіндегі елдімекендердің шекарасы;
- әкімшілік-территориялық бірліктер шекарасы;
- табиғат нысандарының табиғи шекаралары;
- басқа да шекаралар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген ерекше шарттары бар аймақтардың шекарасы, мәдени мұра нысандары орналасқан территоиялардың шекарасы қызмет ету аймағы шекараларымен сәйкес келмеуі мүмкін. Тарихи, мәдени немесе қорғалатын ландшафттық нысандар бар елдімекендерде тарихи құрылыс салу аймақтарын бөліп көрсету қажет.
Қала құрылысын салудың функционалды аймақтар құрамы, сондай-ақ олардың шеңберінде жер телімдерін пайдалану ерекшеліктері қала құрылысын салу регламентімен, нормаларымен, ережелерімен анықталады, қала құрылысын салу, жер, табиғатты қорғау, санитарлық және тағы да басқа арнайы нормативті актілермен шектеледі. Қала құрылысының функционалды аймағын анықтауда және қала құрылысы регламенттерін бекітуде олардың шеңберіндегі жер телімдерін пайдалануда қала құрылыс қызметіне қойылатын арнайы басқарылатын аймақтарда бекітілген шектеулер ескерілуі тиіс. Олардың ішінде тарихи құрылыс салу аймақтары, тарихи-мәдени қорықтар, тарихжәне мәдениет ескерткіштерін қорғау аймағы, ерекше қорғалатын табиғат территориялары аймағы, оның ішінде, саниртарлық, таулы-санитарлық қорғау округі, санитарлық-қорғаныс аймақтары, суды қорғау аймақтары мен белдеулер, пайдалы қазбалар аймақтары, табиғы және техногендік сипаттардағы (жер сілкінісі, сең жүру қаупі, су алу және суда қалу, қазба жұмыстары жүріп жатқан және топырағы отыратын аймақтар) құрылыс салуға тиімсіз аймақтар.
Өндірістік және басқа да нысандары бар қоршаған ортаны қорғау қызметін атқаратын санитарлық-қорғаныстық аймақтар сол нысандар орналасақан қала құрылысының функционалды аймақтарына жатады. Санитарлық-қорғаныстық аймақтарды пайдаланудың шекті мөлшері су ресурстарын қорғау заңдылықтарына, осы нормативті құжатқа, өндірістік нысандарды жобалауға арналған санитарлық- эпидемеологиялық ережелерге сонымен қатар жергілікті санитарлық-эпидемеологиялық бақылау органдарының келісіміне сәйкес.
Қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына (жер сілкінісі, селдер, су тасқыны, сең жүру) бейім аудандарда елдімекендер территориясын белгілеуде қауіпті. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы қолданыстағы жерлерді пайдалану тәртібі қала құрылысын салу заңдылықтарымен және Қазақстан республикасының жеркодексімен реттеледі. . Қауіп деңгейі ең жоғары аймақтарға қауіп төнген жағдайда тез қимылдау мүмкіндігі бар, оларды тез көшіре алатын саябақтар, демалыс парктерін, ашық спорт алаңдарын және басқа да адамдар көп әрі ұзақ уақыт болмайтын нысандарды орналастыру қажет.
Қалалық және ауылдық елдімекендердің жобасын жоспарлауда бекітілген мерзімге сәйкес қала құрылысын дамытуда перспективалы әрі рационалды талаптарды ескеру қажет. Бұл үшін төмендегідей принципиалды шешімдер керек:
аймақтық даму;
қала құрылысын салу аймағын анықтау;
жоспарлау құрылымы;
инженерлі-транспорттық инфрақұрылым;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz