БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ БОЙЫНШ БІЛІМ БӨЛІНІҢ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
№1 КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:

БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР

Орындаған:Болатбекқызы Нұрайым
7 А сынып оқушысы

Жетекшісі:Фаил Ботагөз

Құрық 2021-2022
МАЗМҰНЫ:
I Кіріспе бөлім

1.Жергілікті диалектілердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

II Негізгі бөлім

Батыс Қазақстан өңіріндегі диалект сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Абай шығармаларындағы батыс диалект сөздері ... ... ... ... ... ...

III Қорытынды бөлім

АННОТАЦИЯ
Диалектизм әдеби тілден тыс құбылыс, дегенмен оның әдеби тілді толықтыруға,байытуға үлесі мол. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер - диалектизмдер.
Мақалада диалектілік лексиканы терминқор қалыптастырудың тұрақты көздерінің бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады. Сонымен қатар,ауызекі сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де, диалектілік аймақтық лексикаға да тән аралық құбылыс - дублеттерге тоқталады. Дублеттер мен диалектизмдер, кейде синонимдер бірбірімен араласып-құраласып, ұштасып жатуы, дублеттердің тілде құрамы мен мағынасы жағынан параллель қолданылатын сөздер екендігі туралы айтылады.
АННОТАЦИЯ
Диалектизм-явление вне литературного языка, хотя в его дополнении к литературному,большой вклад в обогащение. Много нового, связанного с развитием науки и техникислова, используемые в качестве народного достояния, когда возникает необходимость найти названия понятиям - диалектизмА.
В статье рассматриваются устойчивые источники терминообразования диалектной лексики необходимости признания одним из них. Изучали особенности местного языка ученые, их мнения, классификация диалектизмов. А также,промежуточные, характерные как для разговорной речи, так и для литературного языка, диалектной региональной лексики
явление-остановится на дублетах. Дублеты и диалектизмы, иногда синонимы смешиваются и соединяются друг с другом, состав и значение дублетов языке со стороны говорят, что это слова, которые используются параллельно.

ANNOТAТION
Dialecтicism is a pнenomenon ouтside тнe liтerarұ language, alтнougн in iтs addiтion тo тнe liтerarұ, agreaт conтribuтion тo enricнmenт. Тнere are a loт oғ new words associaтed wiтн тнe developmenт oғ science and тecнnologұ, used as a naтional тreasure wнen iт becomes necessarұ тo ғind names ғor concepтs
dialecтicism.
Тнe arтicle discusses тнe sтable sources oғ тнe тerm ғormaтion oғ dialecт vocabularұ oғ тнeneed тo recognize one oғ тнem. Тнe peculiariтies oғ тнe local language were
sтudied bұ scienтisтs, тнeir opinions, and тнe classiғicaтion oғ dialecтisms. And also,
inтermediaтe pнenomena, cнaracтerisтic oғ boтн colloquial speecн and liтerarұ language, dialecт regional vocabularұ, will sтop aт doubleтs. Doubleтs and dialecтisms, someтimes sұnonұms are mixed and combined wiтн eacн oтнer, тнe composiтion and meaning oғ doubleтs in тнe language
ғrom тнe ouтside saұ тнaт тнese are words тнaт are used in parallel.

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, говор, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық, не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. Говор - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі- үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жадайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше говор енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие деп те айтылады.
Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Өзге тiлдердегi сияқты бiздің тiлiмiзде де бiр жерде айтылып, бiр жерде айтылмайтын, яки бiр жерде бiр түрлi нұсқада қолданылса, екiншi бiр жерде мүлдем басқаша бiр нұсқада қолданылатын жергiлiктi тiл айырмашықтары деп аталатын құбылыстардың да бар eкeнi аян. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден - ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы сөздер), провенциализм ( аймақтық, облыстық тіл ерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі - диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу өткен ғасырдың отызыншы жылдарында қолға алына бастады. Шындығында, қазақ тіліндегі тіл ерекшеліктерін алғаш рет аңғарып, әр жерде кездесетін өзгешеліктердің себептеріне, ондай айырма сөздердің ана тілімізді байытуға зор үлесі болатыны жайында бірінші рет мақала жазған жазушы Ж. Аймауытов екен. Мақала 19б2 жылы наурыздың тоғызында Еңбекші қазақ газетінде Тіл туралы деген атпен жарық көрген. Жазушы аталған мақалада тіл байлығын арттыруға оның тазалығын сақтауға ерекше назар аударады. Газет, журнал беттерінде Кітап сыны деген мақалаларда өзі білмейтін, өз жерінде жоқ бір сөз тауып, мынау әлде кімнің тілі деп жатырқайтындарға мейлінше қарсы шығады. Қазақтың әр елінде, әр губерниесінде өздері ғана қолданылатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ілім тілінде Жергілікті тіл деп атайды, - дейді. Мақалада бөгде, басқа тілден енген сөздерді қалай қабылдау, тіл тазалығын сақтау жайына да көңіл аударылған. Бұл жөнінде автор өзімізде сөздер бола тұрып оның орнына кіріп бара жатқан бөгде жұрт сөздеріне жол бермеу керек, тілді тазартып отыру керек деп қарайды. Халық тілінің байлығын асыру үшін жергілікті тіл ерекшеліктерін қандай сөздерді қабылдау керектігі жайында да жазушы пікірі айқын. Ж. Аймауытовтың бұл мақаласы диалектология жөнінде бірінші жазылған тұңғыш мақала болса да қазақ тілінің сөздік құрамы, кірме сөздер, жергілікті жерлердегі тіл ерекшеліктері, оның түрлері, халық тілін байытудағы жергілікті сөйлеу тілінен сұрыптап алу тәрізді сүбелі мәселелерді көтерген. Бұл айтылған ойлар осы күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ.Бірақ 19- ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі қате сөйлену дұрыс сөздің бұрмалануы сияқты болып көрініп келеді. Диалектология тіл ғылымының бір саласы болып қалыптасуымен байланысты оның маңызы артып, зерттеу объектісінің шеңбері кеңейе түсті. Аймақтық лексика, оның өзіндік ерекше-ліктері тілші ғалымдар тарапынан едәуір зерттелген мәселе. Оған тіл білімінің диалектология саласын арнайы зерттеген С. Аманжолов, Ж. Досқараев, Ш. Сарыбаев, Ә. Нұрмағанбетов, С. Омарбеков, О. Нақысбеков, Н. Жүнісов, Ғ. Қалиев, Т. Айдаров, Ж. Болатов сияқты ғалымдардың еңбектері куә.

2.1 Маңғыстау өлкесі қазақтарының өздеріне тән диалектілік ерекшелігі
Әбіш Кекілбевтің шығармаларындағы диалект сөздер:
1. Құс қанаты хикаятында мынадай диалектілер бар. Көз көрген сары аяқ келін едін, мына оқымысты неме ит арқасы қиянға алып барады. Ал енді әлгі баласының бір күні ігір де жоқ, мігір де жоқ білегінен жетектеп әкеп кіргізетін шүйкебасы қайда? Солай, ағайын, бұл оңай емес нәсте. Сол жылы бір алағайдан соң, бір бұлағай келеді де тұрады. Борпаяқ неме жетегіне ере алмай, тасқынға ығып кетер түрі бар.
Бұл сөйлемдердегі сары аяқ - үйреншікті
ігір де жоқ, мігір де жоқ - бірден
бір алағайдан соң, бір бұлағай келу - қысылтаяң уақыт
Борпаяқ - жай, шабан қимыл
2. Тасбақаның шөбі әңгімесі бойынша: Әншейінде өз етегіне өзі сүрініп, қапылып жүргенімен,шайы қайнағанша елу ел көшін жөнелтіп, көшкен ел үйін тігіп үлгеретін борпыаяқ Сақыптың қара шәйнегі сол күні ә дегенше бұрқ ете түсті. Қызын ұрайын, мына бір қу таяққа асылып шойнақтап жүруге бұдан әрі қауһар қылмай барады. Оңбайдан естіген әлгі бір әрпіл-тәрпіл өлең жолы аузыңнан шығып кетеді. Білмейді екенбіз, Қарабала да оңашада қара өлеңді қайқайтады екен
Қапылып - асығу
Шойнақтап - ақсақтау
әрпіл-тәрпіл - қалай болса солай
қайқайтады екен - әнді жақсы айтады.
Сол сияқты Қасқа - одағай мәндес көңіл-күйді білдіретін сөз.
Қарау - адамға қатысты сараң, іші тар адам.
Ішін кептіру - жамандау
3. Шыңырау хикаяты бойынша: Әлде осы арада жер үстіндегі кеуектермен жалғасатын жарық бар ма? Еңсеп зіп-зілдей кірпік-терін әзер көтерді. Үсті-басы ебіл-себіл, балалардың иіні жаңар-ды. Әйтеуір, ол әркімдер әлімжеттік беретін тілін табан, жал-пақ бет, қара бала күйінде қалып қойғысы келмейді. Ешкімге жылы шырай, оң қабағы жоқ Құлжаннан балалары қатты айбынды.
Кеуек - үңгір
Зіп-зілдей - ауыр
Ебіл-себіл - жыртық
Оң қабағы жоқ - қатал
әлімжеттік - зорлық көрсету

Жазушының еңбектері бойынша лексикалық, грамматикалық және
фонетикалық сипаттағы диалектілік мысалдарды осылайша көбейтіп, оның әдеби тұлғаларымен салыстыра беруге болады. Оны дәптерлеріне жаздыратын, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру - қазақ әдебиеті мұғалімінің міндеті. Соның ішінде Маңғыстау өлкесінен шыққан жазушының шығармаларында сол жердің диалектісін ұтымды қолданып, көркем шығарманың әрін кетірмеуге шеберлігін танытқанын көреміз. Жазушы халық тілінің байлығын, халықтың ауыз әдебиетінің байлығын орынды пайдаланады Жергілікті диалектілер жазушы шығармаларында әдеби тілмен жымдасып, сіңісіп кеткен, одан көркем шығарманың бояуы солғындап, көркемдігі әлсіреп тұрған жоқ. Халық тілі, халық даналығы жазушының немесе ақынның тілі мен даналығына қарағанда әлдеқайда бай. Міне, осы себепті ұлы жазушылар мен ақындардың тілі әр уақытта халықтың лексика мен сөйлемдердің есебінен байып отырады.
Қазіргі әдеби тілдің жергілікті диалектілердің есебінен байып, құнар-
ланып отыратыны анық. Бірақ оларды кітап, баспасөз беттерінде талғаусыз қолдана беру де дұрыс емес.
Жазушы - бұқара халыққа қызмет етуші, халықтың рухани дәстүрін
байытатын адам. Сондықтан, әдеби тілді ұштап, диалектіні бірте-бірте
жылжытып, көркем әдеби тілге жақындатуда қазіргі сөз шебері
Әбіш Кекілбаевтың үлесі зор. Тіл сияқты халық бұқарасына қызмет ететін
жергілікті диалектілер де өміршең, біршама тұрақты. Келтірілген мысал-
дардан көрінгендей Ә.Кекілбаев шығармаларында фонетикалық, лексикалық,
фразеологиялық және грамматикалық ерекшеліктер неғұрлым орынды,
жөнді қолданылған.
Батыс Қазақстан (Орал қ) өлкесі қазақтарының өздеріне тән диалектілік ерекшелігі
Бaтыc Қaзақcтан қазақтарының тілінде дe ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Диалект сөздер
Диалектология ғылымының зерттелуі
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері
Пәндер