Комбайн



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Комбайн
Комбайн - бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алатын жұмыс машиналарынан біріктірілген күрделі агрегат. Комбайн (ағылшынша combіne - қосу, біріктіру дегенді білдіреді) астық, майлы дақылдар, сүрлем, бақша өнімдері, жеміс-жидек және тамыр түйнекті жемістер жинауға, кен қазуға, т.б. қолданылады. Қолданымына қарай ол кен комбайны, көмір комбайны, ас үй комбайны, ауыл шаруашылық комбайны, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі маңыздысы - ауыл шаруашылық комбайны. Ауыл шаруашылық комбайнының: күріш, жүгері, қызанақ, жеміс, т.б. жинайтын, сүрлем дайындайтын түрлері бар. Күріш жинау комбайны - күріш дақылдарын жинауда қолданылады, оған қосымша қондырғыларды қосу арқылы ылғалды топырақтағы басқа дақылдарды жинауға да болады. Жүгері жинайтын комбайн - жүгерінің собығын сабағынан айырып, қабығынан дәнін босатып, жинайды. Жүгерінің жапырағы мен сабағын майдалайды, жүгеріден жемшөп дайындайды. Картоп комбайны - картоп қатарын қазып, түйнектерін пәлегінен айырып бункерге немесе көлік құралдарына тиейді. Комбайндар механизмдеріне байланысты өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы боп үш түрге бөлінеді. Өздігінен жүретін комбайнның жеке қозғалтқышы, трансмиссиясы, жүріс аппараты (дөңгелекті немесе шынжыртабанды), басқару механизмі болады. Осылардың әсерінен комбайнның барлық тетіктері қозғалысқа келтіріледі. Тракторға тіркелетін тіркемелі комбайн тетіктері орнатылған қозғалтқышпен немесе трактор күш білігінен алынатын қуатпен іске қосылады. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тракторлар мен комбайн алушыларды қаржыландыру үшін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру жұмысы бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды қаржы-экономикалық негіздеудің кейбір мәселелері туралы №282 бұйрықты бекітті. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады ИИДМ.
ҚДБ-Лизинг АҚ аталған бұйрық бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін номиналды сыйақы ставкасы 6% мөлшерлемемен және лизинг алу үшін бастапқы жарнасыз отандық тракторлар мен комбайндарды беретін болады.
Қазіргі уақытта аталған бағдарламаға келесідей техникалар кіреді:
Lovol тракторлары (Агромашхолдинг KZ АҚ), Versatile (Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы ЖШС), Беларус (СемАз ЖШС, Композит Групп Казахстан ЖШС және Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы ЖШС) және Кировец (Қостанай трактор зауыты ЖШС) тракторлары;
Essil (Агромашхолдинг KZ АҚ), Acros (Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы ЖШС, Kazrost Engineering Ltd ЖК), VECTOR 410 KZ (Kazrost Engineering Ltd ЖК) комбайндары.
Комбайндардың маңызы. Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты науқан оны жинап алу. Сайып келгенде өнім тағдырын осы шешеді. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе (10 -- 12 күн ішінде), онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал, мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтары-ның текке кеткендігі деген сөз.
Өнімді тез әрі ысырапсыз жинап алуға бола ма? Әрине болады. Комбайндардың дестелеуіш жаткалардың жинауыштардың және басқа да механизация жабдықтарының көмегімен астық өнімін толық және тез жинап алуға болады. Бұл көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.
Егін жинау әдістері. Көп жылдық тәжірибенің нәтижесінде дәнді дақылдарды комбайнмен жинаудың төмендегідей екі әдісі анық-талды: тікелей комбайнмен жинау және бөлектеп жинау.
Тікелей жинау әдісі бойынша комбайн егістікпен бірінші рет жүріп өткенде-ақ жинау операцияларының барлығын бірден аяқтап шығады: ол бірден егінді орып, оны бастырады, дәнді тазартады және олардың қалдықтарын (сабан және топан) жинайды. Бұл әдіс өте тиімді, оны тек толық пісіп-жетілген, құрғақ және арам шөптерден таза астықты жинау үшін қолдануға болады. Комбайн болмаған кезде астықты қамырланып піскен кезде орып, баулап қоятын. Астық бауларда түрып кеуіп, құрғайтын, пісіп жетілетін. Осыдан кейін оларды стационарлық молотилкалармен бастыратын.
Жинау екі дүркін, бөлек-бөлек жүргізілетін, сондықтан ол бөлек жинау немесе екі фазалы жинау деп аталған.
Қамырланып піскен кезеңі мен толық пісіп жетілу уақыты әдетте 5 -- 8 күнге созылады, ал Орал мен Сибирьде бұл уақыт 8 -- 12 күнге созылады. Осы кезде астық жинау үшін комбайндарды пайдалануға бола ма? Бұл ой комбайнмен бөлектеп жинау технологиясын туғызды, ол төменде баяндалады. Астық қамырланып піскен уақытта дестелеуіш жаткамен орылып аңызда қалған биік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
Комбайндардың маңызы
Интерактивті оқыту технологиясының артықшылықтары
Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері
Астық жинайтын комбайн түрлері
МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ФОРМАЛИЗАЦИЯЛАНҒАН ТАҢДАУ
Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен құралдар
Шахтаның нақты тау- геологиялық жағдайларда қолданылатын қондырғыларды таңдауды негіздеп беру, тазартылатын забойға түсетін жүктемені және өнім алынған учаскедені желдетіп ауасын тазарту үшін қажетті ауа көлемін есептеу
БИДАЙДЫ ӨСІРУ ЖӘНЕ ЖИНАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Астық ору технологиялық процестері және олардың ауа райы, климаттық жағдайларымен байланысы
Пәндер