Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Психологические особенности профориентационной работы с школьниками
Psychological features of vocational guidance for students
Қанат Алтынaй Алдиярқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 2 - курс магистранты
e-mail: boni.lee90393@mail.ru
Ғылыми жетекшісі:

Аннотация: Мақала мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісіндегі заманауи психологиялық ерекшеліктер мәселесіне арналады.
Бүгінгі күні оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарында психодиагностика қолданылады. Оның көпшілігі өткен ғасырдың ортасында пайда болып, қолданысқа енген болатын. Осы әдістерді кәсіби мектеп мамандарының мектеп оқушыларының психологиялық және жалпы дамуының нақты жағдайын, олардың әлеуметтік мәртебесін ескермей қолдану қазіргі кездегі өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерінің бірі - мектеп түлектерінің кәсіби өзін-өзі анықтауы шешімінің дискредитациясына алып келуі мүмкін.
Аннотация: Статья посвящена проблеме современных психологических особенностей школьников в процессе профессионального самоопределения.
Сегодня в карьерном руководстве используются психодиагностики разного типа. Большинство из них появились в середине прошлого века и вступили в силу. Эти методы могут привести к четкому состоянию психологического и общего развития профессиональных школьных специалистов, с учетом их социального статуса, одной из наиболее актуальных психологических и педагогических проблем современных вопросов к дискредитации школьников.
Abstract: The article is devoted to the problem of present-day psychological diagnostics of secondary school students and young people in the process of their professional self-determination.
At present, vocational guidance of secondary school students is based on the psychological diagnostics worked out in the middle of the previous century. Their application without due adaptation to the actual state of present-day secondary school students' psychological development and their social status may lead to discrediting the available solution of a most urgent psycho-pedagogical problem, i.e. professional self-determination of school-leavers.
Кілт сөздер: Кәсіби бағдар, кәсіби өзін-өзі анықтау, психодиагностика, мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру технологиясы, кәсіптік бағдар беру.
Ключевые слова: Профессиональная ориентация, профессиональное самоопределение, психодиагностика, выбор профессии, технологии профессиональной ориентации, профориентационная направленность.
Key words: Vocational guidance, professional self-determination, psychodiagnostics, choosing a professional career, techniques of vocational guidance, the direction of vocational guidance.
Қазіргі уақытта елімізде қалыптасқан жағдай - экономикалық дағдарыс біздің одан әрі даму жүйемізді жаңғыртудың жарияланған бағыты еліміздің өмірінің экономикалық компонентін кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне деген қызығушылықты арттырды. Жаңартылған өндіріс үшін туындайтын экономикалық қажеттіліктерді ескере отырып, арнайы дайындықтан өткен сапалы кадрлар дайындау қажеттілігі туындап отыр. Сапалы кадрларды дайындау жұмыстарын мектеп кезінен, ең дұрысы мектепке дейінгі кезеңнен басталуы орынды.
Жұмысшы кадрларды даярлаудың жақсы құрылымдалған арнайы жүйесінің негізінде мектептің барлық кезеңдерінде баланы психологиялық-педагогикалық қолдау процесін ұйымдастыру қарастырылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім берудің белгілі бір деңгейін таңдауына, яғни, кәсіби бағдарлануына мүмкіндік береді. Жалпы мұны мектептегі білім берудің қалыптасқан жүйесі шешеді, сондықтан жалпы білім беру мекемесінің бүкіл педагогикалық құрамы жұмысының маңызды рейтингтік көрсеткіштерінің бірі - өз түлектерінің елдің экономикалық жүйесіне тиімді кәсіби интеграциясының көрсеткіші ретінде қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
Еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын білікті мамандарды даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда. Мұндай мәселені шешу үшін алдымен келесі сауалдарға жауап алу керек:
- Жас ұрпақтың кәсіби бағдарлануы жағдайында таяу болашақта даму перспективасын кім түсіндіре алады?
- Қарапайым тілмен ұстаздарға және мектеп оқушыларына еңбек нарығына қажетті мамандық жайлы кім нақты мағлұмат бере алады?
Мамандықтардың сан алуан түрлерінің болуы, оларды таңдау барысындағы мәселелер және белгілі бір кәсіптің қызметкеріне қойылатын жоғары талаптар оқушылардың өзінің кәсіби болашағын жоспарлау кезіндегі қиындықтарға алып келеді. Бұл өз кезегінде бітіруші түлектің өзі үшін де, оған көмектесуге дайын ересектер үшін де күрделі әрі әлеуметтік белгісіздікпен басым болады. Бұл жағдай бітіруші түлектің өзіне деген сенімділігін жоғалтуға және жұмыс істеуге деген ынта-ықыластың төмендеуіне алып келеді.
Кәсіптік бағдарлау - бұл мектеп оқушыларына жеке ерекшеліктері, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып мамандық таңдауға жол сілтеу. Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесі кәсіби еңбек объектілерінің дамуының әлеуеті жағдайында ескерілуі маңызды.
Мектепте әзірленген педагогикалық қолдау моделі мыналарды қамтамасыз етеді:
- еңбек қатынастары және болашақ мамандықты таңдау саласындағы оқушының ынтасы мен құндылықтарын қалыптастыру;
- оқушылардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес практикалық тәжірибе алу;
- кәсіптік біліммен және кәсіптік қызметпен байланысты ақпаратты іздеу, еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеу және халықты жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысын меңгеру;
- педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың жұмыс жүйесі арқылы білім алушыларды кәсіптік бағдарлау үшін жағдайлар жасау;
- кәсіпорындармен, кәсіптік білім беру мекемелерімен, кәсіптік бағдарлау жұмысының орталықтарымен ынтымақтастық;
- оқушылардың ата-аналармен бірлескен қызметі;
- оқушыларды кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларының ерекшеліктері, әлеуметтік және қаржылық құрамдас бөліктері, еңбек қызметінің әртүрлі түрлеріне жергілікті, өңірлік және халықаралық сұраныстың ерекшеліктері туралы хабардар ету;
- оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау құралдарын пайдалану және білім алушылардың кәсіптік бейімділігі мен кәсіптік әлеуетін, олардың білім алуды жалғастыру және мамандық таңдау үшін қажетті қабілеттері мен құзыреттерін диагностикалауды, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда компьютерлік кәсіптік тестілеу мен тренингті қамтитын олардың кәсіптік бағдарлануында консультациялық көмекті дамыту.
Еліміздегі білім беру жағдайын жаңарту және Жаңа мектеп жағдайында мектеп жүйесіндегі психологиялық көмек қызметінің орны мен рөлін анықтау міндеттеріне байланысты мектеп психологының жұмысында диагностикалық әдістерді қолдану мәселесі барған сайын өзекті болып келеді. Жалпы психологтар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының ең танымал түрлері (36%) диагностикалық болып табылады (тесттер, сауалнамалар). Педагог-психологтар қолданыстағы әдістердің ішінде 51% жағдайда дәстүрлі кәсіби бағдарлау әдістерін бөліп көрсетеді. Кәсіби бағдар беру жұмысының диагностикалық әдістерінің қайсысы бүгінде педагог-психологқа ұсынылған? Осы топтағы көшбасшыларды қарастыратын болсақ, Е.А.Климовтың ДДО (24%); А.Е. Голомштоктың Қызығушылықтар картасы (10%); Дж.Холланд әдісі (7%). Кәсіби мамандар Н.С.Пряжниковтың активтендіру әдістерін белсенді пайдаланады, Л.Н.Кабардованың Кәсіби дайындық сауалнамасы, Л.А.Иовайшидің техникасы және т.б.
Қазіргі уақытта кәсіби бағдар беру техникасының формалары мен әдістерінің алуан түрлері бар. Психологтардың оларды білмеуі, оларды ажырата алмауы кездесіп жатады және ол өз кезегінде маңызды мәселе болып табылады. Оқушылардың кәсіптік бағдар диагностикасының қолданыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Кәсіби бағдар беру әдістемесі
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Пәндер