РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ЦИКЛДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
№3 практикалық сабақ
Тақырыбы: РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ЦИКЛДЕРІ

СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары.
Рекреациялық іс-әрекет циклы. Рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы.

Рекреациялық іс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.

Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері
Біз рекреациялық қажеттіліктердің өндіріс күштері дамуының белгілі денгейі мен өндірістік қатынастар сипаты жағдайындағы адамның еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру шарттарына қойылатын жеке, топтық және қоғамдық талаптары ретіндегі анықтамасын бердік. Рекреациялыққажеттіліктер рекреациялық іс-әрекет түрлері арқылы қанағаттандырылады. Мұнда рекреациялық іс-әрекет дегеніміз -адамның физикалық, психикалық және рухани күшін қалпына келтіру мақсатындағы адамның бос уақыт кезіндегі әрекеттері [6].
Адамның бос уақытындағы іс-әрекет құрылымының күрделілігі жұмыс әрекетіндегі іс-әрекеті құрылымының күрделілігінен кем емес. Тіпті одан асып түседі, өйткені жұмыс кезінде өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуы адам әрекеттері еркіндігін шектейді. Ал бос уақытында адам күшін қалпына келтіру әдісін саналы немесе бейсаналы түрде таңдауға өз еркі бар.
Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсілдерді рекреациялық шаралар деп атайды. Сонымен, рекреациялық шаралар - бұлрекреациялықіс-әрекет түрлерін іске асыру тәсілдері. Шаралар жинағының ішінде мынадай рекреациялықшараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырауқүлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды екі топқа белуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады (1-кесте) [6].
Рекреациялық-емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климат пен емдеу, бальнеологиялық емдеу, балшықпен емдеу және т.б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының түрлері әралуан болып келеді. Бүған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ваннала-рын алу, ойындар, жай демалыс, саңырауқұлақ теру және т. б.
Рекреациялық-спорттық шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бүған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жорықтар, тау шыңдарына көтерілу және т. б.
Рекреациялық-танымдық шаралар адамның рухани дамуына арналған. Бүған жататындар: мәдени ескерткіштерді тамашалау, табиғат құбылыстарымен танысу жәнет. б.
Рекреациялық шаралардың бірнеше түрі шынында бірігіп орын алады. Мысалы, жаңа жерлерде серуендеу козғалыс пен таным функцияларын бірге орындайды. Рекреант өз еркімен белгілі уақыт ішінде бірнеше рекреациялық шараларды біріктіруі мүмкін. Осындай үйлестіру саны өскен сайын рекреациялық әрекет тиімділігі деі артады, себебі бір уақыт бірлігінде рекреациялық қажеттіліктердін үлкенірек көлемі қанағаттандырылады.

Рекреациялық шаралардың типологиясы
Қалпына келтірілген топ
Даму
тобы

Рекреациялық
емдеу шаралары
Рекреациялық
сауыктыру шаралары
Рекреациялық
спорт шаралары
Рекреациялық
танымдық шаралар

Қатаң түрде
анықтау әдісі
бойынша
санаторлық-
курорттық
емдеу шарасы:
бальнеологиялық
(минералды
сумен) емдеу,
батпақпен емдеу
Таза ауада жүру
және мөлшерлі
физикалық салмақпен кыдыру,
суға жүзу, әр
түрлі ойындар,
саңыраукұлақ
және жеміс-жидек
теру, күн мен ауа
ваннасы, пассивті тынығу және т. б.
Адамның күш-
қуатын өсіру
шарасы (спорт
тық ойындар,
моторлы су
спорты, шанғы
спорты, ұзақ
уақытқа сапарға
шығу, тау
шыңдарына шығу және т. б.)
Адамды рухани
дамыту шарасы
(мәдени және
табиғи ескерт-
кіштерді көру,
мұражайларға
бару, табиғи
және қоғамдық
құбылыстармен
танысу және т. б.)

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды қарапайым рекреациялық шаралар дейді.
Қарапайым рекреациялық шара - бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің әлементтері.
Қарапайым рекреациялық шара (ҚРШ) демалыс бағдарламасын құрастыру негізі болып табылады. Социологтар 100 мыңға жуық ҚРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ҚРПІ-ны ірі топтарға (рекреациялық, іс-әрекет түрлеріне) біріктіру қажет .
Рекреациялықіс-әрекеттің түрі (РӘТ) дегеніміз - қарапайым рекреациялықшаралардың біртекті тобы, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Баскаша айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын қарапайым рекреациялық шаралар жата береді. Туроперейтингтің тәжірибесінде мулдай жағдайлардың маңызы зор, өйткені қандай да болмасын қарапайым рекреациялық шараны еткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін туристке қарапайым рекреациялықшараның басқасын ұсынады. Мысалы, саңырауқүлақ болмай қалғанда, туристерге жеміс-жидек жинауды ұсынады [10].
Барлық рекреациялықіс-әрекет түрлері рекреациялықіс-әрекет циклымен бірігіп, соның құрамына кіреді. Белгілі уақыт ішінде кайталанатып түратын рекреациялықшаралардың тұрақты комбина-циясы рекреациялық іс-әрекетциклы деп аталады (Ю.А. Веденин, 1975).
Тірі жүйелердің өмір сүру шартының бірі - тірі материяға тән биологиялық үрдістердің ырғақтылығы (ритмі). Тәуліктік (цир-кадтық) ырғақтар биологиялық ырғақ болып табылады, бұл тірі жан-дардың қасиеті және олардың өмір сүру шартының бірі. Сондықтан рекреациялықіс-әрекеттің тәуліктік циклын бір мезгілде немесе бірнеше шағын мезеттерде орындалатын әрекеттер үйлесуінің баста-уыш бөлігі болып қарастыруға болады (5-сурет).
Тәуліктік циклдар белгілі уақыт ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдар болуы мүмкін: ұзақдемалыс циклы, өмір циклы, белгілі жас сатыларының циклы (балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ) және т. б.
Yenзақ демалыс циклы тәуліктік циклдардан құрылады. Бірақ бұл кезде бірдей тәуліктік циклдары қайталанбайды. Мысалға, санатор
лық-курорттық емдеу бір-біріне тең емес: адаптациялық (бейімделу), емделу, экскурсиялық кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнің өзінің теракты тәуліктік циклдары қалыптасады. Күн тәртібі деп аталынатын қатаң тәуліктік циклдары санаторлық-курорттық емдеу кезінде, ал катаң емес тәуліктік циклдары - өз бетімен ұйымдастырылған демалыс кезінде пайда болады (6-сурет).
Рекреациялық іс-әрекеттің өмір циклдары рекреация түрлері мен формаларының, географиялық аудандардың кезекпен-кезек ауысу ында және т. б. көрініс алады.
6-сурет. Шаралардың демалыс циклыньщ сұлбасы
(Ю. А. Веденин, 1975)
Рекреациялық іс-әрекетциклдарын олардың қоғамдық функциялары мен технологиялары бойынша да айыруға болады (Ю.А. Веденин, 1975): емдік, сауықтыру, спорттықжәнетанымдық циклдары.
Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар неғүрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып, рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі. Соңғы уақытта көбінесе рекреациялық іс-әрекеттің негізгі үш түрі туралы әңгіме қозғалуда. Оларға емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық рекреациялық іс-әрекет жатады. Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары түрлі рекреациялық шаралар тобына кіргенімен, өзінің функциялық бағыты бойынша бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамнын күш-қуатын сауықтырып дамуына әсерн тигізеді.
Рекреациялық шаралардың әралуандылығы, араластығы және ауысып тұруы рекреациялық аумақтардың касиеттерімен тығыз бай-ланысады. Шаралардың әралуандылығы рекреациялық ресурстардың (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстар) әралуандылығына сәйкес келуі керек. Рекреациялық ресурстардың әралуандылығы шаралардың араласып және ауысып тұруына мүмкіндік береді.
Аудандық жоспарлауда рекреациялық аумақтың көп функция-лық сипаты (табиғи кешендерді таңдау мүмкіндігі, инженерлік құры-лыстардың құрылымы мен орналасуы, т. б.) рекреанттың қолындағы уақыт мезгіліне байланысты яғни істейтін шаралар тізімі мен ұзақ-тығына байланысты. Өз еркімен орындалатын рекреациялық іс-І әрекетциклдары әзірше жақсы зерттелмеген.
Рекреациялық циклдардың жаһандық және макроаумақтық ден-і гейдегі әсерлері рекреациялық саланың аумақтық ұйымдастырылу мәселесі ретінде қарастырылады.
Рекреациялық қажеттіліктер құрылымының өзгерістері себепкер болған рекреациялық іс-әрекет эволюциясының екі негізгі тенденцияларын атап шығу қажет. Бірінші тенденция: бір жағынан, сауыктыру-спорттық және танымдық рекреациялық шаралар маңызының артуымен бірге, барлық шаралардың өсуі жағдайындағы емдеу шараларының азаюы. Ең көзге түсетін ерекшелік - табиғи (өзгертілмеген немесе шамалы өзгертілген) ландшафтарды пайдаланатын рекреация түрлерінің тез дамуы. Екінші тенденция - жана,дәлірек айтсақ, бұрын көп айналыспаған рекреациялық шаралардың пайда болуы.
Ғылыми әдебиетте рекреациялық іс-әрекеттің неше түрлі жіктелуі мен топтастырылуы кездеседі. Олардың негізінде ең жиі кездесетін критерийлері мынадай: саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқықтық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалыс түрі, оның жас мөлшері, шаралар жиілігі және тағы басқалары - бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталады (2-кесте).
Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторлары бойынша бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік балшықтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу жәнебалшықпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-балшықпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-балшықпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Емдік-курорттық рекреация жайлары медициналық-биологиялық нормаларға мүқият сәйкес болулары қажет. Жұртты емдеуге арналған курорт аумақтары белгілі шарттарға ие болуы керек.
Бұрынғы КСРО-да табиғи ландшафтық зоналарға сәйкес курорттар мынадай типтерге бөлінген:
1) теңіз жағалаулық жазықтық, көбінесе жерортатеңіздік климаты, дала, шел, ылғалды субтропик-тер ормандарының климаты, қоңыржай ендіктерінің орман климаты, шөлейт климаты тән курорттар;
2) жазықтық континенталдық ку-рорттар қоңыржай белдеуінің тайга, орман зоналарында, қоңыржай беддеуінің муссондық ормандар климатының зонасында, дала мен орманды дала, субтропиктік ормандар мен шөлейт зоналарында орналасқан;
3) Тау курорттары тау етегіндегі, аласа таудағы (500-1000 м), орта таулардың төменгі белдеуіндегі (1000-1500 м), орта таулардың жоғарғы белдеуіндегі (1000-1500 м) және биік таулы (2000 м-ден астам) курорттарына бөлінген.
Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға шомылу, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б.
Серуендеу жәнекәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті-көз тартатын жерлерді тамашалау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек, теңіз моллюскаларын жәнебасқа да табиғат сыйлықтарын теру.
Соңғы жылдары тіпті құнды асыл тастар мен минералдарды, құпия қоймаларды іздестіру сияқты туризм түрі дамуда. Мысалы, Панаме-рикэн әуе компаниясы құнды минералдарды іздестіру мақсатында Аустралия мен Жаңа Зеландияға 24 күндік саяхат ұйымдастырады. 3 миллионная астам американдықтар бос уақытында теңіз түбіндегі қүлия қоймаларды іздеумен айналысады.
Танымдық рекреация. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір болігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетгі ансамбльдерді тамашалау, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу.
Мысалы, Ресейде танымдық туризм объектісі - Камчаткадағы Гейзерлер Алқабы, АҚШ-та - Йеллоустонның табиғи кереметтері, Қазақстанда- Шарын каньоны, Шетен орманы, Тұйықсу мұздықтары және т.с.с. Рекреациялық іс-әрекеттің танымдық түрлерінің бірі - жануарлар өмірін бақылау. Мысалы, теңіз жануарларының отарларын бакылау үгпін коптеген туристер келеді. Қасиетті Павел аралында (АҚЩ) котик жануарының он қонысы бар. Біреуінде туристер үшін кәдімгі галерея мен бақылау мүнарасы салынған.
Рекреацияның коптеген түрлері табиғи және әлеуметтік-экономикалық себептерден маусымдық сипатына ие. Рекреацияның осындай маусымдылығы коптеген әлеуметтік және экономикалық мәселе-лерді тудырады. Ең алдымен рекреациялық инфрақұрылымының пайдалану тиімділігі томендейді, еңбекпен қамтылу мен қызмет көрсету және колік жұмысында шыңдар мен шүңғымалар пайда болады. Мысалы, теңіз жағалаулық рекреациялық аудандарда қысты күні шілде-тамызга қарағанда еңбекпен қамтылу 3-4 есе төмендейді. Жұрттың кобі жазда, шүрайлы күн козінде демалғысы келеді. Сойтіп, күн көзі маусымдықтың маңызды факторы екені анық.
Сонымен қатар, рекреациядағы маусымдылықтың тағы бір себебі - өнеркәсіп орындары мен мекемелердің жұмыс тәртібі бойынша олар қызметкерлеріне жүйелі демалысты жазды күні беруге тырысады. Білім беру жүйесінің де жұмыс тәртібі осындай.
Рекреацияның кейбір түрлері, әсіресе емдік-курорттық түріне жаалыстамай жаға бойымен одан әрі созылуда. Сөйтіп, ірі сызықтық татын түрлері жыл бойы істейді, дегенмен мұнда да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық жүйе
Рекреацияның типтері
Рекреацияның негізгі функциялары
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Туризмология пәнінен дәрістер
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Пәндер