Ежелгі Грекияның мектебі, ғылыми білімі мен діні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

ШАҒЫН ЖОБА 1
Ежелгі Грекияның мектебі, ғылыми білімі мен діні

Орындағандар: Камелов Дархан,
Акжигитов Талгат,
Шерниязова Камшат,
Қайрлапова Аяжан,
Сагынбекова Сайрасын

Тексерген: Табылдиева Орынгүл

Ақтау, 2021
Ежелгі Грекия 4000 жыл бұрын пайда болып, шамамен 1500 жеке мемлекеттерден тұрған және олардың ең ірісі Афина болатын. Сонымен қатар, оның құрамына: Оңтүстік Италия, Түркия мен Қара теңіздің жағалау аймақтары кірген.
Ежелгі Грекияда ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және қолөнер өте жақсы дамыған. Ауыр жұмысты көбіне құлдар атқарды, ал гректердің өздерінде дамуға және өзін-өзі жетілдіруге уақыт болды. Осылайша ғылым мен өнер дами бастады.
Жеке алфавитын жасау - дамудағы үлкен қадам болды. Алфавитте 24 әріп болды.
Грек балалары әр түрлі білім алды. Яғни ұл баланы 7 жастан бастап мектепке берді, ал жеті жасқа дейін анасының тәрбисесінде болды. Балалар мектепте топтық сабақ оқыды. Тек байдың балаларында ғана жеке оқуға мүмкіндік болды. Ал қыздарды мектепке жібермей, үйлерінде қолөнер мен үй шаруашылығына баулыды. Қыз баланың ең басты абыройы қарапайымдылығы мен үй шаруасын жақсы істей алатындығы болды.
Ұл балаларға мектепте жазуды, оқуды және есептеуді үйретті. Балауызбен қапталған ағаш тақталарға үшкір метал таяқшалармен жазды. Оны стилос деп атаған. Оның бір жағы үшкір болса, екінші жағы доғал болған. Ал есептеуді тастармен жүргізген, себебі сандардың жазылуын білмеген және оларды алфивиттегі әріптермен жазған.
Ер баланы он екі жастан бастап гимнастика мектебіне берген. Гимнастикамен айналысу оқу мен музыкамен айналысу сияқты маңызды нәрсе деп қабылдаған.
Он сегіз жасынан бастап әскери лагерьге жіберген. Онда екі жыл бойы қару ұстауды және қатарда күресуді үйреткен.
Гректердің көпшілігі танымал Гомердің поэмалары Илиада мен Одиссеяны жатқа білген.
Сол уақыттың тағы бір көрнекті ғалымы Демокрит болды. Демокриттің басты жетістігі - атомды зерттеу мен дамыту болып саналады. Ол мұндай теорияны ешқандай құралсыз ұсынды. Оның ең басты теорияларының қатарына тіршіліктің пайда болуы туралы теориясы енді. Ол планетадағы өмір табиғи жолмен пайда болды деп болжады. Ол Құдайды адамдар әлемдік тәртіпті түсіндіру мақсатында ойлап тапты деп сенді.
Атақты көне грек философы Сократ өмірдің мәні - жақсылық жасау деп үйреткен. Сократ өз ілімін тек ауызша түсіндірген, себебі жазу есте сақтау қабілетін төмендетеді деп ойлаған. Сондықтан оның ешқандай еңбегі бізге дейін жетпеген. Сократ Ақиқат дауда туады деп айтқан.
Ежелгі грек философиясы (ілімі, мектептері) деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек полистерінде (қала-мемлекеттерде), Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазына аталады. (Ежелгі Рим философиясы ежелгі грек философиясымен тікелей Ежелгі грек-рим немесе Антикалық философия деген атпен бірігеді).
Демократияық немесе Натурфилософиялық кезеңге Сократқа дейінгі философтардың шығармашылығы жатады:
1) Милет мектебі -- физиктер (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен);
2) Эфестік Герклит;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер (Демокрит, Левкипп) т.б кейбір философтар.
Сократқа дейінгі натурфилософтар айналысқан негізгі мәселелер:
1) табиғат құбылыстарын түсіндіру;
2) космос мәні;
3) айналадағы дүние;
4) түп негіз мәнін түсіндіру.
Ежелгі грек философиялық мектептері мен бағыттары
Милет мектебі б.д.д VI ғ. Ежелгі Грецияда -- Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік -- полисінде пайда болды. Жеті дана деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды. Олардың әйгілілері: Фалес; Анаксимандр; Анаксимен болды. Милет мектебінің өкілдері: 1) Материалистік позицияны ұстанды; 2) Философиямен ғана емес, басқа да нақты жаратылыстық ғылымдармен айналысты. 3) Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысты (сол үшін оларға физиктер -- табиғатты зерттеушілер деген екінші ат тағылды). 4) Субстанцияны -- дүние жаратылған бастапқы негізді ізденіс.
Пифагор -- (б.д.д. VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы) ежелгі грек философы, математигі. Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше: 1) дүниенің мәні сандар арқылы берілген (бүкіл дүниені, ондағы құбылыстардың құпиясын сандар арқылы өлшеп, тануға болады деп есептеді); 2) дүниені тану, түсіну үшін сандарды тануға шақырды (сан арқылы тану сезімдік және идеалистік сана аралығынан өтетін таным жолы деп санады); 3) бір санын дүниенің ең ұқсақ бөлшегі деп түсінді; 4) дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін протокатегорияларды табуға, көрсетуге тырысты жұп-тақ, жарық-қараңғы, түзу-қисық, оң-сол, ер-әйел, т.б.).
Элейлік -- қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (б.д.д. VI-Vғ.ғ.) -- өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс. Элеаттықтар: 1) таным мәселесін зерттеді; 2) сезімдік таным (пікір докса) мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты; 3) монизмді жақтады -- көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдайды; 4) дүниетанымдары идеалистік сипатта болды: дүние, тіршілік -- идеяның материалды бейнесі деп санады; 5) апорияларды -- парадокстарды негіздеді.
Атомистер (б.д.д. V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден -- атомдардан (атомос-неделимое: том -- бөліну, а-қарсы) құралатындығын айтты. Әрбір атом мәңгі және өзгеріссіз
Софистер - "даналықтың", "шешендіктің" кәсіби үстаздары ретінде көрінген ежелгі грек философтарын осылай атаған (б.з.б. V г.). Софистердің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас тарту, табиғат кұбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм -- олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистердің негізгі тобы ("аға" Софистер) құл иеленушілік демократияны жақтады. Оларға ортақ касиет -- табиғатты жалпы материалистік тұрғыдан түсіндіру. Үлкен софистер б.з.д. V ғасырдың 2-ші жартысында болды (ең танымал Протагор Абдерский, Леонтин Горгий, Элида Гиппий, Кеосский Продик, Антифонт). Кіші софистер IV ғасырдың 1-ші жартысында болды (ең танымал Ликофрон, Алкидамант, Фрасим).
Платон академиясы -- б. з. б. 387 ж. Афины маңындағы бақта Платон негізін қалап, грек мифологиясының қаһарманы Академ (Akademos) атымен аталған мектеп. Идеалистік бағыттың негізін қалаушы. Ол идеал дүние туралы, және нақты дүние туралы, сосын білімнің тума екені туралы идеяны қамтиды. Платонның пікірінше, шын болмыс -- ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі. Оның болмысы Прменидтікі секілді біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады.
Аристотель мектебі - адамзаттың бірінші ұстазы деген құрметті атаққа ие. Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды. Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді. Оның алты кітаптан тұратын Органоны ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотель өзінің Метафизика еңбегінде тұңғыш сөзді Адам табиғаты білуге құштар... дегеннен бастайды. Бұл ақыл-парасат пен ғылыми білімнің адамзат үшін маңызын да, ғаламат құдіретін де, айырықша салмағын да аңғартса керек. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып, жаңа жүйеге келтіріп, түрлі ғылым саласынан көптеген құнды еңбектер жазып қалдырды. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен.
Эпикурлік мектеп - басты мақсаты: бақытқа жету. Ерекшелігі - оның бұл дүниелік игіліктерге қатынасында. Қалайтыны - тұрақты, біркелкі таусылмас ләззат. Ол оның ішкі жан-дүниесінде қатты қайранға ұрған тынық теңіздей толқиды. Сондықтан Эпикур ләззат тән саулығы мен жан тыныштығынан тұрады.
Киниктер мектебі - Антисфен ізбасарлары, ежелгі грек философия мектебінің өкілдері. Белгілі өкілі Синоптан шыққан - Синоптық Диоген Киниктер құлиеленуші қоғамның демократиялық жақтарының көңіл күйін көрсетуші. Бақытты және мейірімділікті олар қоғамдық нормаға қарсылық деп білді, байлықтан, атақтан, барлық сезімдік қанағаттан, бас тартып тәуелсіз, еркін өмірді насихаттады
Стоялықтар мектебі - клиниктердің ойына жауап ретінде қалыптасып, дамыған. Стоя Афинадағы кішкентай порттың атауы. Бұл мектептің негізін қалаушы Зигон Китиский. идеясы- сыртқы әлемінің әсерінен құтылу. олар ақыл ой, үнемі өзін өзі жетілдіру арқылы қоршаған ортадан ерекшелеу арқылы құтылуға тырысты.
Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) - объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы - агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) - ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт - сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару - жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма - ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.
Неоплатондық - III - IV ғасырларда туындап, Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім. Неоплатонизмнің метафизика түсінігі болмыс бастауының бір екендігін, сол бір мен барды танудың апафатик. ілімін негіздеді. Неоплатонизм ілімі Аммоний Саккастан (III ғасыр) бастау алғанымен, тарихи дамуында оның бірнеше кезеңдері мен мектептерін атауға болады. Плотин негіздеген Рим мектебі (III ғасыр) Неоплатонизмнің теория жүйесін құрды. Кіші Азиялық Неоплатонизм (IV ғасыр) теор. құрылымдардан бас тартпағанымен, негізінен мистик. тәжірибеге сүйенді (Ямвлих, Феодор Асинский, Саллюстий, т.б.). Неоплатонизмнің жүйелеуші кезеңі (V - VI ғасырлар) афиналық, александриялық мектеп өкілдерімен (Плутарх, Сирион, Прокл, т.б.) тығыз байланысты. Неоплатонизм іліміндегі идеялар мен мұсылман және христиан монотеистік теологиясындағы өзара үндестік қазіргі дінтанушылардың да назарын аударуда.
Ғылымныӊ дамуының негізгі кезеңдері
Ежелгі əлемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы -- бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грек философиясы мен мәдениеті
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
Сақтардың бейнелеу өнері
Антикалық философия тарихы
Ежелгі дәуір мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Таным философиялық мәселе ретінде
Антика мәдениеті
Пәндер