Табиғатты тиімді пайдалану туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№28 Орта мектебі
География пәнінің мұғалімі: Ахмет Меруерт

Табиғатты тиімді пайдалану

Әрбір тұлға табиғаттың бір бөлшегі, ал табиғатсыз адамзат баласының жер бетінде тіршілік етуі мүмкін емес-ті, кейде біз сол табиғатымызды сақтауды ұмытып кететіндейміз. Табиғат біздің аманатымыз ғой. Ал табиғат анамыз біздің сол аманатқа қиянат жасап жатқанымызға жауабын берсе адамзаттың жер бетінен біржолата жойылу қаупі бар емес пе? Адамзат баласы өзінің күнделікті қажетін табиғаттан алатыны бәрімізге мәлім. Тек сол табиғатымызды, қоршаған ортамызды қорғай білу, эталонын сақтау кез-келген адамзат баласы жасап жатқан дүние емес-ті. Сол себепті қазіргі таңда табиғатты сақтау, қорғау қағидаттары, қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ұйымдастырылу үстінде.
Тіпті ғимарат тұрғызып, оның ішін жылыту үшінде энергияны табиғаттан алып отырмыз. Күнделікті өмірде яки ауылды болсын, қала типтес елді мекен болсын үйді жылыту барысында отын энергетикалық ресурстарды пайдаланымыз. Мәселен мұнайдан пластмасса, синтетика, түрлі пластикалық заттар жасап жатырмыз, көмір, газ секілді пайдалы қазбалрымызды экспорттан, яки жоғарыда айтылғандай күнделік өзімізге таныс пеш жағу, тамақ даярлау болсын я болмаса,домна пештерінде темірді балқытуғда пайдаланамыз. Ал біз сол сонау қаншама шақырым жер қойнауындағы отын-энергетикалық көзіміздің жойылып кетпеуі үшін не істеп жатырмыз!? Сол пайдаланып жатқан дәстүрлі энергиямыздан баламалыға ауысу, қалдықсыз өнім жасау, қалдықтарды қайтадан өңдеуден өткізсек, ұлкен қалаллардағы алпауыт қоқыс полигондары азаяр еді.
Әрбір адамзат баласы табиғатты сақтап қалуды, тиімді пайдалануды, әрбір адамзаттың экологиялық білімі болуы тиіс. Жер бетіндегі орман, өсімдіктер, жануарлар әлемі, пайдалы қазбалар осының барлығын табиғат дейміз. Ал табиғатты біз қорғауымыз, үнемдеуіміз қажет.
Табиғатты тиімді пайдаланудың қандай жолдары бар. Жоғарыда айтылған ең әуелі бізге керегі баламалыальтернативті энергияға жол бастау. Дәстүрлі энергиядан баламалы энергияға өтсек біз атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газы
Қазіргі таңда көптеген әлем ғалымдарын ойландырып отырған мәселелері ғой. Отын-энергетикалық ресурсымыз бітпестен бұрын, қарқынды түрде табиғатқа залалы тиместей етіп, олардың орнын алмастыратындай қандай технологиялар бар және қандай баламалар жасай аламыз осы мәселені қарастырып көрейік сіз бен біз. Тіпті бүгінгі мақаламның тақырыбын бұлай алуыма 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Болашақтың энергиясы атты көрмесінің алға қойған мақсаты да осы баламалы энергия көзін дамытуда .
Көрме өткен жылы Қазақстан халқы тұтынатын электр энергиясының 0,2 пайызы ғана баламалы энергия көзінен өндірілетін. Қазір бұл көрсеткіш 1 пайызға жетіпті. Ал "Қазақстан-2050" стратегиялық жоспары бойынша қазақстандықтар тұтынатын энергияның 50 пайызы баламалы энергия секторынан болуы керек. Осындай болашақтың талап-тегеуірініне Қазақстан төтеп бере ме? Дайындығы қандай? Бұны Informburo.kz тілшісі сарапшылардан сұрап білді.
ЭКСПО-да ұсынылған 133 жоба Қазақстанда қолданылады
"Астана" Халықаралық қаржы орталығы жанында құрылған "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (Ары қарай "Жасыл технологиялар орталығы") жетекшісінің орынбасары Салтанат Рахымбекова Informburo.kz тілшісіне берген сұхбатында "ЭКСПО-2017" көрмесі Қазақстанда баламалы энергияны өндіруді дамытуға жаңа серпін бергенін айтады.
Баламалы энергия өндіретін 50 жоба іске қосылған
Салтанат Рахымбекова Ақмола, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында жел және күн сәулесінен энергия алатын 50 жоба іске қосылғанын айтады. Олардың өндіру қуаты Қазақстандағы тұтыну энергиясының 1 пайызын құрап отыр.
- Алдағы 4 жылда Қазақстанның 8 облысында баламалы энергия өндіретін тағы 19 станса (10 жел, 4 күн, 4 су, 1 биогаз - авт.) іске қосылады. Бұл жобалар толығымен шетел инвестициясы күшімен жүзеге асырылады.
"Жасыл" көмір
Көмір - жасыл энергияның көзі емес. Сондықтан оны электр энергиясын өндіруде пайдалану қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде зиян келтіреді. Бірақ Еуропада көмірді ең көп экспорттайтын поляктар мұның да оң шешімін тапқан.
Халықаралық көрмеде Польша елінің делегациясы көмірді газдандыру технологиясын ұсынды. Технологияның алгоритміне тоқталып өтсек, көмірді жандыру кезінде бөлінетін газ арнайы энергия өндіретін турбиналарға бағытталады. Ал қалған қалдықтан "жасыл" көмір жасау мүмкіндігі бар.[1]
Баламалы энергетика -- энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас көздері де енеді. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда қоспайды. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда, баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу тән.
Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.
Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.
Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ын игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф-ғалымдардың өзі мұхит кеңістігін энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын айтқан.
Баламалы энергияны түрлері көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені әлдеқайда дұрыс.
Гидроэлектроэнергия. Су электр станциялары (СЭС) арқылы өндірілетін бұл энергияны барлығымыз жақсы білеміз. Тау өзендері мен сарқырама, жасанды каналдардың жағасына үлкен СЭС немесе гидроэлектрикалық тоған салынады. Ағысы қатты су айналып тұрған турбина арқылы өтеді де электр энергиясын өндіретін арнайы қондырғылар одан қуат алып, оны электр энергиясына айналдырады. Қазіргі таңда Қазақстанда қуаты жоғары Өскемен СЭС-і (қуаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-тері (қуаты 434 мың кВт) орналасқан.
Күн энергиясы. Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Кремний төсемелерінен жасалған фотоэлектрикалық ұяшық өзіне түскен сәулені электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күннен келетін сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдыруға болады, мұны күн жылу энергиясы деп атаймыз.
Жел энергиясы. Ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрі. Желдің қатты жылдамдығы алып жел турбиналарын қозғалысқа түсіреді де, кейін одан электр энергиясы өндіріледі. Нидерланды мен Дания елдері ежелден диірмен қолданады, қазір алып диірмен құрылыстарын салып, жел энергиясын өндіріп отыр.
Геотермальды энергия. Жер қыртысындағы белсенді геологиялық құбылыстар (гейзер, ыстық бу, жанартау лавасы) да электр энергиясын өндіруге пайдалануға болады. Жанартау маңындағы жерасты суы өте ыстық келеді, қайнау температурасынан да артық. Мұндай белсенді геологиялық аймақтарға ұзын құбырлар немесе мұржалар орналастырылады. Ыстық бу осы мұржалар арқылы өтеді де мұржа ішінде орналастырылған турбиналар негізінде электр энергиясы өндіріледі. Әрине, энергияның бұл түрі Қазақстанда өндіруге сай келмесі айтпасада түсінікті, себебі еліміздің жер қойнауы мен жер бедері мұндай энергияны өндіретін, гейзер, жанартау орналаспаған.[3]
Баламалы энергия көздерінің дамуы
Қазір адамзат технологиясы баламалы энергия көздерін тұтынуды жолға қоя бастады. Мәселен, 2019 жылы адамзаттың энергетикалық қажеттілігінің 41,3 %-ын көмір, 21,7 %-ын табиғи газ құраса да, 16,3 %-ын гидроэлектроэнергия мен 10,6 %-ын атом энергиясы, сарқылмайтын энергия көздері (күн, жел, биомасса 5,7 %-ын өтеген. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 2-3 ессе аз болатын: гидроэлектроэнергия - 4,8%, атом энергиясы - 2,45%, сарқылмайтын энергия көздері - 1,2%.
Әрі соңғы жылдары баламалы энергия көздеріне көшу туралы халықаралық келісім көбейе бастады. 2009 жылы Еуропа Одағы Сарқылмайтын энергия көздері жөніндегі Нұсқауға қол қойған мемлекеттер 2020 жылға дейін баламалы энергия түрлеріне көшуге уағдаласқан болатын.
Еуропадағы кейбір мемлекеттер бұл жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Дания мемлекеті мұны артығымен орындаған. Жел энергиясы елдің электр энергияға деген мұқтаждығын толықтай өтеп (140%-ын құраған, яғни 40% артық электр энергиясын өндірген), артылған көлемді Германия мен Швеция мемлекетіне тасымалдауда.
Ал Исландия 2012 жылы-ақ геотермальды энергияны игеру арқылы электр энергияға деген сұранысты толықтай қамтамасыз еткен. 2016 жылы Германия мұнай мен атом энергиясынан бас тарту жөнінде саяси шешім қабылдады.
Халықаралық энергетика агентігі 2050 жылға дейін күн мен күн жылу энергиясы әлемдік сұраныстың 27 %-ын қамтамасыз ететіндігін есептеп шығарған. Агентіктің есебі бойынша 2050 жылы пайдалы қазбаларды өндіру ісі біржолата тоқтайтынын да болжап отыр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есебінде 2018 жылы ел Президентінің Жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылғандығын мәлі мдеген болатын. Осы уақыт ішінде ведомство жемісті жұмыс атқарды. Атап айтқанда, жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Қоршаған ортаны қорғау:
2. Геология.
3. Су ресурстары.
4. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі.
Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көлемі 10%-ға төмендеді Министрлік ұлттық және өңірлік сипаттағы сегменттер, сондай-ақ оларды шешу дәрежесі бойынша экологиялық проблемаларға тексеру жүргізді. Өңірлік экологиялық проблемаларды талдау атмосфералық ауаның ластануы және қалдықтарды басқару мәселелері неғұрлым өткір проблемалардың бірі екендігін көрсетті. 2019 жылғы экологиялық мониторингтің нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалаларында атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі анықталды. Зиянды заттар шығарындыларының жалпы деңгейі 2018 жылдың деңгейінде тұрақталды, бұл шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Төгінділер көлемі 2018 жылы 1,1 млн тоннадан 2019 жылы 0,98 млн тоннаға дейін немесе 10 пайызға төмендейді. Бұл көрсеткішкерге табиғатты қорғау шараларын іске асыру және кәсіпорындардың экологиялық таза технологияларды енгізуі арқылы қол жеткізілді.
2019 жылы экологиялық жағдайды жақсартуға табиғат пайдаланушылармен 172 млрд теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 7 пайызға артық. Мысалы, Павлодар облысының Қазақстан алюминийі кәсіпорнында неміс технологиясының электрофильтрі іске қосылды. Ол бір метрге 50 милигграмға дейін қалдық шаңды тазартудың жоғары деңгейін көрсетіп, жақсы нәтиже беруде.
Сондай-ақ осы айдың соңында екінші фильтрді орнату жоспарлануда. Жентектеу цехында шығарындыларды қысқарту жылына 2,4 мың тоннаны құрайды. Қарағанды облысында Қазақмыс Смэлтинг кәсіпорнына қарайтын Жезқазған мыс балқыту зауыты озық технологияны қолдана отырып, жаңа күкірт қышқылы цехын салуды және пайдалануға беруді жоспарлауда. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 3 есе, яғни 60 мыңнан 20 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Өскемен және Теміртау өнеркәсіптік қалаларында атмосфералық ауаның жоғары ластануы, сондай-ақ Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын кәдеге жарату мәселелерін шешу үшін Министрлік бірқатар компаниялармен шығарындыларды азайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. Атап айтқанда, АрселорМиттал Теміртау 2024 жылға қарай эмиссия көлемін 30%-ға қысқартуға, Қазмырыш өз өндірісінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында күкірт диоксидінің шығарындыларын 20%-ға қысқартуға міндеттенді. ҚазМұнайГаз бірнеше жыл ішінде көлемі 3,6 млн м3 болатын тарихи мұнай қалдықтарын жояды.
Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 6 есеге артты Қазіргі уақытта еліміздің 3,2 мың полигонына 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам ҚТҚ қалыптасады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсуі 5% құрайды. Халықтың 70%-дан астамы қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен қамтамасыз етілген. Бізде полигондардың қуаты іс жүзінде таусылған, олардың басым бөлігі (83%) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ, -- деді министр. М. Мырзағалиев 2016 жылы енгізілген өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) тетігінің арқасында ҚТҚ өңдеу үлесін 6 есеге -- 2,6-дан 15%-ға дейін арттыруға қол жеткізді. Алайда, бұл өте жеткіліксіз. Салыстырып қарасақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-дан асады.
Қайта өңдеудің жоғары үлесі Маңғыстау (33%), Алматы облыстарында (23,3%) және Шымкент қаласында (22,7%) байқалады, ал төмен үлесі Ақмола (3%), Шығыс Қазақстан (3,3%), Батыс Қазақстан (8,6%) облыстарында байқалады. Рұқсат етілмеген үйінділер санының көбеюі мәселесі де назар аударуды қажет етеді. 2019 жылы ғарыш мониторингі аясында 9 мыңнан астам үйінділер анықталды. Министрлік қалдықтарды жою кестелерін жасады. 30%-ға жуығы (2,7 мың), шамамен 400 мың тонна көлемімен жойылды, ал бұл Ақтөбе облысында немесе Нұр-Сұлтан қаласында түзілетін қалдықтарының жылдық көлемі. Бірқатар өңірлерде кәдеге жарату көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Ақтөбе және Ақмола облыстарында кәдеге жарату үлесі 3%-ды құрайды. Сонымен қатар заңсыз қоқыс тастайтын жерлер мәселесін шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көлікте GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі қарастырылған.
Мұндай үлкен көлемді қалдықтарды қалай азайтуға болады? Бүгінде еліміз бойынша орташа тариф 200 теңгені құрайды, инвестордың келуі үшін тарифті ондаған есеге ұлғайту қажет. Біз мұны жасай алмаймыз. Осыған байланысты, біз еуропалық тәжірибені зерделедік және климат жағдайларын ескере отырып, біз жалғыз шешім "Waste to energy" технологиясы екенін көріп отырмыз. Бұл жалпы электр желісінде сатылатын, қоқысты жағып, одан электр энергиясын өндіретін механизм, -- деді М. Мырзағалиев. Осылайша, саланың инвестициялық тартымдылығы пайда болады және жеке компаниялар елге келуі мүмкін. Министрлік Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан тиісті заң жобасына бастама жасады. Заң қабылданғаннан кейін ЭГТРМ алғашқы аукциондарды өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда әкімдіктермен жер учаскелерінің, инфрақұрылымдардың болуы және қалдықтарды кепілді тиеу бойынша мәселе белсенді түрде пысықталып жатыр. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар (ЖҚОЛ) мәселесі де шешімін тапты. Елімізде бүгінде Кеңес заманынан бері құрамында ЖҚОЛ бар қалдықтардың орасан зор көлемі жинақталған. Бұл құрамында ПХД бар майлы 40 мыңнан астам трансформаторлар мен конденсаторлар, 82,6 тонна және 4 100 литр ескірген тыйым салынған, пайдалануға жарамсыз пестицидтер және т. б. 2019 жылы Министрлік ЮНИДО-мен (БҰҰ) Қазақстанға қауіпті қалдықтарды жою жабдықтарын орнатуды беру туралы келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ М. Мырзағалиев Дарьял-У қауіпті қалдықтар мәселесі бойынша жұмысты атап өтті. Бұл проблеманы қайта орауға және қалдықтарды шығаруға қаржыландырудың жоқтығынан 15 жыл ішінде шешу мүмкін болмады.
Ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін ақы төлеуден босатылады Қазіргі экологиялық проблемаларды тиімді шешу үшін әрбір өңір олардың ерекшелігін ескере отырып, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірледі және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер Экологиялық жағдайды жақсартудың кешенді жоспарларын әзірледі. Алайда, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар кешені жеткіліксіз, ұлттық деңгейдегі шаралар қажет. Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәсілдері негізінде Экологиялық кодекстің жаңа жобасы әзірленді. Жоба талқылаудың белсенді кезеңінен өтті. 2 мыңға жуық түзету келіп түсті, жоба 40-50%-ға өзгертілді. Басты бағыттардың бірі -- ластаушы төлейді халықаралық экологиялық қағидатын іске асыру. Яғни, ластаушыға айыппұл санкцияларын төлегеннен гөрі, ластануға жол бермеу экономикалық жағынан тиімді және ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізетін болады. Бюджетке ақшалай өтемақы өндіріп алудың орнына экологиялық залалды заттай нысанда өтеу (яғни қоршаған ортаның бұзылған компоненттерін қалпына келтіру) көзделетін болады. Елдегі экологиялық жағдайды жақсартудың нақты мүмкіндігі -- өнеркәсіпте ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу. Оған көшу үшін тиісті Бюро құру, сондай-ақ олар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, ірі компаниялардың өндірістерін кейіннен жаңғыртумен технологиялық аудитін жүргізу жоспарлануда. Бұл мәселеде біз ластаушы заттардың шығарындылары 94%-ға қысқарған еуропалық елдердің тәжірибесіне сүйенеміз. Бұл ретте ОҚТ енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін ақы төлеуден босатылады. Егер олар ОҚТ-ға өтпесе, олардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері бірнеше есе өседі. Бұл өз кезегінде табиғат пайдаланушылар үшін ынталандырушы құрал болып табылады. Бұл жылдам шешілетін мәселе емес, компанияларға өтпелі кезең қажет. Бірақ нәтиже бойынша ластаушы заттарды төмендету нормативтері бойынша еуропалық стандарттарға қол жеткізе аламыз.
100% мөлшеріндегі экологиялық төлемдер өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталады Сондай-ақ, жұртшылық пен халықаралық сарапшылар экологиялық төлемдерге және олардың жұмсалуына қатысты қазіргі жағдайді үнемі айтып келеді. Бүгінде экологиялық төлемдер қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету үшін емес, бюджетті толықтыру көзі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар түсетін қаражаттың тек 45%-ын қоршаған ортаны қорғауға бөледі. Ал кейбір өңірлер бюджетке түскен төлемдердің 10%-ынан азын жібереді. Осыған байланысты, жаңа Экологиялық кодексте экологиялық төлемдердің жергілікті бюджеттеріне түскен қаражаттың 100%-ы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталатыны көзделген [2].
Экокодекс жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді және қазір ҚР Парламенті алаңында талқыланып жатыр. Тек бірлескен іс-әрекеттер ғана елдің табиғи байлығын сақтауға көмектеседі Экологиялық мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру мәселесі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басты назарында. Былтыр Министрлік Бірге. Таза Қазақстан, Бірге. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Пәндер