Этнос, халық және ұлт: этникалық топтар, этникааралық қарым-қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1. Этнос, халық, ұлт.

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т. б. ) . Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т. б. ) .

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Халық - тілі, мәдениет, өмір сүру аумағы, діні, тарихы ортақ адамдардың үлкен тобы. Халықтың маңызды белгілерінің бірі - тілі. Бірақ кейде бұл да басты шарт болмай қалады. Мәселен, әлемде бір тілде сөйлейтін әртүрлі халықтар бар. Шотлан, ирлан және валл халықтары түгелдей ағылшын тілінде сөйлейді. Бірақ олардың өзінің туған тілі, ана тілі бар. Оларды біріктіретін - осы ана тілі.

Халық дегеніміз - ұлт пен ұлыстардың уақыт өте келе бірігіп, тарихи жағынан қабаттасып, бітісіп кеткен бірлік. Мәселен, қазақ халқы ортағасырларда көптеген этникалық топтар мен ұлыстардың бірігуінен, сіңісуінен қалыптасқан. Қазақ халқының құрамында 92 ру бар деседі. Мұның бәрі көне замандарда бір-бір ұлыс пен этникалық бірлік болған топтар. Қазір олардың бәрі бірігіп, қазақ деген халықты құрап отыр.

Ұлт - халық дамуындағы белгілі бір баспалдақ, кезең. Бұл кезде халық өзінің мемлекетін құрады. Мәселен, қазіргі француздарды халық деп те, ұлт деп те айтуға болады. Ұлт болатын себебі Францияда француз, бретон, корсика, эльзас-лотарингтер сынды этникалық қауымдар бар. Олар бұрында белгілі бір аймақтың, жердің иесі болғанымен, қазір олардың мемлекеті жоқ. Олар Франция деген елге бірігіп, француз халқы болып отыр. Бірақ араларында этникалық өзгешеліктер бар.

2. Этникалық топтар және олардың өзара тіршілік етуі.

Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.

Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:

Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;

Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;

Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;

Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;

Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.

3. Этникалық мүдделер және этникааралық қарым-қатынас .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнология теориясы мен практикасы: этнос, этникалық топтар және этникалық тазарту
Қазақстан Республикасының ұлтаралық келісім саясаты: қалыптасу кезеңдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Этнос пен ұлт: әлеуметтанулық талдау және ұлтаралық қатынастар
Қазақстандағы этномәдени орталықтардың қазіргі жағдайы және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы: этнос, тіл және Қазақстандағы ұлт саясаты
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы және көпұлтты қоғамдағы ұлтаралық қатынастарды реттеудегі қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен мемлекеттік ұлттық саясаттағы рөлі
Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен этносаралық келісімдегі рөлі: жиырма жылдық тәжірибе
Қазақстан халқы Ассамблеясының Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі мен маңызы
Қазақстанның тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету моделі: Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz