Білім беру әлеуметтануы, білім жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. Білім беру әлеуметтануының ұғымы мен мазмұны.

2. Білім жүйесінің әлеуметтік құрал ретінде өмір сүру қызметі және оның құрылымы.

3. Білім беру процесінің сатылары: бұқаралық және элитарлық білім. Білім беру концепциялары.

4. Қазақстандағы білім беру эффективтілігі және әлеуметтік зерттеу әдісі. Білім беру және табыс.

1. Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген. Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т. б. ), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Оныың өзіндік қызметтері де бар:

  1. Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
  2. Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;
  3. Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
  4. Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
  5. Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.

Білім беру әлеуметтануының негізін М. Вебер және Э. Дюркгейм қалаған.

2. Білім жүйесінің әлеуметтік құрал ретінде өмір сүру қызметі және оның құрылымы

Менің ойымша, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама беріп алғанымыз жөн.

Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден , әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасау, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

Екіншіден , әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.

4 . Қазақстан Респуликасынның білім беру салас ы өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытып, сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру саласы құралып, ары қарай даму сатысында тұр .
Білім берудің консепциялары жалпы стратегияны анықтайтын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы, Мемлекеттік білім беру бағдарламасы, Жоғары білім беруге қатысты Лиссабон Конвенциясы және т. б.
1990 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.
1992 және 1999 жылдары қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты Республикада білім беру саласын демократияландыру гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай тың мәселелер қаралуда.
Президентіміз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы» бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы» жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Білім беру жүйесін жетілдіруде ең басты қадам мемлекет бойынша Бірыңғай ұлттық тест /БҰТ/ және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген.
Мемлекетте жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік ЖОО-дары қамтамасыз етуде. Ондағы профессорлік-оқытушылық құрам 38 мың адамға сәйкес, оның ішінде 14 мыңы докторлар мен кандидаттар.
Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат-магистратура-доктарантура /PhD/.
Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және перспективті дамыту мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика бойынша оқу-әдістемелік кеңестері құрылуда, ал ЖОО-дар ішіндегі жетекшілері бойынша 30 астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша жұмыс істейді.

3. Әлеуметтік білім беру концепциясы - теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер - нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты. Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырлады. Әлеуметтік білімнің құрлымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс- әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар - мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келітірілуін айтамыз.

Әлеуметтік білімнің негізгі құрлымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мынылар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын - экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.

4. Саяси әлеуметтануға кіретің алуан түрлі ғылми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататың зерттеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік - саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрлымы, қызметі және фукциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;

6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т. б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:

а) жалпы әлеуметтану теориясы;

ә) эмперикалық әлеуметтану;

б) орта деңгей теориялары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Білім әлеуметтануы концепциясы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Білім беру әлеуметтануы
Әлеуметтану бойынша материалдар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz