Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Нұр-Сұлтан қаласыны

№35 мектеп - лицейі

Тақырыбы: “Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы”

Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Дюсенбекова Альмира, Ким Валерия

4 «В» орыс сынып оқушылары

Жетекшісі :Баетова Ляззат Кихметовна

орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Нұр-Сұлтан 2021

Нұр-Сұлтан қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушылары Ким Валерия мен Дюсенбекова Альмираның

“Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы”

тақырыбында жазған ғылыми жобасына

ПІКІР

Оқушылар бірлесе отырып ғылыми жұмысты жазған. Аталған тақырыпты жан-жақты қарастырған. Жоспарда көрсетілгендей кіріспе бөлімінде тақырыптың негізгі бағыты мен мақсаты айқындалған. Альмира әжесінен кеңес алып отырған. Кітаптардағы, ғаламтордағы мәліметтерге сүйеніп, өздері де зерттеу жасаған. Ою-өрнек түрлерін әр топтарға бөле отырып, ою-өрнектің мағынасы мен тәрбиелігіне терең тоқталып ізденген. Қазақ халқының қолданбалы қолөнер туындыларын зерделей отырып, көп ізденіс жұмыстарын жүргізген. Ізденіс жұмыстарына сүйене отырып шағын ою-өрнектер жинағын жасаған. Альмира мен Валерия сауалнама жүргізу барысында адамдардың қаншалықты қазақтың ою-өрнектерін білетінін, олармен қаншалықты таныс екеніне көз жеткізді.

Шеберлерден сұхбат ала отырып, оюларға жаңа мән беруді, оларды түрлендіру мен гүлдендіру, сұлулық пен тәрбиелік мәнін түсіндіру, ежелден келе жатқан өнерімізді сақтай білу мен оны ұрпаққа жеткізу жолдарымен танысты.

Бақылау кезеңінде жоба авторлары мынандай қорытынды жасады: қазіргі кезде қазақтың ою-өрнектерін көптеген жерлерде қолданып қана қоймай, олардың жаңару жүйесінде, күнделікті қолдануда болып жатқанына, біздің қазіргі заманымызда ерекше орын алып жатқанына көз жеткізді. Осы жүргізген зерттеуді пайдалы деп ойлаймын. «Өнер көзі - халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді, және жасай береді.

Ғылыми жоба жетекшісі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі : Баетова. Л. К

Аннотация

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинай отырып, оның тарихын зерттеп білу, мән мағынасын ашу.

Ғылыми жобаның гипотезасы: Қазақтың ою-өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

1. Оюдың әсем, әрі тұрмыстық салтта қолданылатынын дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.

2. Оюдың түрлерімен танысу.

3. Жинаған әдебиеттерді талдау.

4. Ою-өрнектің сән үлгісі ғана емес, өзіндік терең мағынасы бар екенін дәлелдеу.

5. Көненің көзін көрген қариялармен және шебер ісмерлермен сұхбаттасу арқылы ою өрнек жайлы мәлімет алу.

6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

Тақырыпты ашу барысында қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы:

Қазіргі заманда ою-өрнектерді орынды пайдалануда өзіндік пікірімізді айтпақпыз. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамыз.

Ғылыми жобаның міндеті:

  • Ою- өрнек - қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан көне мұрасы
  • Ою-өрнектің бірнеше түрі бар екенін, оның әртүрлі әдіс-тәсілмен дайындалатыны туралы әңгімелеу
  • Ою-өрнектің бірнеше түрге бөлінуі
  • Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу.

Гипотеза:

Егерде қазіргі кезде қазақтың ою - өрнектерін көптеген жерлерде қолданып қана қоймай, олардың жаңару жүйесінде, күнделікті қолдануда болып, біздің қазіргі заманымызда ерекше орын алып жатса

Актуальдік

Ұлттық ою - өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен-күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен олардың тарихын зерттеу.

Өзектілігі:

Ұлттық ою - өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою - өрнегінің өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу.

Зерттеу әдістері:

  • Сауалнама жүргізу
  • Сұхбат өткізу
  • Бақылау жүргізу
  • Шеберлермен кездесу
  • Энциклопедиямен жұмыс

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздік. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік.

Мазмұны

Аннотация . . .

I. Кіріспе . . .

1. 1. Қазақтың ою - өрнектерінің шежіресі . . .

1. 2. Қазақтың ою-өрнегінің даму тарихы . . .

II. Негізгі бөлім . . .

2. 1. Қазақтың ою - өрнегінің атаулары . . .

2. 2. Қазақтың ою - өрнектегі көңіл-күй мен сезім терендігі . . .

2. 3. Қазақтың ою - өрнектердің актуальдік орны . . .

III. Практикалық жұмыс

3, 1. Шеберханада

3. 2, Сауалнама

IY. Қорытынды . . .

4. 1. Қазақ ою - өрнегінің мағынасы мен тәрбиелік мәні . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

Кіріспе бөлім

Қазақтың ою-өрнектерінің шежіресі.

Қазақтың ою - өрнегі ғасырдан келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы қазақтың мазмұнды ою - өрнектерін жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер ешқашан өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Қазақтың ою - өрнектерімен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және әдемілік туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері және оның атаулары өте көп. Ғалымдар қазіргі уақытта 200 - дей түрін ғана анықтады. Әсемдікке сұлулыққа сабырлық пен төзімдікке баулитын ою-өрнек сыры тереңде жатыр. Оның мөлдір де, таза түбіне жеткен жанның қоршаған орта мен жан-дүниеден алары көп болары сөзсіз. Ою-өрнектің көне атаулары - халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады дегенмен, оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады. Ою-өрнек элементтерінде формалды түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының өзіндік терең мазмұны бар. Осыған нақты мысал ретінде ел ауызында сақталған аңыз-ертегі «Ою хан мен Жою ханды» айта кетуге болады. Оюды сөйлеткен Ою хан Жою ханның баласының өлімін сырмақтағы оюмен жеткізген. Осыдан-ақ әр оюдың терең мағына мен мазмұнға бай екенін, әрқайсысының өзінше сөйлей алатынын білуге болады.

Қазақтың ою - өрнегінің даму тарихы.

Қазақтың ою - өрнегінің өзіне тән тарихы мен даму жолы бар. Ол тарих көне замандардан сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті - б. з. б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б. VIII - III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенің қапысыз таныр едік.

Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Қазақтың ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, қазақтың ою - өрнектерінің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.

Қазақтың ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.

Қазақтың ою - өрнегінің теориясы.

Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиеленуде ою - өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі - қазақтың ою - өрнегі. Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда қазақтың 230 - дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп құарастырған. І - топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ - топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою - өрнекті теориялық жағынан негіздеу - этнолингвистикалық атаулары лексика - симантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою - өрнек тарихы халық тарихымен жасалып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі.

Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздер де бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім - кешекке, түскиізге және т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме - дәлдігін сақтамай -ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар.

Ою - өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы роль атқарады.

ІІ. Негізгі бөлім

Ою - өрнегінің атаулары

Ою - өрнектің көне атаулары - халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар - халықтың өткен тарихы рухани, мәдени - материалдық өмірінің айнасы. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сінген термин, мағынасы - сәндеу, әсемдеу.

Қазақ ою - өрнегі әлі түбегейлі, жан - жақты толық зерттеле қойған жоқ, дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этногграф, өнертанушы Садық Қасымов пен архитектор - ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген.

1. Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш») ;

Фото3712 Фото3707

2. Зооморфтық - ою - өрнек (жан - жануарлардың табиғат және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйіз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай - ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты».

Фото3693

3. Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)

Фото3709 Фото3705

Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы - ою - өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұнға ие болып жаңа түр тауыс, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда.

Қазақ және қырғыз қолөнерінде аса бір айрықша көзге түсетіндей айырмашылық жоқ, бұл екі халықтың түп тамырының бір екенің дәлелдейді.

Эпиограф Сауық Қасмонов пен сәулетші Төлеутай Бәсеновтың ою - өрнектері туралы жаззылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы, заңдылықтары бар тұтас сала ретінде таныпты. Осы салаға біріңші таңда үлкен үлес қосып жүрген білікті шебер, суретші Сапар Төленбаев шебердің оюлары ұлттық нақышты сақтай отырып, ғарыштық, зооморфтық, жаңа өсімдік мәнерінде қиылған. Жаңа ою - өрнектерді мынандай топтарға бөлуге болады.

  1. Табиғат көріністері
  2. Күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың сырт пішіні
  3. Еліміздің рәміздері

Бұл жаңа ою - өрнектер ежелгі ою - өрнек тобынан анықтамай, тек кеңестің және тәуелсіздік кезеңдерінде қосымша пайда болған еліміздің рәміздері қазақ ою - өнерінің басты тақырыбына айналған.

Қазақ ою - өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою - өрнек көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.

Ол сонау ғасырлыр қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы.

Ою - өрнек - халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға а жатпайды,

Ою - өрнектегі көңіл - күй мен сезім тереңдігі

Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзінің тұрмыс жағдайын, ақыл - парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім - тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою - өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған.

«Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» - бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен салынған.

Фото3720 Фото3718

«Аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген.

Сонымен қазақ халқының табиғат, кеңістік жайындағы дүниетанымы ертеден - ақ оның сырт пішінін кілем бетінде өрнектеу арқылы көрініс тапқан.

Сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы - ою-өрнектер дер едік. Үңіле білгенге бұл өнердің тылсым сырлары жетерлік. Ою-өрнек - ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы - рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Жаныңа ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор бұл өнердің адам баласына берері мол. Кезінде халық өмірінің негізгі бөлшегіне айналған ою-өрнек түрлерін көпшілігіміз тани бермейміз. Осы орайда сіздерді қазіргі таңда көп атала бермейтін ою түрлерімен таныстырып өтсек дейміз.

Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\img_user_file_56d5c16b4cc18_13.jpg

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\1385357033.jpg Балта - халқымыз тұтынған көне құралдардың бірі. Әрі қорғаны, әрі күнкөріс құралы. Сол себептен бұл ою көбіне төсеніш, сырмақ, алаша сынды бұйымдарға салынады. Қызыл қоңыр, көк, қара түстерге боялады.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\1385359828.jpg Қарға табан. Қарға түскен небір айшықты іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады. Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге боялады.
C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\1385360391.jpg Ит құйрық. Ит құйрық табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\gul.jpg Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\1385360858.jpg Ирек, су. "Бұлақ көрсең - көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.

http://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5548b5ed58ced/oiu-orniek-k-iiu-onieri_24.png Ботакөз. Ботакөз - сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек. Ботаның көзі іспеттес келетін бұл өрнек көбіне оюлы бұйымдардың жиектері көмкеруде қолданылады. Әсем өрнек композицияның орталық бөлігінде де кездесе береді, ою бірнеше рет қайталанғанда жиектеме түзЕЙДІ

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\1385362198.jpg Бес таңба. Оюдың бұл түрі дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. Сондықтан да, дүние жүзі халықтарының шығармалары және ТМД халықтарының еңбектеріне қойылып жатады.

Ою - өрнектердің актуальдік орны.

Ұлттық ою - өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен - күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен олардың тарихын зерттеу. Сонымен қатар үлкендердің арасында сауалнама жүргізу мен оның нәтижелерін тиянақтау мен шеберлермен кездесу кезіндегі сұхбаттарымызды айта кетсек.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?

А) киіз үй

Ә) Қошқармүйіз

Б) Аспан

  1. Оюды неде пайдаланады?

А) Кілемде

Ә) Қалада

Б) Партада

  1. Оюлар неше бұрышты болады?

А) Ұзын

Ә) қысқа

Б) Төртбұрышты

  1. Ою - өрнек неде бейнеленген?

А) Әнұран

Ә) Елтаңба

Б) Ту

  1. Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?

А) Балдақ

Ә) Ағаша

Б) Ирек

  1. Геометриялық оюларды ата:

А) Жапырақ

Ә) Мүйіз

Б) Шеңбер

  1. Жануарлар оюларына жататын оюларды ата

А) Ирек ә) түйетабан б) қармақ

Сауалнама қорытындысы:

сұрастырылғандар саны
: Сауал
сұрастырылғандар саны: 60
: Мүлдем білмейтіндер
сұрастырылғандар саны: 10
: Түрлерін біледі
сұрастырылғандар саны: 20
: Қайда пайдаланатынын
сұрастырылғандар саны: 15
: Неде бейнеленгенін білетіндер
сұрастырылғандар саны: 12
: Өсімдік оюларын білетін
сұрастырылғандар саны: 2
: Геометриялық оюларын білетін
сұрастырылғандар саны: 4
: Жануарлар оюларының түрлерін білетін
сұрастырылғандар саны: 5

Сұхбат жүргізу:

  1. Бағдат әжемнің үйіне барғанда:

- Әже, осы ою - өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп жүрсіз?

  • Менің әжем ою - өрнек шебері болған. Әжемнің қасынан бала кезімнен қызығушылық танытып, осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем.
  • Әже, қандай ою - өрнектерді көп қолданасыз?
  • Көбіне «қошқармүйіз» оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану маған ыңғайлы.
  • Ал Сіз осы оюларды қандай қолөнерде қолданасыз?
  • Мен оюларды қолөнерлердің көп түрлерінде қолданамын, әсіресе сырмақ, әбдіре жапқыш, бесікке жапқыш, терме алаша, құрақ көрпелерде.
  1. ШеберханадаНағима апай қай уақыттан бастап ою - өрнек шеберлігімен айналысасыз?Мен бала кезімнен әжелердің қасында жүріп, осы өнермен таныс болғам. Қазіргі кезде қандай жұмыстар істеп жатсыз?Мен қазіргі кезде көптеген тапсырыстарды тігіп жатырмын. Көбінесе неге тапсырыс болады?Әрине, ол ұлттық нақышта орындалған көрпе жастыққа, шапан, көйлектерге тапсырыс көп болады. Өзіңіздін жеке туындыларыңыз бар ма?Әрине бар, мен ұзатылған қыздарға жасау жасап, қалта (дорба), құрақ көрпе, сырмақ тағы басқа керек нәрселер тігемін.

III. Практикалық бөлім

Сырмақтың шетіне түсірілетін «шетою» өрнегінің сызбасы.

Изображение 089

«Шетою» өрнегінің үлгісі. Қағазды жіңішкелеу етіп қиып аламыз, өз қалуымызша мысалы, ұзындығы 30-40 см болса жетіп жатыр. Содан кейін бір элементті қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 сантиметрлік ұзын қағазымызды соншаға бөлеміз. Айталық, өзіміз таңдаған оюды алты рет қайталағымыз келді. Ол үшін 30-ды алтыға бөлеміз сонда (30/6=5) бес саны шығады. Демек, қағазымызды әрбір бес сантиметрден кейін суреттегідей жебе бағытымен бір бүктеп отырамыз. Бүктегеннен кейін қажетті ою үлгісін бір жақ бетіне сызып аламыз да, қайшымен көрсетілген тұсынан бастап қырқып шығамыз, сонда бір-бірімен жалғасып жатқан, шексіздікке ұласқан ою шығады.

Изображение 090

Сырмақтың ортасына салынатын «Төртбұрышты» ою-өрнек сызбасы.

Төрт бұрышты қағазды тең ортасынан бір бүктеп, оны көлденеңінен тағы бір бүгіп аламыз. Содан соң, қарама-қарсы екі бұрышын бір-біріне қосатын нүктелі сызық бойымен қырқып, бір жағын ғана қалдырамыз. Үшбұрыштың қайшымен қиылған қабырғасының бойымен бір немесе жарты сантиметрдей жолақ қалдырып, түзулеп сызып шығамыз. Енді ою үлгісін осы сызықтан асырмай, бірақ жеткізе жалғастыра сызып аламыз да, қайшымен қырқып шығамыз.

ІY. Қорытынды бөлім.

Қазақ ою - өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Қазақ ою - өрнегі мәдениеті
Қазақ халқының өрнектерының өзге ұлт өрнектерінен ерекшелігі
Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер
Космогониялық өрнек
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Қазақы оюлардың магиялық күші
Қазақ оюларының сырлары
Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz