Ағылшын және қазақ тіліндегі терминдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университет

29.10.2021
Тараз
29.10.2021
Тараз
Ағылшын және қазақ тіліндегі
терминдер

Орындаған:Жарасбек Ж.Р
Ғылыми жетекші:Джолшибекова К.Ж
Орындаған:Жарасбек Ж.Р
Ғылыми жетекші:Джолшибекова К.Ж

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі кезең, әсіресе, тілдің ең күрделі де бай қатпары -- терминологиялық лексиканы реттеуді қажет етеді. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түсуі, бір есептен, сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесіне де тікелей байланысты деп түсіну керек. Ғылым мен техниканың тоқтаусыз даму жағдайы, сонымен қатар, халықаралық іскерлік және ғылыми қарым-қатынасында терминологиялық жүйенің стандарталуы мен біріктірілуі соңғы онжылдықтардың өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы мәселелерге байланысты лингвисттерге, аудармашыларға, экономика-қаржы саласы мамандарына қойылатын талап пен міндет өзгерді. А. А. Реформатскийдің пікірінше, термин екі жүйенің бір уақыттағы бірлігі: логос (logos) ғылыми білімдердің жинақталған жүйесі, лексис (lexis) болса тілдің лексикалық жүйесі. Ал шындығында, логоста, лексисте, олардың қалай пайда болғанына қарамастан, терминнің мағынасын түсіну үшін маңызды. Жалпы әдеби тіл сөзінің өзі семантикалық өзгеріс нәтижесінде термин бола алады немесе терминдер арнайы жасалынады.
Термин табиғаты туралы К.Ахановтың тұжырымы бойынша: Тіл -- тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады. Күнделікті өмірде барлық салада жалпылама қолданыла беретін сөздер ыңғайына қарай түрлі-түрлі мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе, терминдердің басым көпшілігі дара мағынасында жұмсалады. Демек, дара мағыналы болу -- терминге тән, басты қасиет деп, терминнің мағыналық табиғатын дұрыс ашып береді. Терминдердің қолдану табиғаты термин туралы аныктамаларда беріліп жүр. Оларға негізінен ғылым, техника, өндіріс, т.б. салаларды алады. Біздің оған қосатынымыз өмір мен тіршіліктің зерттеуге түскен қай жүйесі бар болса, ғылыми көзқарасы бар жерлерге термин қолданылады.
Қазіргі жағдайда ағылшын тілі интернационализмдердің құрылуының қайнар көзі. Қазақ тілінде ұлтаралық құндылық болып табылатын ағылшын тілінен енген халықаралық терминдер жетерлік. Ағылшын тілінің ғылым тілі болып құрылуының соңғы кезеңін, ғылыми терминдер санының айтарлықтай өсуін XVIII ғасырға жатқызуға болады. Ғылымның, саяси қарым-қатынастың, экономиканың дамуының нәтижесінде көптеген терминдер қалыптасты. Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол -- осы құбылысты таңбалау үшін құрастырылған немесе сол жағдай үшін арнайы ойлап табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, терминология мағыналы сөздер негізінде жасалатын арнайы лексика жиынтығы және соны зерттейтін ғылым саласы.
Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени өмірінде болған өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болған ондай өзгерістер терминологиялық лексиканың қалыптасуына тікелей әсер етті. Ғалым Ш.Құрманбайұлы өзінің Халықаралық терминдер туралы деп аталатын мақаласында: Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені, дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялыларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген терминдердің мұндай атаулары тек атауыштық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Дипломатиялық терминдер
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Заң мәтіндерін аударудағы әдістемелер
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің ерекшеліктері
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Пәндер