Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі
Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тақырыбы Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері

Жазған: Абдулла Аяулым Бакытқызы

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған. 1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін. Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі -- б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI -- V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық патшалық обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI -- V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты. Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI -- IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады. Жібек Үндістанға сол кезде барған, сина патто -- кытай жібегі деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа -- жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады. Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел -- Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы Тохарлық қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. Бұлғын жолы дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда Бұлғын жолының теңіздегі бөлігі Жапонияға баратын жол деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен Яшма қақпалары бекетіне беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл -- оңтүстік жел деп аталатын жол; солтүстік жол Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған. VI -- VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар .Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл дүние патшалықтарының әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй (589 -- 618), ал содан соң Тан (618 -- 907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сайгүліктер патшасының (Түрік қағанаттары), шығыстаты адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы, сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы -- мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды; сайгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалықка бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан сон арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды. Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде -- қытай императорлары, екіншісінде -- түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген. Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен. Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII -- IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді. Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттерінің қазыналарын қалай менгергені туралы жазған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да, міне осында болтан еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүние қоңыздықпен екіжүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопы- ақыны Жалалидцин Румидің (1207 -- 1273) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара ұстамдылық пафосынатолы. Руми былай депжазган: Түрік пен үндінің ортақтіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат - жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық тілі -- мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат. Сондықтан Конье қаласында қайтыс болтан жүрек дінін жырлаушыны соңғы сапарға мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салтаны тегін емес. Қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде тауарлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардаты өзінше бір эстрада өріс алды. Қызықты ойын- сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ -- дене кимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұтады, -- деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де, Киев князіне де, Түрік қағанына да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген. Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестрлермен толықтырылып отырған. Олар сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдаты ресми емес салтанаттарда да ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын аксүйектерінің бірі Сюань-цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябка жақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. Қатан, - деп жазады осы рәсімді көзімен керген буддалық тауап етуші Суань-Цзян, -- шарап қойып, музыка бастаута әмір берді... Осы уакыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа беледі. Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың -- Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болтаны мәлім. Кучаның, Қаштардың, Бұхара мен Самарқанның, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалықдәстүрімен үштасып кетті. Иран, соғды және түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер -- жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйтілі болды. Батыстың секіргіш билерін әдетте Ташкенттен келген, иран үлтілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. Шаш биін алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар құйындай ұйтқыған Батыс қыздары биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді. Мысалы, Константинопольге Шығыс артистерінің гастрольге жиі шыгып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонакасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжүқ сұлтаны II Арсланның құрметіне I Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстур мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім. Жібек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері туралы
Ұлы Жібек жолы халықтары мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Жібек жолы
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Патшалық ресейдің бағынышты түркі халықтарының орыстандыру саясаты
Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
«Түркі» этносы және этнонимі
Иштван Қоңыр Мандоки еңбектеріндегі түркі әдебиетінің мәселелері
Пәндер