Күн радиациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Екінші дәріс.

Күн радиациясы

Күн радиациясы туралы түсінік. Әуедегі және Жер бетіндегі физикалық үрдістердің негізгі энергия көзі. Күн энергиясы болып табылады. Күннің көзі жан жақтағы кеңістікке 3, 71 . 10 26 Вт -қа жуық энергиясын жайлап таратады. Оның екі миллиардының бір бөлігі, яғни 33 . 10 4 кВт-ы ғана жердің бетіне жетеді. Әуенің сыртқы шектеріне күн радиацияның түсуі Күн көзінің Жер арасындағы қашықтығына байланысты болады. Ең кіші қашықтық (перигелий) 147*10 6 км қаңтардың екінші жұлдызында, ал ең үлкен қашықтық (афелий) 152 *106 км шілденің 5-ші жұлдызында болады. Әуеге жеткен күн радиациясының жарым жартылайы сіңіріліп, басқасы шашырылады және бұлттармен жер бетінің сыртынан шағылысады. Сондықтан әуеде радиацияның үш түрі байқалады: тура, шашыранды және шағыласқан. Жер бетіндегі және әуедегі өтетін физикалық үрдістердін негізгі қуат көзі-күн радиациясы. Әуеде радиацияның 3 түрі байқалады тікелей, шашыранды, шағылған.

Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін с п е к т р деп атайды. Күн спектрі үш бөлікке бөлінеді ультракүлгін толқындар (λ<0, 40 мкм), көзге көрінетін толқындар (λ=0, 40 мкм), инфрақызыл толқындар (≥0, 76 мкм) . Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0, 38-0, 71 мкм болғандары ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды.

Күн радиациясының ұзындығы әр түрлі электромагнитті толқындардан тұрады.

Әуедегі сәулелердің энергиясын зерттейтін метеорологияның бөлігін актинометрия деп атайды. Актинометрияда толқындардың ұзындығын микрометр (мкм) кейде нанометр (нм) арқылы көрсетеді. Толқындардың ұзындығы бойынша үлестіруін спектр деп атайды. Күн спектрі үш аймаққа бөлінеді ультракүлгін, көрінетін, және инфрақызыл. Әуенің жоғарғы шектерінде көрінетін жарыққа 46 пайызы, инфрақызылға 47 пайызы, ультракүлгінге 7 пайызы келеді. Өсімдіктердің тіршілігіндегі физиологиялық үрдістерге ұзындығы 4 мкм-ден кішірек қысқа толқынды радиация өте қажет. Қысқа толқынды радиацияны биологиялық әсері бойынша ультракүлгінге, фотосинтетикалық белсенді және инфрақызылға ажыратады. Ультракүлгін сәулелер көбінесе өсу үрдістерін, оларды баяулатады. Инфрақызыл радиация жапырақпен сабақтағы суларымен сіңіріліп өсімдіктердің өсуімен дамуына әсер етеді.

Фотосинтез үрдісінде 0, 38-0, 71 мкм толқындар бөлігі ғана жұмсалады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация деп атайды (ФБР) . Органикалық заттар түзілу үшін белгілі бір энергетикалық жарық қажет, ол белгілі бір деңгейден жоғары болу керек. Оны компенсациялық нүкте деп атайды. Жарық сүйгіш өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдары да жатады, оның мөлшері 20-35 Вт/м² аралығында болады. Осы мөлшерден жарық энергиясы төмен болған кезде тыныс алуға жұмсалған органикалық заттардың жұмсалуы, фотосинтез үрдісіндегі пайда болған органикалық заттардан жоғары болады.

Тәуліктің жарық кезеңі жылдың мерзіміне және жағрапиялық орынға байланысты болады. Экваторда жыл бойы жарық кезенінің ұзақтығы 12 сағат 30 минутқа тең болады. 21 наурыздан кейін экватордан солтүстік полюске жылжыған кезде күн қысқарады, ал онтүстікке қарай ұзарады. Өсімдіктерді күннің ұзақтылығына қоятын талаптарына қарай үш топқа бөледі: бейтарап, қысқа күндік, ұзақ күндік және аралықтарға. Бейтараптардың дамуына күн ұзақтығы әсер етпейді, қысқа күндердің дамуы күн ұзақтығы 10-12 сағаттан асып кеткен кезде баяулайды, ұзақ күннің өсімдіктері қалыпты дамуы үшін 14-16 сағат жарықты қажет етеді.

Тәуліктің жарық кезеңінің ұзақтығы жылдың уақытына және жағрапиялық белдеулеріне байланысты өзгереді. Өсімдіктерді күннің ұзақтылығына қоятын талаптарыны қарай бөледі: қысқа күн мен ұзақ күн өсімдіктері және бейтарап өсімдіктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера жайлы
Жаңғыртылмайтын энергия көздері
Жердегі күн радиациясы
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Агрометеорология
Күн радиациясының атмосферада әлсіреуі
Күн радиациясы. Күн радиациясының адам ағзасына әсері
Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері
Геоақпараттық жүйе
Топырақ температурасын өлшеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz