Саяси режим түсінігі мен түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. Саяси режим түсінігі мен түрлері.

2. Авторитарлық саяси режим және оның формалары.

3. Демократиялық принциптер мен шаралар.

4. Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: жаңа демократиялар, шығыстықазиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер .

1. Саяси режим түсінігі мен түрлері

Саяси режим - саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары болып табылады.

Саяси режим-бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады-демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі мен белсенді еместігін көрсетуші.

Антидемократиялық режим - монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т. б. ) ; шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.

Авторитаризм - демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі, мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі саяси бостандықты тежеуімен, қысым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс, т. б. ), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын-сүргінсіз.

Тоталитаризм - саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін тексеруге тырысуы.

Ақырғы шектегі антидемократиялық режимге жататындары - тирания және деспотия, сонымен бірге фашизм, расизм, апартеид, сегерегация. Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған - клика не хунта.

Демократиялық режим - жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.

Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі.

2. Авторитарлық саяси режим және оның формалары.

Авторитарлық тәртіп бұл күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік - саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезінде Чилиді, Франко кезінде Испанияны, қазіргі Иордания, Индонезияны, Морокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т. б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе Латын Америкасында жиі кездеседі.

Авторитаризм - (гр ' autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т. б. ), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.

3. Демократиялық принциптер мен шаралар.

“Демократия” - сөзі гректің “демос” - халық және “кратос” - билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекет түрі.
2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3. Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Принциптері:
1. Билік органдарын сайлау.
2. Биліктің бөлінуі.
3. Саяси пікірдің әртектілігі.
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
5. Заң.
6. Қоғамдық пікірді ескеру.
7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары:
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бойкөрсетулер.
Сессия.
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер.

4. Демократиялық қоғам белгілері
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Экономика саласында:
1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;
5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
6. Мүгедектермен, табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада:
1. Саяси пікірдің әр алуандығы;
2. Көппартиялылықтың болуы;
3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
5. Оларды іс жүзінде қолдану;
6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
8. Оппозицияның болуы;

Рухани салада:
1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т. с. с. бостандықтар жүйесінің болуы;
2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;

Әлеуметтік салада:
1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режим түсінігі және түрлері
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Саяси режимдердің жіктелуі
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz