XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Тақырыбы: XVIII ғ. - ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті:
1.Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.
Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында өте көп оқыған адамдар шағатай, яғни ертедегі түрік тектілердің әдеби тілімен сөйлеген. Олар хат жазса шұ, ұшбұ деп жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап осы хан болады деп біліп, баласын еркелетіп Шағатай тілі мәнерімен: Шұ-хан деп атаған. Сол Шоқан болып кеткенге ұқсайды.
Мұхаммед - Ханафия - кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.
Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы - Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли - Шоқанның бел атасы.
Шоқан - әдебиетші
Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір мәселелерімен де шұғылданады, қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді деген пікір айтқан еді.
Шоқанның эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі
Ауыз әдебиетінің інжу-маржандары: Ләйлі-Мәжнүн, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Қыз Жібек, Қыз Назым, Жүсіп-Зылиқа, Еңлік-Кебек сияқты ғашықтық дастандарды ұзақ таңға Шоқан сан рет тыңдаған және бала кезінен-ақ қағаз бетіне түсірген. Соның ішінде, әсіресе, халыққа өте кең тараған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырына ерекше ден қойған.
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу дастанын орыстың ақыны А.С.Пушкин Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған. Қозы мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Дастанға 1500 жыл. Шоқан әсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын жазып алған. Шоқанның эпостық жырына Иманбеков қосымша мынадай мәлімет жасады. Шоқан Едіге туралы аңызды 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның айтуымен жазып алған. Шоқанның осы еңбегін 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский Петербургте бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс т.б. эпостық жырларды зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені Едіге батыр.
Шоқан - саяхатшы
Ішкі Азияға барған 4-ғалым, бұның алдында:
1-рет 1278 жылы Марко Поло;
2-рет 1603 жылы Иезуит Гастен;
3-рет неміс ғалымы Шланинтвейт;
4-рет Шоқан Уәлиханов 1858 жылдың 28 маусымында.
Шоқанға осы еңбегі үшін 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені мен 500 сом күміс ақша берілді. Шоқан - суретші
1856-1858 жылдары Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасап алған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тастардың суретін қағазға түсірген.
Шоқан Уәлиханов қалдырған мұраның бір алуаны - бейнелеу өнері саласындағы еңбектері. Шоқан жастайынан сурет салуға құмар болады. Оның алғаш суретке еліктеуіне Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрып, жұмыс істеген орыс ғалымдары әсер етсе керек. Шоқан Уәлихановтан 150 шақты сурет қалған, ол көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында Всемирная иллюстрация, Искра, Русский художественный лист журналдарында жарияланған.
Шоқан - жазушы
Еңбектері:
"Жоңғария очерктері"
"Манас"
"Ыстықкөл сапарының күнделігі"
"Алты шаһарға сапар"
Қырғыздар туралы жазбалар
Қырғыздың ата-тегі және тағы басқа еңбектері ғылыми тереңдігімен қатар,
оқырманды баурап алады. Шоқан - Манасты зерттеуші
Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, неміс, орыс және түрік тілін жетік білген. Шоқан француз халқының ҮІІІғ. Роланды туралы жырын, Грецияның Илладасы мен Одессеясын, үндінің Рамаянасын, кавказдың нарттарын, қарақалпақтың Қырық қызы мен қырғыздың Манасын зерттеп, олардың мазмұнымен толық танысқан.
2.Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде.
Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ал ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда". Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. "Сегіз аяқ", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Желсіз түнде жарық ай", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?" сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық.
Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.
Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізді. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" сияқты шығармалар дәлел.
Батыстың өркениеті мен философиясы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани жағынан өсуіне айтарлықтай әсер етті. Ол Батыс пен Шығыс мәдениеттерін шебер ұштастыра білді. Абайдың негізгі зерттеу объектісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz