Әлеуметтану нені зерттейді


Әлеуметтану нені зерттейді
Әлеуметтану түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы Огюст Контпен қолданылды. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын, әлуметтік топтарды, әлеуметтік даму процесін, әлеуметтік шындықты, қоғамды жүйелі түрде зерттейтін сала болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтану қоғамдық өмірдегі қатынастарты зерттейді. Себебі, адам бірнеше салаларда құқықтық, еңбектік т. б. әрекет етеді. Осы жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда алеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады. Бұл ғылым ХІХ ғасырдың 40- жылдары пайда болды, яғни Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болды. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Конт - әлеуметтану терминін алғаш қолданған ғалым. Ол әлеуметтанудың алдығы теорияшыларына яғни Эмиль Дюркгеймге және Герберт спенсерге ықпал етті. Конт та теориялық әлеуметтанудың көптеген классиктері мен қазіргі заман әлеуметтанушыларының көпшілігі секілді әлеметтануды ғылыми негізде зерттеу керек деп түйді. Конт қоғам дамуының үш кезеңін қолдана отырып, әлеуметтанудың пайда болуының негіздемесін ұсынады:
Алғашқы кезеңі теологиялық кезең. Ол 1300 жылға дейін кезеңді қамтиды. Бұл кезең құдай арқылы барлық құбылыстарды түсіндіреді.
Екіншісі метафизикалық кезең. Бұл шамамен 1300 жылдардан 1800 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды. Метафизикалық кезеңде дараланған құдайлар емес, олардың орнына абстрактілі күштер, «табиғат» барлығына жауап беріп, түсіндіре алады деп баяндалады.
Үшіншісі позитивистік кезең. Адамдар абсолютті себептерді іздеуден бас тартып (Құдайды немесе табиғатты), оның орнына әлеуметтік және физикалық әлемді басқаратын заңдарды зерттеуге көңіл бөлді.
Әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік құрылымдарды түсінуді көрсететін қабілет. Ал Ч. Райт Миллтің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - әр адамның жеке басындағы қиындығын, жағдайға қарай, қоғамдық проблема және жалпы ортақ проблема деп түсіну. Мысалы Макдональсқа жұмыспен 10 адам қамтылып, тек бір адам жұмыссыз қалса, бұл ол адамның өзінің жеке басына қатысты проблема болып саналады. Егерде мүмкіндігінше ол адамға көмектесу үшін, бірінші кезекте оның мінез-құлқын, өзінің жеке көзқарасын, мүмкіндігін қарастырамыз. Ал егерде 10 адамның 5-еуі жұмыссыз болса, бұл - қоғамдық, яғни ортақ проблема болып табылады. Мүмкіндіктердің құрылымы бұл жерде іске асуы бірталай. Бұл проблеманы шешу үшін, жеке тұлғаның жағдайын емес, қоғамның экономикалық жағдайын қарастыру керек болады.
Адамдардың топтар арасындағы теңсіздікті сипаттау үшін «Әлеуметтік стратификация» ұғымы қолданылады. Жалпы стратификация (strata, stratification) - қоғамдық қабаттарға бөліну деген мағынаны білдіреді.
Адамдар билік деп топтасып өмір сүре бастағаннан бастап, таптарға бөліну бізде бұрыннан бар. Себебі, билік болған жерде әлсіз адамдар болады немесе әр түрлі кәсіби жағынан болсын, экономика жағынан қабілеті бойынша біз әртүрлі топтарға бөлінеміз.
Үстінде айтып өткендей, адамдардың иеархиялық таптарға бөлінуі қоғамдағы теңсіздікті туындатады. Стратификацияда теңдік пен теңсіздік мәселесі әрдайым актуалды тақырып болады.
Теңсіздік қандай жағдайда орын алады? Ол тек материалдық жағдайға қана тіреліп қана қоймайды, сонымен қатар рухани теңсіздік, саяси теңсіздік деген жағдайларда болады.
Теңдік қандай жағдайларға мүмкіндік береді деген сұрақты талқылайық. Теңдік болған жағдай жеке адамдардың даму ерекшеліктері, мүмкіндіктері беріледі. Тарихқа қайта оралар болсақ, Кеңес үкіметі кезінде коммунизм саясаты жүрді. Коммунизм саясаты бойынша барлық адам тең болу керек деген ереже болды. Жұмыс істеу барысында да, жұмыспен қамту барысында да, берілетін мүмкіндіктер болса да теңестіктер орын алды. Өзімнің ойымша, теңсіз бен теңсіздіктің болуы берілетін мүмкіндіктерге байланысты болады.
Стартификацияның ашық және жабық қоғам деген типтері болады. Жабық қоғам ерте кезеңдерде де болды. Ол бойынша қандайда бір қабаттан екінші қабатқа өтуге қатаң тыйым салынды. Яғни бұл жерде касталық схеманы байқауға болады. Мысалы сен құл болып туылсаң, қанша жерден амалын тауып, білім алсаңда сол топтан ары қарай жылжи алмайсың. Үнділер бұл ереже бойынша былай дейді: «Егер де осы төменгі таптағы өміріңе еш сын айтпай шүкірлік қылсаң, қүдай келесі өмірде сені жоғары таптың отбасынан туылуына мүмкіндік береді». Бұл жерде олар «Сансараға» сенетін болған. Ал ашық қоғамда бір стратадан келесі стратаға өтуге мүмкіндік жасайды. Мысал ретінде қазіргі қоғамды алсақ болады Кастаға бөліну - стратификацияның айқын көрінісі болып табылады.
Қорытындай келетін болсақ, қазіргі қоғамға әлеуметтану ғылымы, пәні ауадай қажет деп ойлаймын. Әлеуметтік қиял арқылы біз өзімізді күнделікті өмірден алшақтап ойлап, оларға жаңаша қарауға тырысамыз. Білімді алу үшін, күнделікті жағдайға емес, жеке жағдайлардың жеделдігінен арылып, жағдайларды кең ауқымда шешу маңызды. Қоғамды өзгерту қиын емес, қиыны - өзіңді өзгерту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz