Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөліну себебтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөліну себебтері

Достанова А. Д ТД-305 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қазақ хандығының құрылуы барысындағы ең басты оқиғаға - Керей мен Жəнібек хандардың өздерінің қоластындағы ру тайпалармен бірге «көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп кетуі жатады. Бұл бөлінудің маңыздылығын мынадай тарихи салыстырулар арқылы көрсетуге болады. Қазақ хандығының тарихында оның құрылуы қандай маңызға ие болса, хандықтың құрылуы тарихында біз сөз етіп отырған бөліну, яғни Керей мен Жəнібек хандардың бастауымен Əбілхайыр ханнан тайпалар тобының бөлінуі дəл сондай маңыз атқарады. Дəл сол сияқты Қазақ хандығының құрылуы одан кейінгі тарихи даму барысына қалай əсер етсе, Керей мен Жəнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Əбілхайыр ханнан бөлінуі де хандықтың құрылуы барысына дəл сондай əсер етеді.

Тарихтың осы кезеңінде Керей мен Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен - Бұғаның жауы ортақ еді. Ол - Әбілқайыр хан болатын. «Жауымның жауы - менің досым», қағидасын ұстанған Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ тайпаларының оңтүстік және орталық Қазақстаннан батыс Жетісуға, Шу, Талас алқабына көшіп баруының негізгі себептері:

1. Керей мен Жәнібек сұлтандарға қарасты Қазақ тайпаларының сол кездегі Моғолстан хандығында өмір сүретін тайпалармен этникалық және генологиялық жақындығы.

2. Керей және Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен - Бұғаның жауының ортақ болуы,

3. Бұрынғы Ақ Орда хандығының билігі мен Моғолстанның солтүстік бөлігі иелерінің ертеден бергі достық қарым қатынасының жақсы болуы,

4. Феодалдық бытыраңқы Моғолстанның Жетісудағы өкімет билігін өз қолына ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.

Осы кезде өз хандығын нығайтуға тырысқан Әбілқайыр хан, өзіне бағынбай Моғол хандығының жеріне ауысып кеткен Керей мен Жәнібекке қарсы жорыққа шығып, Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесі аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқынан мүлде айырылады.

Ал, енді Керей мен Жәнібек сұлтандарға қарасты ру - тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөліне көшуінің негізгі тарихи себептеріне келсек, ол бірнешеу.

Кез келген маңызы жоғары, салдары күшті ірі тарихи оқиғалардың өз ішінде бір-бірімен тығыз байланысты, бірінен-бірі туындайтын оқиғалар тізбегінен тұратынын ескерсек, онда Қазақ хандығының құрылуы барысындағы оқиғалар тізбегінің алдыңғы қатарында осы бөліну тұрады. Сондықтан да ешбір зерттеуші хандықтың құрылуы тарихын қарастыруда бұл оқиғаға арнайы тоқтамай өтпейді. Сол себеп ті де біз осы мəселеге, оның ішіндегі жеке-жеке сұрақтарға жауап іздейміз. Біздің ойымызша, Керей мен Жəнібек хандардың Əбілха йыр ханнан бөлінуіне тікелей қатысы бар сұрақтарға: а) бөлінудің себептерін анықтау; ə) бөлінуге түрткі болған оқиғаларды көрсету; б) бөлінудің болған уақытын анықтау; в) бөлініп кеткендердің сан мөлшерін анықтау жатады.

Осы көрсетілген сұрақтарды шешпестен бұрын, алдымен осы мəселеге тікелей қатысы бар терминдік мəселені айқындап алалық. Оған Керей мен Жəнібек хандардың «көшпелі өзбектер» елінің ханына бөлінуіне қатысты «қашып кетті», «ажырап кетті», «көшіп кетті», «өкпелеп кетті» деген сөз тіркестерінің əртүрлі əдебиеттерде айтылуы жатады.

Қазақ хандығының құрылуы жөнінде орта ғасырлық жазба деректерде ең алғаш Мұхаммед Хайдар Дулати жазып, ол: « . . . Жəнібек хан мен Керей хан одан (Əбілхайыр ханнан - Б. К. ) қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді», « . . . Керей хан Жəнібек хан сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар аз ғана топпен Əбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келген еді», - деп айтқан болатын . «Тарих-и Рашиди» авторының Қазақ хандығының тарихына қатысты мəліметтерін алғаш рет орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға 1864 жылы В. В. Вельяминов-Зернов енгізеді. Басқа дерек мəліметтерінің көпке дейін белгісіз болуы жəне В. В. Вельяминов-Зернов зерттеуінің ғылыми деңгейі мен ғылыми беделінің жоғары болуы кейінгі зерттеушілердің бəріне «Керей мен Жəнібек хандарды қашып кетті» деп жазуға мəжбүр етеді. Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінен кейін 90 жылдай уақыттан соң жазылған Махмұд бен Уəлидың шығармасында ол туралы: « . . . Керей хан мен Жəнібек хан . . . бағыну мен мойынсұнудан бас тартып, отанынан кетуді қалады. Олар [ата-бабаларынан] мұраға қалған елден бас тартып, бөгде елге [апаратын] жолға аяқ басты. Олар сыйлы адам- дар тобымен Моғолстанға апарар жолды таңдады», - деп айтылады . Махмұд бен Уəли Қазақ хандығының құрылуы туралы мəліметті «Тарих-и Рашидиден» алса да, оның мəліметтерін сөзбе-сөз көшірмей, сəл басқаша мазмұнда баяндайды. Оның де- регінде «қашып кетті» деген сөз жоқ, оның орнына «кетіп қалу», «бас тарту», «жол таңдау» секілді тіркестер қолданылады.

Осы келтірілген деректердегі өзімізге қатысты мəліметтерді саралай келе, біз Керей мен Жəнібек хандар Əбілхайыр ханнан қашып кеткен жоқ, бөлініп кетті, деген қорытындыға келеміз. «Қашып кету» жекелеген адам немесе адамдар тобының, тайпалық құрылымдағы жекелеген рулық бірліктің билеушіге бағынбай, одан қорқып қашуына қатысты айтылса, «көшіп кету» - жоғарыда айтылған топтың немесе рулық бірліктің кетіп қалуының қандай түрде жүргендігін көрсетеді. Қарастырып отырған мəселеміз əрі маңызды əрі салдарлы, сондай-ақ, мазмұны да соған лайықты болғандықтан, «бөлініп кетті» деген сөз тіркесін қабылдаймыз.

Енді мəселеге тікелей қатысы бар, жоғарыда атап көрсетілген сұрақтардың шешімін табалық.

Бірінші мəселе, ол - Керей мен Жəнібек хандардың «көшпелі өзбектер» елінің ханынан бөлінуінің себептерін анықтау болып табылады.

Зерттеушілердің көпшілігі бұл мəселеге келгенде В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбегіндегі Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегіне сүйеніп, оның мазмұнын қайталайды да, бөлінудің себептерін ашып көрсетпейді. Керей мен Жəнібек хандардың Əбілхайырдан бөлінуінің себебін алғаш рет Ш. Құдайбердіұлы Ақжол бидің өліміне қатысты тарихи əңгіменің дерегі арқылы түсіндіреді . М. Тынышпаев та «Керей мен Жəнібек хандар Əбілхайыр ханға өкпелеп, Моғолстанға кетті», - дей келе, реніштің себебіне Ақжол атанған арғын биі Дайырқожаны Қарақыпшақ Қобыланды батырдың өлтіруін жатқызады» .

Кəсіби зерттеушілер арасында бөлінудің себептерін анықтап, түсіндіруге белгілі шығыстанушы-ғалымдар А. А. Семенов, Т. И. Сұлтанов, К. А. Пищулина атсалысады .

А. А. Семенов біз қарастырып отырған мəселені арнайы түрде қарастырмаса да, өзінің кең танымал болған «Шейбани-хан өзбектерінің құрамы мен шығуы мəселесі туралы» деген көлемді мақаласында оған қысқаша тоқталып өтеді. «Əбілхайыр ханның қуатты көшпелі хандық құру жолындағы жеңістері көшпелілердің əртүрлі көшіп кетулеріне əкеліп соқтырды, көптеген тайпалардың туған даласынан басқа жерлерге кетіп қалуы олардың талқандалуы мен жеңгендердің оларды құлға айналдыруларының нəтижесінде ғана болып қойған жоқ», - дей келе, ол көшпелі тайпалардың қысқы жəне жазғы жайылымдарды пайдалану тəртібінің бұзылғанын тілге тиек етеді де, «Тобыл мен Есіл өңірлерінен Сырдария бойындағы далалы жазираларға қарай Əбілхайырдың жеңімпаз тайпаларының оңтүстікке қоныс аударуының қандай тəртіпсіздіктер туғызғандығын сезіну қиындық тудырмады, олардың жайылымдарының жаңа жер- лерге ауысуы мұндағы көшпелілердің мүддесін түбірімен бұзып жіберді, бір-біріне туыс келетін Шибан ұлысы мен Ора Ежен ұлысы тайпалары арасында жаулық қатынастарды қалыптастырады. Тағы бір жағынан осы ұлыстардағы жеңілген жошылық сұлтандар мен хандар езгіге ұшыраған рулар мен тайпаларды өздерінің мақсат- мүдделеріне пайдаланып, оларды қарсыласына қарсы қолданды, - деп жазады А. А. Семенов

20 жылдан астам уақыт бойы Шу мен Талас, Сыр өңірлерінде археологиялық барлау мен қазба жұмыстарын жүргізген археолог Мадияр Елеуов ел аузындағы тарихи ауыз-әңгімелерді де жинастырады. Оның жиған аңыздарының бірнешеуі жарық көрді. Ондағы 5 аңыздың екеуі Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуіне байланысты айтылады. Бірінші аңызда - «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті» деп баяндалады. Осы аңыздың соңында біршама жылдар өткеннен соң, екі сұлтанның Сырға қайта оралғандығы жөнінде жазылады. Ал төртінші аңыз болса: «қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап келіпті» деп басталады да, бір-бірімен іргелес жатқан екі ескі қала жұртын көріп, Жәнібек сұлтан Керейге: «Аллатағала екеумізді ажырамасын деп осы екі ескі жұртты бізге бұйыртқан шығар, қаласаңыз, біріне сіз, ал екіншісіне мен қоныстанып, қала салайық», - деген екен. Сол кезде шығысқа қарап тұрған Керей хан бетін батысқа бұрып: «Уәде, бірақ біз бұл жерде ұзақ тұра алмаспыз, аллатағала сәтің салған күні - Түркістанға жол жүруіміз керек», - депті . Екі аңызда біздің ойымшды дәлелдей түсіп, Сыр өңірі - Керей мен Жәнібек сұлтандардың ұлысы болғандығын баяндайды. Соңғы аңыздағы Түркістан аты қандай мағынада айтылғаны белгісіз, оның не қала, не Сыр өңірінің XIV-XVI ғасырдағы атауы мағынасыңда айтылып тұрғанын ажырату мүмкін емес, бірақта анық нәрсеге Сыр өңірінің де, Түркістан қаласының да Шудың батысында орналасқандығы жатады. Бұл мәліметте Сыр өнірінің Керей мен Жәнібекке «атамекен» екендігін көрсетеді.

1446 жылдан бастап Сыр өңірі Әбілқайыр ханға қарады дедік. Осы жылдардан бастап 1457 жылға дейін Керей мен Жәнібек бастаған сұлтандардың Әбілқайыр ханға наразылығы өсе түседі. Ақ Орданын мұрагерлері осы жылдарда тек өздері ғана «оппозицияда» болмаса керек. Оларды жергілікті ру-тайпа көсемдері қолдай бастаған секілді. Өйткені 1428 жылы Әбілқайыр хандыққа отыруына Дешті Қыпшақтың 71 ру-тайпа басшысы «дауыс» берсе, 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі қалмақтармен ұрысқа түсу үшін хан жарлығымен небары 17 тайпадан ғана жасақ жиналады. . Осы дерек - Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақтағы саяси өмірдің бір айнасы іспетті. Саяси билік өздерінде болмаса да жергіпікті халықтық ресми ханды мойындамайтынына екі сұлтанның көзі жетеді.

Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлінбей тұрып, алдын-ала қайда баратынын айқындап, келісіп алған. Қалай болса да екі сұлтан Әбілқайыр ханның қарсыласына кетуді ұйғарғаны «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағида бойынша, оларға моғол ханы Есен Бұға хан тиімді болады. Екі жақты өзара келісімнің болғандығын төмендегі жағдайлар қуаттайды. Біріншіден, Керей мен Жәнібек қарамағындағы ұлысымен М. Елеуовтың аңызында бір түмен елмен көшкен. Осыншама адаммен, төрт түлік малымен мақсатсыз, бағыт-бағдарсыз көшу ақылға сыймайды. Ұлыспен түгелдей көшуге қарағанда алдын-ала уағдаластық болған. Екіншіден, Моғол ханы Есен Бұға хан сұлтандарды құрмет көрсетіп күтіп алады. Бұл алдын-ала келісімнің болғандығын дәлелдейді.

Керей мен Жəнібек хандардың Əбілхайыр ханнан бөлінуінің себептерін Əбілхайыр ханның 1446 жылғы Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерді бағындыруынан кейінгі қалыптасқан тарихи жағдайлардан іздестіруіміз қажет. Оңтүстіктегі аймақтарды бағындыру нəтижесінде Əбілхайыр хан Шибан əулетінің алғашқы өкілі ретінде бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа билігін орнатады. Бұл кезде ордаежендік əулеттің өкілдері Əбілхайыр ханға қарсы шығуға күштері аз болғандықтан, қалыптасқан жағдаймен амалсыз келіседі, бірақ түпкі ойлары өз əулетінің билігін қалпына келтіру болады. Бөлініп кетудің саяси себептері осы жылдарда қалыптасады. А. А. Семеновтың айтып отырған Шайбан Ұлысы мен Орда Ежен ұлысындағы туыстас рутайпалардың біріктірілуі шибандық тайпалардың жеңістері арқылы жүзеге асқандықтан, шибанилық сұлтандар Сырдария бойындағы қалалар мен жақсы жайылымдарды өздері иеленеді де, онда шибанилық тайпаларды қоныстандырады.

Ал ордаежендік тайпалар болса, ордаежендік əулеттің өкілдері секілді қалыптасқан жағдаймен амалсыздан келісіп, ең жақсы жайылымдарынан айырылады. Сөйтіп, жоғарыда айтып өткен зерт- теушілердің əлеуметтік-экономикалық себептері де саяси себептер мен қатар қалыптаса бастайды.

Бөлінудің тағы бір себебіне Əбілхайыр ханның жергілікті ру-тайпа басшыларының мүдделерімен санаспай жоғарғы билікті жекедара иемденіп, оларды билікке араласудан шеттетуі кіреді. Кезінде бұл мəселені Т. И. Сұлтанов «бұл күрделі тақырып бірден шешіле қоймайды», - деп атап өткен болатын . Төменде біз осы мəселені қарастыру арқылы Керей мен Жəнібек- тің Əбілхайыр ханнан бөлінуінің тағы бір себебін анықтаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
VI-XII Көшпенділер мәдениеті
Қазақ хандығы – мемлекеті қалай құрылған?
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Әбілқайыр хан- Кіші жүз ханы
Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары
Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясы - «Көшпенділер»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz