Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі


Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі
Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару
Тақырыбы: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ( ТМД) елдерінің саяси жүйесі»
Жазған: Абдулла Аяулым Бакытқызы
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет - Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т. б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті. ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т. б. ) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді /2/. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда /1/. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды. Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды. Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінде ТМД-ға мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуда ұйымның ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы ТМД-ны жаңғырту мен оны жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті бағыттар жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарап, жаңа іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті достастық елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мәселелеріне тоқталды. - ТМД аумағында қызмет көрсетудің еркін саудасы бизнесмендеріміз үшін зор мүмкіндіктер туғызып, елдеріміздің сауда-экономикалық кооперациясын жаңа деңгейге шығарады. Үкіметтер басшыларының кеңесі мен Атқару комитетіне Қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімнің жобасы бойынша жұмысты жандандырып, оны жуық арада қабылдау жөнінде тапсырма беруді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының ұйымға төрағалығының нәтижелі болғанын айтып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Тәжікстан Республикасына табыс тіледі. Және мынадай қаулы жариялады:
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы
Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты.
Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды.
Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.
Маңызды ішкі факторлар ретінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақмерзімді және орнықты дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясына өтуін атап көрсеткен жөн.
Сыртқы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру қажеттілігінен, қақтығыстардың шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары
Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
- Елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
- Бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
- Орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
- Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
- Өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
- 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
- Ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Елдің «жасыл» даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
- Ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
- Шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау
- Шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.
Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, теңгерімділік, прагматизм, өзара тиімділік, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғау қағидаттарына негізделген.
Қазақстан әлемнің барлық мемлекеттерінің теңдігін, өзара мүдделерді ескеруді және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, сондай-ақ БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың үстемдігі негізінде халықаралық проблемалар мен жанжалдарды бейбіт және ұжымдық жолмен шешуді жақтайды.
Қазақстанның сыртқы саясаты мүдделердің теңгерімі негізінде құрылған, бұл ретте шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың сараланған және әртүрлі деңгейдегі тәсілдемесі қағидаты қолданылады. Аталған қағидатты қолдану:
- Басымдықтардың белгілі бір түрде құралуын, негізгі күш-жігер мен ресурстардың соларға шоғырлануын;
- Саяси және экономикалық мүдделер мен практикалық қайтарымға сәйкес адами және қаржылық ресурстардың барабар бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сыртқы алаңдағы ынтымақтастықта сараланған тәсілдемені қолдану Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық қатысуын кеңейтуді және оның шет елдердегі мекемелерін құрылымдық оңтайландыруды да көздейді. Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының прагматикалық және дербес белсенділік санаты ретінде дамудың жаңа кезеңін айқындай отырып, сыртқы саяси бағыттағы сабақтастықты сақтайды. Сыртқы саясаттың прагматикалығы оның ұлттық мүдделерге нақты бағдарлануын білдіреді. Ол өз ресурстарымызды объективті бағалауға, басымдықты және шеткері бағыттарды, оларды іске асыру тәсілдерін жүйелі айқындап отыруға негізделген. Дербес белсенділік сыртқы саясатты жоспарлау мен іске асыруды, басып озуға бағдарланған идеялар мен бастамаларды ұсынуды; халықаралық қатынастардың күн тәртібін қалыптастыруға қатысуды және Қазақстанның мүдделеріне сай келетін шешімдер қабылдауды білдіреді.
70 жыл бойы бүкіл әлемді өзіне қаратқан Кеңес Одағы ыдырай бастаған кезде кеңес халықтары олардың саяси қайраткерлері, тіпті халықаралық қауымдастық өздерінің алаңдаушылықтарын байқата бастады. Бұған көптеген себептер де болды. Кеңес Одағы көпұлты, экономикалық және әскери потенциалы зор держава болуына байланысты ол саяси жағынан бүтін бір социалистік системаны құрып, оны басқарып, бүкіл әлемде өзінің ықпалын мол көрсетіп отырды. Бүкіл дүние жүзінде социалистік қоғамды орнатқысы келген Кеңес Одағы ерекше қаруланған милитаристік пиғылдағы ядролық держава ретінде танылды. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылған бұрынғы кеңестік жоспарлы экономика тығырыққа тіреліп, өзінің шешімін таба алмаған түрінде жаңадан құрылған 15 мемлекеттін үлесіне тиді. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан территорияларында орналасқан дүние жүзіндегі ең күшті ядролық потенциал басқарусыз қалып, бүкіл әлем халықтарын және көптеген мемлекеттерді үрейлендіре бастады. Бұрынғы КСРО басшыларының солақай саясатына байланысты өрши түскен ұлтаралық дау-жанжалдар ерекше қауіпті жағдайды қалыптастырды. Мұның өзі 300 миллион халқы бар әлемнің алтыншы бөлігінде азамат соғысы қауіпін төндірді. Осы кезеңде барлық бұрынғы одақтас республикаларда азаттық қозғалыс жоғарғы деңгейге жетіп, саяси-экономикалық жағдайды басқару жергілікті ұлттардың саяси элитасының қолына көшті. Бірақ республикалардағы ұлттық күштер әртүрлі саяси бағытта болды. Олардың ішінде тек саясатты алға қойған бірақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жөнді білмейтін топтар немесе Ресейге сүйеніп бұрынғыша екінші рөлде болғысы келгендер, бұрынғы КСРО кеңістігінен толық бөлініп, тез арада таза этникалық мемлекет құрғысы келген радикалдық ұлттық топтар және қалыптасқан жағдайға салқын қандылықпен қарап, тәуелсіз мемлекеттерінің ірге тасын байсалды және көрегендікпен қалай бастаған саяси күштер де болды. Ең бастысы, жаңадан пайда болған мемлекеттер алдында шешілмейтіндей көптеген проблемалар шықты. Бұрынғы біртұтас экономиканы, өнеркәсіп орталығын бөліп, олардағы жұмысты ұйымдастыру, көп ұлтты республикаларда саяси тұрақтылықты сақтап қалу, шеқараларды делимитациялау, транспорт, авия және байланыс жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, толық істен шыққан бұрынғы қаржы системасының проблемаларын шешу т. б. болды.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық еледр үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамассыз етуге негізделіп, нарық экономикасы принциптеріне сәйкес құрылады. Бұл ТМД аумағында өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға; экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге; жұмыс күшімен алмасуға; қаржы- несиелік, сыртқы сауда, кедендік және валюталық саясатты келісуге және сол сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. 1994 ж. 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады. 1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Ресей кедендік одақ құрды, оған 1998 ж. Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Мысалы 1995 ж. Кедендік одақ елдерімен тауар айналамы Беларусьте - 68%, Қазақстанда - 40%, Ресейде - 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар айналамының жалпы өсімі 7% -ға жетті. 2000 ж . 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүщелері - Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғыстан және Тәжікстан үкіметі басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа ұйым 2000 ж. 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылды. Бұл ұйымның басты мақсаты - осы қоғамдастыққа енетін бестіктің шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халыаралық құқығы бар ұйым болып саналады. Қоғамдастықтың жоғарғы әкімшілік тұл ғасы 3 жылға сайланатын бас хатшы болып табылады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы - ТМД-ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде микроэкономикалық, валюталық, қаржылық және әлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды. ТМД елдері басшыларының 1995- 1997 жылдары қабылданғаншешімдері Ынтымақтасчтық еледрінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық өзара қатынастар тәжрибесі интеграцияның жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсетті. Мәселен, ең алдымен, екілік (Ресей мен Беларусь), одан кейін үштік (Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 ж. Ол Тәжікстанның кіруіне байланысты төрттік одақ болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде ТМД-ның барлық елдері (Түркіменстанды қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді. 2009 ж. 27 қарашасында Минск қаласында Ресей, Беларусь және Қазақстан өз аумақтарында біртұтас кедендік кеңестік құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды. Орталық Азия одағына кіретін елдер (Өзбекістаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол сияқты екілік одақ төрттік одақтың белсенді мүшелері болып табылады. ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы әлі де бастапқы сатыда. Әлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтың интеграциялық топтардың тәжрибесіне көз салсақ, ТМД еледрі толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес. Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық кеңестікті қалпына келетіру ТМД елдеріне әжептәуір экономикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ивестиция салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1, 5 есе арттыруға болады. Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20% -ға, металлургия өнеркәсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға төмендетуге мүмкіндік туады. ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда баланысын 15-20 млрд Ақш долларына арттыруға болады. Ең бастысы, ТМД елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz