Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Көмекші өндірістің материалдық шығындарының есебі ... ... ... ... ... ...14
3. Еңбек ақы шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
4. Үстеме шығындардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе

Негізгі өндірісті тұтынатын, өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады. Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар", "Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады. Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды. Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңында аякталмаған өндірістің
Қолданылған әдебиеттер
1. Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. М: Финансы и статистика, 2000
2. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Учебник. /Под ред. Н.К.Мамырова. Алматы: Экономика, 2003
3. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Управленческий учет. Учебник. Алматы: Экономика, 2004
4. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета. Пер.с англ. Под. ред. проф. Я.В.Соколова. М: Финансы и статистика, 1996
5. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд. 3, доп. и перераб. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002
6. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002
7. Сатубалдин С.С. Учет затрат на производство в промышленности США. М: Финансы и статистика,1980
8. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стретгиялық жоспарлау және талдау (Кәсіпорында басқарушы есепті құрудың методологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы. Алматы: Дәуір, 2002
9. Ткач В.И., Ткач М.В. Управленческий учет: Международный опыт. М: Финансы и статистика, 1994
10. Управленческий учет. Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2000
11. Бухгалтерлік есеп шоттаының үлгі жоспарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Қаржы Министрлігінің 21.10.03 жыл. 372 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен. Бухгалтерлер бюллетені №10, наурыз .2004 жыл. Алматы , Бико баспа үйі 2004 ж.
12. Қазақстан Республикамы бухгалтерлік есеп беру туралы 26.12.95 №2732 Заңы, 24.06.2002ж 329-11. Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар. Егемен Қазақстан . 28.06.2002 ж.
13. Бухгалтер есептің стандарттары жіне әдістемелік ұсынымдары. Алматы, Кәусар бұлақ, 1999 ж.
14. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. 65.052.Н.17.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------4
1. Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама-------------------------- -
--6
2. Көмекші өндірістің материалдық шығындарының есебі-----------------------
14
3. Еңбек ақы шығындарының есебі------------------------------ ---------------
-------19
4. Үстеме шығындардың есебі------------------------------ -------------------
---------21
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------24
Қолданылған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
-----------26

Кіріспе

Негізгі өндірісті тұтынатын, өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Көмекші өндірістің
шығындарын есептеуге 8030 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп
аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке
талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің
өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың
үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс
бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен
де бағалауға болады. Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына,
тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар
бойынша есептеп шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар",
"Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы
құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды
бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс
объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен
анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың
жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін
табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша,
ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы
баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын
құрайды. Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот
(тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот
бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке
алынған шығындары қосылады және айдың соңында аякталмаған өндірістің сомасы
алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің,
жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – көмекші өндіріс шығындарын есепке алу
әдістемесін оқып-үйрену, зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес
жұмыста көмекші өндіріс шығындары, соның ішінде материалдық, еңбек ақы,
үстеме шығындардың есебі қарастырылған.

1. Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама

Негізгі өндірісті тұтынатын, өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр
станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және
т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 шоты арналған және ол
"Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір
өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу
"цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар
талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім
түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын
номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді.
Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-
энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс
мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны,
жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің
біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен
қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр
етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама
ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады
және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк
автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт
цехы жендеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін
автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал
тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік
құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік
өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша)
есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі
кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады,
сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалық аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл
цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бүндай қалдықтарды есептік
кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық
бухгалтериясына беріледі.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік
(басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 - "Көмекші өндіріс"
шоты дебеттеліп, 1350 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын
тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін
тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші
цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су
қайнататын қазан цехы бойынша – будың тоннасы, компрестік қондырғы -
қысылған ауаның кубаметрі, электростанция - киловаттсағаты, автотранспорт
— тоннокилометрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі
анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті
тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша
немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
"Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және
көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс
жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік
құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің
өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген
қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға
босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған
құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады. Екінші бөлімнің
деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң
өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030
шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын
бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым
және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей
өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар
(электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары,
автомобиль көлігі) болмайды. Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін
шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің,
жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді
талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс
цехтары жатады.
Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық,
жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар болсын делік. Олардың ішінен
жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі
қарапайым цехтар қатарына жатады.
Қарапайым өндірістің калъкуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің,
қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша
калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын
сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп
барып).
Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға
8030 шотының кредитінен есептен шығарылады.
1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 3262600 тенге
құраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал-жабдықтарды
жендеу бойынша) — 218938 тенге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен
қызметі (есептік құны бойынша) — 478399 тенге құраған.
1 тонна будың есептік өзіндік құны - 231 тенге құраған (өткен айдағы нақты
шығындарының деңгейінен алынған).
Ағымдағы айда жылыту үшін 17966 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің
көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады:
Тұтынылған тауарлар,
көрсетілген қызметті
тұтынушылар будың көлемі, кызметтің кұны,
_________________________________то нна________
____теңге______
1. Негізгі өндіріс цехтары:
-кесу цехы 3737
863247
-пішу цехы 3626
877606
- дайындау цехы 3675
868925
- аяк киімді тігу цехы 3250
780750
2. Жалпы және әкімшілік
қажеттілігіне жұмсалғандары 2033
489623
Негізгі тұтынушылары
бойынша жиыны 16321
3880151
3 Көмекші өндіріс цехы:
- жөндеу-механикалық цехы

1675 386925*
Барлығы
17996 4267076
* 1 тонна будың есептік өзіндік кұны 231 теңге кұраған
Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік құнының бірлігі
223,64 теңгеге тең болған (3880151 : 16321). Негізгі тұтынушыларға
көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (237,74 тенге)
және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының
шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.
2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны
23700 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал
автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 4268023 тенге құраған, қарама-
қарсы қабылданған қызметтің деңгейі - 317326 тенге құраған (жөндеу-
механикалық цехының көрсеткен қызметі). Өткен айдың нақты өзіндік құны
туралы мәлімет бойынша бір ткм-дің жоспарлы өзіндік құны 221 тенге
құраған.
Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтің сомасы цехтар
бойынша мынаны құраған:
бу қазан цехы бойынша - 503438 тенге (2278 ткмх221);
жөндеу-механикалық цехы бойынша - 128180 тенге (580 ткмх221).
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға
көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3953731 тенге құраған
(4268023+317326-503438-128180). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің
келемі 20842 ткм құраған (23700-2278-580). Негізгі тұтынушылар бойынша
шығындардың жалпы деңгейін (3953731) негізгі тұтынушыларға көрсетілген
қызметтің көлеміне (20842) бөлеміз де, 1 ткм нақты өзіндік құнын табамыз,
ал ол біздің мысалда – 187,7 тенге құраған (3953731:20842).
Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың талдамалық есебі жөндеу
түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-
жарақтар, модельдердің (үлгілердің) түрлері немесе топтары бойынша
жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы
немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс
қалдықтары, ағымдағы айдың ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды
азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс
қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс
қалдықтары көрсетіледі. Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы
тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы
тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядында және басқа қүжаттарда тапсырыстың
нөмірі көрсетіледі. Бұл жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға
қажет. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады.
Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады
және сол қайтарылған материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.
Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің
өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың
үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс
бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен
де бағалауға болады. Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына,
тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар
бойынша есептеп шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар",
"Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы
құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды
бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс
объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен
анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың
жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін
табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша,
ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы
баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын
қүрайды. Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстары мен көрсетілген
қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот
(тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот
бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке
алынған шығындары қосылады және айдың соңында аякталмаған өндірістің сомасы
алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің,
жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін "Көмекші өндірістің
қызметтерін тарату кестесі" деген аналитикалық кестесін жасаймыз.
Көмекші өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші
бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны
анықталады, (қарсы қабылданған қызметтің өзіндік құны қосылып, қарсы
көрсетілген қызметгің өзіндік құны шегеріледі).
Екінші бөлімде алдымен негізгі тұтынушының тұтынған қызметін табады
(ол біздің мысалда: бу қазаны бойынша - 13057, ал автотранспорт цехы
бойынша -16454 болды). Содан соң негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің
нақты өзіндік құнын (2920049; 3185021) сол тұтынушының тұтынған қызмет
санына бөледі (13057; 16454). Егер де біз жоғарыда алынған қызметтің
өзіндік құнының бірлігін (223,64) көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің
санына көбейтсек (13057), нәтижесінде, негізгі тұтынушының көрсеткен
қызметінің нақты өзіндік құнының сомасын аламыз. Онда әрбір цех бойынша
жоспарлы өзіндік құны көрсетілген.

2. Көмекші өндірістің материалдық шығындарының есебі

Көмекші өндірістің материалдық шығындарының есебі 8031 шотта
жүргізіледі. Қорларды басқарудың негізгі мақсаты: шикізаттан дайын өнімге
дейін – қорладың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін
анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады.
Қорлардың оптиамальды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар сұраныс пен
өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған
деңгейлерді тұрақты түрде қадағалап отыру керек.
Қорлардың оптимальды деңгейі керекті кезде керекті материалдың
керекті мөлшерінде болғанын мақсат тұтады, бірақ оның да барынша ең аз
шығынмен қамтамасыз етілгені жөн. Ол үшін әр түрлі материалдар бойынша
қолда бар мөлшерінің нақты есебі жүргізіледі.
Материалдық қор бөлімі алынған тауарларды тауарды алу туралы
хабарламасына (ТАХ) енгізеді және қойма карточкасының графасына “қабылдап
алынды” деген жеріне сәйкес қажетті жазуларды жазады. Тауарды алу туралы
хабарламаның көшірмесі сатып алу бөлімі мен бухгалтерияға жіберіледі. Сатып
алу бөлімінде тапсырыс орындалды деп белгі соғылады, ал бухгалтерияда
тауарды алу туралы хабарлы нақты алынған тауарларға төлем жасау үшін
жабдықтаушылардың шотымен салыстырылып тексеріледі. Сосын ТАХ-на аударылған
тауарлар туралы жазулар, Бас кітаптің қорлар есебі кітапшасына
материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің саны мен құны жазылып қояды.

Өндіріске босатылған материалдардың есебі “қоймадан босату талабы”
(ҚБТ) деген құжат негізінде бақыланады. Қойма меңгерушісі ҚБТ-дағы
мәліметтеріне сәйкес қоймалық карточкаларға “Босатылды” деген колонкакасына
жазулар енгізеді.

ҚБТ бухгалтерия алғаннан кейін, онда тізімделген материалдардың әрбір
түрлері бойынша сомасы мен бағасы қойылады. Босатылған материалдардың әрбір
түрі бойынша осы мәліметтер қорларды көрсететін Бас кітаптың сәйкес шотының
“Алынды” деген белгісі бар колонкасынан алынады. ҚБТ-ғы ақпараттар, Бас
кітаптың әр түрлі шоттарынан, олардың “Мөлшерін”, “Бағасын”, “Сомасын”,
тиісті колонкаларына көшіріледі және материалдардың нақты түрлері бойынша
әрқайсысының қорытындысы және мөлшерінің балансы есептелінеді. Таңдап
алынған бағалау әдісіне байланысты босатылған материалдың әрқайсысының
құнына не тапсырыс нөмері бойынша тиісті шығындарына енгізілуі керек, не
тиісті ҮШ-на жатқызылады, бұл кезде қажетті ақпараттар бастапқы құжаттардан
алынады.
Материалдардың есептік процедурасы 4 суретте сызбамен көрсетілген.
Алынған тауар туралы Қоймадан босату
хабарлама (ТАХ) талаптары (ҚБТ)
Қоймадан есеп карточкасы
Қабылдап алынды Босатылды
жазу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Аяқталмаған өндірістің бағалануы және есебі
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Кәсіпорынның негізгі өндіріс шығындарының есебі мен аудиті жайлы
Өнім мен көрсетілетін жалпы шығарылым
Басқадай өндіріс шығындары
Қаржы. Дәрістер кешені
Өндіріс шығындарын есепке
Тауарлы материалдық қорлар есебі
Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру негіздері
Пәндер