Даланың алып қоңырауы


Даланың алып қоңырауы
Қазақ халқының азаматтық тарихында және бүкіл қоғамдық ой-пікірінде Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. ХІХ ғасырдың соңында басталған революциялық-демократтық қозғалысы туып, дами бастаған тұста аренаға шығып, қоғам дамуна түбегейлі атсалысып, қазақ жерінде оқу-білімнің, бүкіл ағарту ісінің, демократтық-педагогтік көзқарастың негізін салды, өз заманының озық шамшырағы болды. Ол салған із қазақ педагогикасының тарихыннан ойып тұрып орын алғаны сөзсіз. Ол - қазақтың кирилл әріпіндегі алғашқы оқулығы «Қазақ хрестоматиясының», араб графикасындағы «Мактубат» жинақтары арқылы ақын, аудармашы, публицист, теолог, этнограф, методология саласында алғаш із салған тұңғыш ғалым. Сондай-ақ қазақ даласында кирилл әрпімен қазақ тілінде газет шығаруды империялық билеушілердің алдына мәселе етіп қойып, сол газеттің макетін сызып, мәтінін дайындаған баспасөз қайраткері, ұлттық мүддені мемлекеттік ауқымда ойлайтын ғұлама. Оның сол ғасырдағы көзқарасы, біріншіден қазақ халқының келешегін дұрыс қоюға, екіншіден, сенімсіз дүмше молдалардың өлшеусіз қанауынан халықты құтқаруға, үшіншіден, қазақтың әзірге жойылмай келген, ешқандай дін ықпалына түспеген, тәжрибелік негізге сүйенген ұлттық дәстүрін сақтауға негізделген еді. Әсіресе халықтың болашағын алаңдап, мектеп ашып бір жүйеге келтіруге орасан күш жұмсады. Оның педогогикалық ұстанымдары бүгінгі білім мазмұнында да өз мәнін жоғалтпады. Мектеп жасына дейінгі оқытуда да оның шығармалары мен еңбектеріне міндетті түрде жүгінеміз. Оның бір өлеңінде:
«Ұмтылып оқу, білім, өнер іздеп
Халыққа қарап тұрсам бізден өзге.
Замана бір де түлкі, бірде қасқыр
Һәр нәрсе болды ылайық пиғылымызға. . »-деп сол заман адамдарына ғана емес, ғасырдан астам уақыт өтсе де біздің өмірімізде ойып орын алатыны айтпаса да белгілі. Сол себепті ағартушының тұшымды ойлары уақыт өткенімен өз мәнін жоғалтпады.
«Тәрбие - тал бесіктен» осы бір ұстанымның астарында үлкен мән жатыр. Ғалым ғұмырының соңына дейін ес кірген бүлдіршіннен бастап оқу, тәрбие, тәртіп секілді адамның гумандық ұғымдарын түсіндіруге сол бойынша алғашқы баспалдақтарды құрастырды. Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп қарауымыз керек. Осы талап пен міндеттерді орындалудағы ең бір пәрменді құрал - оқу, тәлім - тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты - бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс - тәжірибе шеңберіне енгізу.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог. Ы. Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамның өзара қарым - қатынасы, жастарды еңбекке баулу.
Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанған. Бұл бүгінгі білім жүйесінде өз маңызын әлі жоғатпаған құндылықтардың бірі. Мысалы, оның бізге қалдырған шығармаларын біз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқытсақ баланың білімі мен тәрбиесінің алғашқы баспалдақтары мығым қалануына себепші болар едік. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі бала бойында жаңаны тануға, жақсы мен жаманды айыру секілді қасиеттерді қалыптастырады.
«Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!» - деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым - білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық - білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей - жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген. Біз де қазіргі таңда бүлдіршіндерді барынша мектепке дайындау мақсатында, заманға сай ойната жүріп ойлауға жетелеудеміз. Осы мақсатта біздің балабақшамызда білім беру жүйесі мен педогогикалық кадрлары бір ізге келтірілгенін атап өткен жөн.
Ы. Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл - насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер - білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды. Ы. Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерінен көрінеді.
Шығармаларында оның өнерге деген ықылас - ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін, адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.
«Сиса көйлек үстінде,
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған»- деп, педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы. Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену, талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.
Адамның жеке басының мінез - құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата - ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, одан соң балабақшада жалғасып, содан соң мектепте жүзеге асатынын ескерген жөн. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азаматтар еді. Өз заманының ақыл ойшылдары ірі қоғам қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы. Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты: қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп - интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Қоғамның заңды тіршілік етуі тек қана халықтың ағартушылық деңгейі қоғамдық және дара санының дамуы арқылы мүмкін болатынын тарихи іс тәжірибе көрсетіп отыр. Сол үшін бүгінгі білім жүйесіне де үлкен реформа қажеті анық. Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Осыған сәйкес балабақшалар да осы талапқа сай болуы керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр. Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz