Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Алтынбаева Гүлбану Ардаққызы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Бүгінде Алтайдан Атырауға дейін созылған алып мекенде, Қазақстан деген тәуелсіз мемлекетте ғұмыр кешудеміз. Кезінде осы жерді, күллі Орта Азияны түркі тайпалары мекендеді. Кейін қазақ халқын қалыптастырған ру-тайпалар біріге отырып, бейбіт жолмен Қазақ хандығының байрағын көтерді.
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы: ...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр[1; 3-б.] - деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын.
Расымен, Қазақ хандығы іргелес мемлекеттермен салыстырғанда бір орталыққа топтасқан мемлекет екендігімен ерекшеленеді. Сол замандарда-ақ қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті, шаруашылық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері, ең бастысы, территориясы болған еді. Бірліктің болуының арқасында этностық тұтастықты сақтап, сыртқы жауға төтеп берді.
Халқымыздың осындай мәдениетінің бүгінгі күнге жетуі шетелдік ғалымдарды таң тамаша қалдырады. Себебі, этностың ыдырамай сақталуы кез келген халықта кездесе бермесі анық.
15 ғасыр хандықты құруға сәтті уақыт болды. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан іргесін бөлек салып, Моғолстанның шекаралық аймақтарына қоныстанды. Олардың бұл әрекеті ел шетіне кету емес, көшпелілердің қалың санының қоныс аударуы еді. Жаңа саяси орталық құрудан бөлек, әлеуметтік себептерді жатқызуға болады деп ғалымдар түйіндейді. Әбілқайыр ханның жеңілісі, салықтарды көбейтуі халықтың ызасына тиді. Халық Керей мен Жәнібекті жақтай бастады.
Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулат Тарих-и Рашидиде былай деп жазады: Әбілқайыр хан өлген соң Өзбек ұлысында бұлғақ (өзара қырқыс) басталды. Қауіпсіздік пен береке іздеген әркім, қолынан келсе, Керей мен Жәнібек ханға кетті. Осыған байланысты олар едәуір күшейді.
Олар әуелі қашып, өздерінің көп халқынан бөлініп, біраз уақыт дәрменсіз, жалқы тұрғандықтан, оларды қазақтар деп атап, бұл атау оларға бекіп кетті [2]. Керей мен Жәнібек өз халқын өзбек-қазақ, қазақ деп атады.
Моғол ханы Есенбұға Керей мен Жәнібекті өз кезегінде пайдалануға тырысқаны белгілі. Оларды қол астына келген жай билеушілер ретінде таныды. Алайда, халықтың көптігі мемлекеттің күщеюіне, іріленуіне әсер етті. Есенбұғадан кейін таққа отырған Жүніс хан қызын Жәнібек ханның ұлы Әдік сұлтанға ұзатты. Осылайша, 1470 жылы Қазақ Хандығы нығая түсті.
Қазақ хандығы тарихының дамуы, кемелденуі әлем тарихының күрделі дәуірімен астасып жатты. Хандық құрылғанда жалпы әлем бойынша көптеген саяси оқиғалар болып жатты.
Негізгі ерекшеліктері:
Біріншіден, Еуропаның күш-қуаты артып, Африка, Америка және Азия құрлықтарын отарлауға кірісті.
Екіншіден, отты қару-жарақпен мұздай қаруланған әскері басым мемлекеттер отарланған халықтарды қырып жойды.
Үшіншіден, оларды мәдениетінен, рухани байлығынан айырудың тәжірибесі жинақталды.
Орта ғасырлардың аяғына қарай шаңырақ көтерген Қазақ мемлекеті әлемдегі шым-шытырық оқиғалармен тұспа-тұс келді.
Қазақ хандығының құрылуы туралы ой-пікірлер өте көп. Олардың бірі, Қ.Салғараұлы Қазақ тарихы журналында Анығына жетіп, ақиқатын айтайық деген үндеу сипатындағы мақаласында: ... Бұл орайда өзгелерге қарағанда жазу-сызуы кеш дамыған біздің халқымыздың тарихында басып ашып, нақтылай түсер мәселелер көп-ақ. Несін жасырамыз, біз әлі күнге қазақ мемлекетінің, дәлірек айтсақ, Қазақ хандығының нақты қай жылы құрылғанын да білмейміз. Себебі қазақ хандығының дәл қай жылы шаңырақ көтергенін ғылым әлі анықтаған жоқ. Әзірге әр ғалым өз болжамын алға тартумен келеді [3, 41-42] - дейді. Журналдың бастамасымен 1993-1995 жылдары журнал беттерінде Қазақ хандығының қай жылы құрылғандығы жайлы мақалалар шықты. Әр тарихшы әр түрлі жылды ұсынды. Мәселен, Ә.Хасенов - 1445 жылы, Қ.Салғарин - 1456 жылы дейді. Тарихшы-ғалымдардың пікірлерін 2 топқа жіктеуге болады:
Бірінші топқа - Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ханнан 1456 бөлініп, Қазақ хандығының негізін 1465-1466 жылдары негізін қалады деген пікірлерді жатқызуға болады.
Екінші топқа Т.Сұлтановтың олар Әбілқайыр ханнан 1459-1460 жылдары бөлініп, хандық негізі 1459-1460 жылы қаланды деген пікірі жатады.
Үшінші топқа А.А.Семенов пен С.К.Ибрагимов пікірлері жатады. Зерттеушілердің пікірінше, Қазақ хандығы 15-16 ғасырлар шені мен 16 ғасырдың 30-40 жылдары жүзеге асқан.
Негізінен, көптеген зерттеушілердің пікірі бірінші топқа жатады. Дегенмен олардың пікірінде онша айырмашылық жоқ. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ханнан 15 ғасырдың орта шенінде бөлініп, Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдары құрылды деп жуықтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Пәндер