МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Сахариева Бакыт Дуйсеновна
КМҚК «Бастау» балабақшасының тәрбиешісі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылы
Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Ыбырай Алтынсарин
2021 жылдың айтулы даталарының бірі - ұлт ұстазы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы. Қазақ балалар жазба әдебиеті Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығынан бастау алады.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен жазылып, айтылып, насихатталып келе жатыр.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, сөзге орамды, тілге ұстамды азамат болып ержетуіне Балғожа атасының ықпалы зор болады. Атасының сөйлесе сөзге шешендігі, әрі жанынан жыр шығаратын қасиеті немересіне үлгі болады. Жас жеткіншек Ыбырай сол дәуірдің өзге де балаларындай, ең алдымен ауылдағы молдадан мұсылманша оқып, сауатын ашады. Екі-үш жылдай молдадан сабақ алған немересінің зеректігін, ынта-жігерін байқаған Балғожа би Ыбырайды Орынбор округі бойынша Торғай облысында қазақ балаларына арналып ашылған жеті жылдық мектепке береді. «Үміт еткен көзімнің нұры балам . . . » деп өлең-хат жазып, немересінің болашағына үлкен сенім артады. Ыбырай оқу жылдарында ата-əжесін, ағайын-туғанын, ауыл-аймағын сағынған сəттерде осы өлеңді оқып, өзіне күш, жігер алады, есейе келе оны өмірлік тұмар етіп тағынады. Өзге жастарды да оқуға, өнерге тарту мен талпындырудың ұтымды құралы ретінде пайдаланды. Бұл жазылған өлең-хат бар қазақ баласына ықпалы жайылған өлең болды, тұңғыш оқу кітабы «Қазақ хрестоматиясында» жарияланды. Көреген, дана атаның тәрбиесі мен сол заманның озық мектебінен білім алған Ыбырай бойындағы бар білімін өз ұлтының балаларына дарытуға бүкіл ғұмырын арнады.
Ыбырай əңгімелерін үш топқа бөлуге болады: бірінші тобы-новеллалар; екінші тобы-ауыз əдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі əңгімелер; үшінші тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер. Ғұламаның шығармаларының барлығы дерлік адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбек-сүйгіштікке, əділдікке, жақсылыққа, өнерпаздыққа, шынайы достыққа шақырады. Жақсылыққа əуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды. Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар еңбегінің бірі - оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік- танымдық мәнінің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой-қиялдың табиғи түрде жазылуы болып табылады. Осы құнды қасиеттерді бала бойына сіңіру үшін отбасынан бастау алған тәрбиені мектепке дейінгі ұйымдарда жалғастыру қажет.
Балабақшада күнделікті тәлім-тәрбие құралы ретінде қазақ ақын-жазушыларының, балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің балаларға арнап жазылған өлеңдері, әңгімелері кеңінен қолданылады. Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жас ерекшелігін ескере отырып «Қатынас» білім беру саласында қолдануға болады. Балаларға арнап жазған «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б. әңгімелері әдептілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балаларға Ыбырай әңгімелерінің сюжеті бойынша суреттерді көрсете отырып, мазмұнын түсіндіру, ертегілерді рөлдерге бөліп ойнау арқылы қоршаған орта жайлы түсініктерін қалыптастыруға болады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсариннің шығармалары таптырмас құрал.
Ағартушы бала тəрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мəн берген. Ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызын есіне салатын ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Ананы отбасының құты деп құрметтеген. «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын былайша паш еткен:
Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін . . .
Жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», -деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Жазушы «Бақша ағаштары» атты белгілі əңгімесінде тəрбиенің не екенін қарапайым ағаштармен салыстыру арқылы былайша сипаттап береді:
Жаздың əдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
-Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
-Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді атасы.
-Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы.
-Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе əбірет алсаң болады; сен жас ағашсың, саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің» .
Бұл əңгіменің ата-аналар үшін де, балалар үшін де тəрбиелік мəні зор. Балаға жас күнінен дұрыс тəрбие беру оның болашақ өмірі үшін өте қажет. Есейіп кеткен соң оның қисығын түзеу қиынға түседі. Ыбырай Алтынсариннің бұл əңгімесі бала тəрбиесінде қазір де басшылыққа алатын басты ұстаным болып саналады.
Сондай-ақ «Бір уыс мақта» әңгімесі арқылы баланы еңбекке баулып, ұқыптылыққа шақырады.
«
Бір кішкентай қыз, әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты. Балам дүниедегі жаратылған жанды- жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды, - деп, Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады.
-Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас, - деді.
Шешесі:
-Балам сол да жерде қалмайды, - деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып мақтаны тұмсығына тістеп қана алып ұшып кетті. Қыз әжесінен:
-Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті. оны неғылады?- деп сұрады. Әжесі айтты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz