ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Ахметбекова Назгүл Асқарбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, №2 шағын орталықты орта мектебі
Nazgul.kta@bk.ru 87077865037
Аннотация: Мақалада ұлы қазақ педагогы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларының заманауи білім беру жүйесін жаңғырту жолдарына сабақтастығы қарастырылған. Мақалада Ыбырай Алтынсариннің бірегей кемеңгерлік тұлғалық қасиеттерін шыңдаған үш түрлі өркениетті орта өзара бірлікте сипатталады. Қазақ елінің апайтөс Ұлы Даласында білім мен тәрбие беретін оқытудың жеке және жұптық формаларының өзіндік ерекше мектеп ретінде дамығандығы ғылыми-әдіснамалық заңдар мен қағидалар негізінде баяндалады.
Аннотация. В статье рассматриваются вопросы интеграции просветительства Ибрая Алтынсарина современным тенденциям преобразования и реформирования системы образования в Казахстане. В статье характеризуется неразрывное единство трех благодатных сред, на основе которых формировалась неординарная целостная личность Ибрая Алтынсарина. Функционирование индивидуальной и парной форм обучения в своеобразных школах Великой бескрайной Степи казахского народа излагается с позиции законов и положений научно-методологического анализа.
Abstract. The article deals with the integration of enlightenment Ybyray Altynsarin modern trends of transformation and reform of the education system in Kazakhstan. The paper is characterized by the indissoluble unity of the three blessed environments, on the basis of which formed an integral eccentric personality Ybrai Altynsarin. The functioning of the individual and the pair forms of learning in schools peculiar Great boundless steppes of Kazakh people is presented from the perspective of the laws and regulations of scientific and methodological analysis.
Тірек сөздер: ағарту ісі, білім беру, ұстаз, бәсекеге қабілеттілік, педагогика.
Ключевые слова: просвещение, система образования, учитель, конкурентоспособность, педагогика.
Key words: education, the education system, teacher, competitiveness, pedagogics.
Бұл мақалада мәдениет пен оқу-ағартудың туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұраларының маңызы жөнінде баяндалады. Ыбырай Алтынсарин - Қазақ хрестоматиясы деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Халық педагогикасы саласындағы оның тәлімгерлік ой-маржандарын оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда, үлгі-өнеге ретінде пайдалануда берері көп.
Түйін сөздер: педагог, тұңғыш мектеп, оқулықтар, рухани қазына, педагогикалық идеялар.
Әр халықты болашаққа бет алған тарихи даму жолында өшпес жұлдыздай болып есімі ерекше аталатын ірі тұлғалары болады. Соның бірі қазақ даласында өмір сүрген, қазақ халқының данасы, дара ұстазы- Ыбырай Алтынсарин. Өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог, қазақ балаларына білімнің кілтің ұстатып, қазақ балалары білім, ой, нәр алсын деп, жан сезімі, намысы оянсын деп, мұратқа жетсін деп, тұңғыш педагог қазақ даласында алғашқы мектеп ашатын болды. Өнер- білімнің қандай жолға апаратын, біз өзіміз қандай мақсатқа жететінімізді өз көзбен көріп паш еткен дара ұстаз. Қоғамның санасын Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндап эстетикалық таныммен пәлесапалық қағидаларымен тұжырымдап отырды. Қазіргі таңда ұстаздың сабағында жаңа техналогия әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқу секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттардыорындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жүгерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: Ал енді құдай басыма не салсада, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабыма еш уақытта да қайтпаймын, -деп Н. И. Ильминскиге (1884 жылдың 14 қыркүйегі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтарымен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесінде пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында. 1864 жылы қазақ сахарасының төлінде бұрын құлаққа шалынбаған жақа әуеп-баларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушысының осы жолдағы алғашқы жеңісі, қазақ халқының өміріндегі әлуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Осыдан біржарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқу-ағартудың туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұраларының маңызы ерекше. Ә.Сыдықов Ыбырай Алтынсариннің педагогокалық идеялары және ағартушылық қызметі атты еңбегінде Ыбырай ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық принциптерін: Алтынсаринның педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында, пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық жүйе болып табылады.Онда көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдай да, өзіндік ой-пікірді де орынды айта білу де бар деп түйіндейді. Сол заманның өзінде дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп таныған Ыбырай өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе отырып, табандылықпен жеңе білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын берік ұстанған. Қазақ халқы деген - оқу-білімге сусап отырған халық, әттең бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің.Бұл жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз,-дейді. Н.И.Ильминскийге жазған хатында. Оның халықтан қаражат жинап, мектеп ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуді, оқулық, әдістемелер жазып таратуы - Қазақтарға, осы дарынды ақылы мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру - қалай дегенмен аса қажет болып отыр дегені пікірінің іс жүзіндегі көрінісі. Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп Баланың жеке басының ақыл-ойын өсіру үшін, мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру керек.,- дегенді алға қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан-жақты білім беру мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып жатқандай.Ол оқу процесін ұйымдастыруда:
1. Мұғалімнің рөлі
2. Оқу материалдық базаның шешуші маңызы
3. Оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан ұқыпты тексеріп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден қояды. Мұғалімдердің білім көтеруі үшін мектеп кітапханасына педагогикалық-әдістемелік кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Жақсы білім беру керек, қалай болса солай оқытуға болмайды.Оқытатын кітаптар ғылымға негізделуі тиіс,-деп, қалай оқыту, не үшін оқыту керектігі жөнінде педагогикалық талдаулар жасаған. Өз іс-тәжірибесінде дүние жүзі педагогикасының классиктері Я,А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,К.Д.Ушинский т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алып,өзінше қолданып байытып отырған. Ыбырай халықтық педагогиканы да ең басты орынға қояды. Оқу - ағарту саласындағы еңбектерінде, өзінің төл шығармаларында да халықтық негізді, дүниетанымды, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, ізгілік қасиеттерді арқау етеді. Ыбырай мектептегі оқытуды, негізінен, ана тілінде жүргізді.Сол кездегі белең алған жаттамалы оқуға қарсы шығып, олардың оқыту әдіс-тәсілдерін сынға алады. Зерттеу еңбектерінде, бірінші сатыда - тіл дамыту, екінші сатыда - әліппе бойынша оқыту, жазу, үшінші сатыда - оқу кітабы бойынша оқу, жазу, салыстыра оқыту, сыныптан тыс оқыту сияқты жүйе бойынша оқыған шәкірттері қысқа мерзімде сауаттанып, тез меңгергендігі айтылады.Орыс тілін меңгертуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Пәндер