Биолог мамандарды даярлауда зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастырудың әдістемелік негіздері


Биолог мамандарды даярлауда зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Қазақстанда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтік этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отырғандығы анық. Мұның өзі миамандардың жаңа бағытта, тың идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген, құзіреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман даярлау мәселесін шешудің жолдарына бағытталғанын аңғаруға болады.
Сондықтан республикамыздың барлық жоғар оқу орындарының алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Биолог мамандарды даярлауда негізгі мақсаты білім беріп, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де өзін-өзі толық жұмылдыра алатын білімді, шығармашыл, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту - заманның талабы. Болашақ биолог мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Мәселен білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуді қолға алу ең ұтымды шешім. Сонымен бірге оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және биологтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Биолог мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Биолог мамандардың құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуы керек. Білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек. Аталған білім саласы ғылыми бағытта болғандықтан болашақ мамандарды жаңа зерттеу әдістерін өздігінен меңгере білуіне дағдыландыру керек. Жасалып жатқан жобасын зерттеу іс-әрекетінде жобалау технологияларын тиімді пайдалана алуына мүмкіндік туғызу керек. Өзінің жеке ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті арқылы танымдық қабілеттері мен әлеуметтік-мәдениетін жетілдіре отырып ғылыми ортада коммуникативті қарым-қатынас орната алуы тиіс. Жаңа білім мен біліктілікті, жаңа білім саласын қоса алғанда өзінің тәжірибелік қызметінде өз бетімен жинақтап, қолдана алуы керек. Ғылыми негізделген зерттеудің әдістері мен технологияларын меңгеру, педагогикалық және психологиялық мәселелерді зерттеуде ақпараттарды жинақтауды, талдау жасауды, өңдеуді білуі басты шарт.
Биолог мамандарды зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастырудың әдістемелік негіздерін меңшгеруіне кеңірек тоқталып кетер болсам, зерттеушілік құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиынтығын, яғни, зерттеушілік құзіреттіліктің әдістерін үйрену аса маңызды болмақ. Зерттеу барысында сандық және сапалық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдансақ, зерттеу жұмысы нәтижелі болары анық.
Зерттеуде құбылыстар мен процестерді жобалауда нақты фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибелерге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну -мазмұнды әдіс болып табылады. Мазмұнды әдісте жобаны бақылау, тәжірибелік жұмыс, сұхбаттасу, пікір алмасу, сауалнама жүргізу, жобаға талдау жасау, зерттеу, эксперимент жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдісте-құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде жүзеге асады. Мысалы құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан модельдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісінде- зерттеу міндеттерін, мақсатын, бағытын, мазмұнын, әдістерін, нәтижелерін теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойын, қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Әңгімелесу барысында құбылыс пен процестің түп төркінін айқындауға болады.
Эксперимент жасау әдісі- арнайы жасалған құралдар мен аспаптар арқылы жүзеге асады. Мәселен Зерттеуде болжамды жасау немесе гипотезаны қалыптастыруды, содан кейін жүйені бақылау арқылы деректер жинауды қамтиды. Сонымен бірге зертханалық эксперименттер бақыланатын эксперименттер болып табылады, бірақ зертханалық қондырғыдан тыс басқарылатын эксперимент жүргізе аласыз! Бақыланатын эксперимент кезінде тәжірибелік топты бақылау тобымен салыстырасыз. Бұл зерттеу арқылы арнайы аспаптармен жұмыс істеу арқылы, эксперименттік мәндер алып, оларды өңдеу барысында кездесетін әртүрлі проблемаларды шешу және бақылауда ұстау, сонымен бірге сараптау әдістерін меңгереді.
Модельдеу әдісінде- зерттеу жүргізуде жаңа интерактивтік əдістер қолдануболып табылады. Модельдеу әдіс сандық білім ресурстарын, танымдық, сараптау, қолдану өрісін, шығармашылық, дарындылық қаситетерін дамытудың маңызы зор. Ақпарат көздерінің қолжетімділігі, көптігі, алуантүрлілігі, студенттерді тұлға ретінде жан жақты дамытады.
Жоғарғы оқу орындарында білім беру бағдарламаларының қайта қалыптасуы (модульдік, ) ресурстық мүмкіндіктерінің кеңеюі (электрондық залдар), соңғы техникамен қамтамасыз етілген жаңа ғылыми зертханалардың ашылуы, биолог мамандарын даярлауда оқыту үрдісінде инновациялық əдістерді қолдануды оқытудың халықаралық стандарттарына сəйкес жүргізу қажеттілігін көрсетеді жəне талап етеді. Оқытудың инновациялық əдістері жаңа əдістерімен сипатталатын, оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі тəжірибелік жұмыстардағы жаңалық.
Инновациялық оқытудың белсенді əдістері мен түрлері кəсіби білімді меңгеруде студенттердің шапшаңдығымен жəне белсенді ойлауын тəжірибелік жұмыстарын жігерлендіреді. Қойылған барлық мақсат, міндеттерді, оқыту принциптерін орындауға мүмкіндік береді. Оқытудың жаңа əдістері мен əдістемелерін енгізу білім беру жүйесінің қайта құрылуын қарастырады. Студенттердің білім сапасын, арттыру əртүрлі тақырып бойынша оқыту əдісін дұрыс таңдай білу жəне қолданумен тікелей байланысты. Студенттер дəріс материалдарын өзбетінше немесе оқытушы жетекшілігімен меңгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz